Жай қанатыңды!
Сермеші,
Қазақстаным!
Қазақстаным!
Күн жаңа туды!
Кернеші аспан тұстарын.
Әуе батыры - Әубәкірұлы
арқылы
арқылы
Болды-ау бақыт -
ғарышқа ғажап ұшқаның.
ғарышқа ғажап ұшқаның.
Отыз жыл аттай ойлаған арман, үмітке!
Өзегі толған
өкініш, өкпе, күдікке,
өкініш, өкпе, күдікке,
Жаһанды баққан
жаратқан ием, қуат бер,
жаратқан ием, қуат бер,
Жұлдызды қуған
мынау қоңыр жігітке!
мынау қоңыр жігітке!
Арманын көріп, көзінің жасын бір сыққан,
Түрікті кеше
түгендеп келген Нұрсұлтан!
түгендеп келген Нұрсұлтан!
О, дүние! Оның түсінер ме едің сол сәтін
Күбірлеп тұрған:
"Сақта,- деп,-
"Сақта,- деп,-
тілден, қырсықтан!"
Қазақы мінез - қаусырған жалпақ туысты,-
Оңы мен солын,
Батысты, байтақ Шығысты,
Батысты, байтақ Шығысты,
Қақ жарып көкті
ағысын көріп қазақтың
ағысын көріп қазақтың
Бүкіл дүние
көздерін алмай тұрысты!
көздерін алмай тұрысты!
Самға, Тоқтар! Тоқтамай солай жүйткі Сен!
Қақ дабылыңды, Дала боранындай ұйтқы Сен!
Бар қазақтың жүрегін
алып барасың,
алып барасың,
Құлдыққа көнбес Ұл
боласың ба, бүйтпесең!
боласың ба, бүйтпесең!
Жай қанатыңды, топшыңда күштің қос бәрін,
Республикам - Еріктім менің, бостаным.
Тарихи таңның
шапағат нұрын жамылып,-
шапағат нұрын жамылып,-
Ерлігің сенің -
Елдердің басын қосқаның.
Елдердің басын қосқаның.
Солардың адал тілегі бізді оңғарсын!
Асықпа, бауырым,
алатын алда заңғар шың!
алатын алда заңғар шың!
Топалаң жылды
тойға ұластырған ғажайып,
тойға ұластырған ғажайып,
Тарихта солай
Тоқтарың тартқан жол қалсын!
Тоқтарың тартқан жол қалсын!
- 132 просмотра