ВЕРНУТЬСЯ

             Аптаға созылған Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы
туралы әсерлер мен ойлардың басын біріктіріп айтып шығу, әсіресе іле-шала айту
мүмкіндігі қиыннәрсе.
Ол уақыт өте  жинақталатын, қорытылатың жұмыс. Басты мақсат
- тарихымызда тұңғыш рет қазақтардың басын қосып, біздің халықтық, ұлттық
барлығымызды, жоғымызды түгендеу - қадір-қасиетімізді, әдетсалт, ғүрпымызды
қайта бір еске түсіру, түгендесіп алған соң, әрі қарайғы заман, уақыт
керуенінде қалай бағыт алып, қалай өсіп-өну - мемлекетімізді қалай басқарамыз,
соны ақылдасу. " Менің өз ойымша осынау ұлы мақсат артығымен орындалған.
Құрылтай бүкіл халқымыздың қлттықмерекесіне  айналды. Ұлттық мереке деген сөз - ұлттық
қуаныш деген сөз ғой. Бұл -
жиі бола бермейтіндігі өзіне басқа, халықтың қайта тірілу, қайта жандану
қуанышы. Ия, ол үшін кер замандар керуен жолында бүкіл халықтық қасірет дауымен
дүниенің төрт бұрышына шашылып кеткен
қазақтың басын қосу  құрылтай шақыру
керек болды. Ол үшін - ең алдымен, еркін, дербес мемлекет болуың, ой-әрекет
бостандығына ие болуың, қазақша айтқанда «өз қолың өз аузыңа жету» керек еді.Құрылтай
қазаққа тікелей қатынасты толып жатқан ірі-ірі, толғаулы, толғақты мәселелерді
қозғады, қандағы, жүректегі жиналған мұң-шер, армандарды сыртқа алып шығып,
жалпы қуаныш теңізінің толқынында ойнатты да ойлатты. Бір апта бойы өзгені
қояйық, байтақ қазақ даласы езінің ежелгі де, қазіргі иесі қазақ деген халықтын
атымен күндіз-түні жаңғырып, тербеліп тұрды. Бұл ең алғашқы құдіретті даусымыз,
үзілмес үніміз еді. Қуанышта шек болған жоқ, әр қазақ үйінде жайылған дастархан
ұласа-ұласа келіп, әлемге аңыз болған берекелі, дуалы ұлы қазақ дастарханына
айналды. Бүкіл дүние уақыт таршылығынан жиырылып, «жоқ, жок» деген бір сөздің
сұмдық тұтқынында тұрғанда, қазақ даласы барлықтың, байлықтың, кеңпейіл жомарттық,-
тың тағы да үлгісін көрсетті. Құрылтай дастарханы қазақ дархандығының
айнасындай еді Қысқасы, Құрылтай дүние, әлем алдында қазақ деген халықтың кім
екенін бейнелеп шықты. Әлгі «Құрылтай ез мінезін, өз міндетін ақтады» дегенде,
алдымен осыны еске түсіреміз.Қазақ өзінің тарихи ұғымында тіл мен көзден қатты
сескенетін халық. Осынау дербестік алған бір жыл -
біздің бүкіл ғасырлық ресми
сөздер мен шолу, мағлұматтық құжаттарда саналып, айтылып жатқан тарихи мазмұндағы
істерді қайталап жатудың қажеті бола қоймас.
Бір жылдың ішінде бүкіл әлемге - «қазақ деген халыктын, Қазақстан деген елдің»
бар екенін, бар бол- ғанда қандай, керемет байлық, қазына мекені екенін білдіріп,
танытып шығудың өзі неге тұрады? Дүние тануының белгісі - Біріккен Ұлттар Ұйымына
толыққанды мүше болу, оның Бас Ассамблеясында қазақ басшысы Нүрсұлтан Назарбаевтың
сөз алуы қандай мархаббат! Өркениет, мәдениет, қоғамдық дамудың ең жоғарғы
сатысында тұрған Америка, Англия, Франция,Италия - Европа жетекшілерінде қазақ
мемлекеті өкілдерінің осынау бір жыл ішінде толып жатқан саяси, экономикалық
алыс-беріс алмасу, айырбастау шарттары, іс сапарлары қаншама, енді ел соның
жемісін
күтуде. Енді Құрылтайға қайтып
оралсақ - қазақ мемлекеті оның басқару үкімет орындары, қоғамдық ұйымдары мен ұлтқа
жанашырлары мынау ғажайып кең ауқымдағы
құрылтай жиынын ұйымдастыру, жүзеге асыруда асқан ақыл, керемет күш-қайрат,
іскерлік пен ауыз бірлік танытты. Бүл - біздің үлкен жемісіміз. Республикадағы ұлттар
өкілі, жалпы қазақстандықтар жерлес- тік, отандастық намысқа шапты, жан аяған
жоқ, бәрі де ат салысты. Бүл да - үлкен татулық, бірлік атты жеңісіміз еді.
Әйтпесе, не айтарым бар, бүкіл қазақ сағынысып, көрісіп, мәре-сәре болып
жатқанда бір жағында бүлік шығып жатса, не болдың?! Пәле қайда дерің бар ма,
жан-жағың толған өрт, өрттің барматын
жері жоқ, қайнап жатқан қуаныш, мерей, бақыт, қазына, лас бірдемені етіп бара
жатып, лақтыра салатындар әбден табылады ғой. Құдай, аруақ сақтады десеңші!
Біздің ұлы қуанышымыздың бір себебі - Құрылтайымыздың бақытты басталып, бақытты
аяқталуы дер едім. Үлкендігіне өлшем жоқ мұндай Ұланғайыр істе жетістіктермен
қатар, кемшіліктер де жүреді. Жұмыс неғұрлым қомақты болған сайын, оның «әттеген-айы»
да бадырайып көрінер болар. Жалпы қазақ той өткізуде алдына көп жан сала бермейтін
халық. Бүл - совет заманының үйреткең нәрсесі емес, оның қашанғы қасиеті,
жаратылысымең бірге біткен қасиет. Ол - кең сахараны еркін жайлап, алыс-алыс
қоныс теуіп, сапар, жол мінезін біліп, жолаушының, қонақ, мейманның
қадір-қасиетіне мол жетіп, құрмет жасап, «аузынан жырып беріп»,
дастар-хандасып, дөмдесіп өткен халық. Оның кеңпейілдігі мен жан жомарттығын
мың жылдар бойына әлем саяхатшылары мен тарихшылары тамсана жазып, тауыса алмай
кеткен. Енді сол қазақтар сол қасиетін іштегісі бар, сырттағысы бар, бәрі
жиналғанда, Астанада, тіпті Алатау бауырында, Дегересте, ат жарыс, бәйге, мүше,
ұлттық серуен сайран да тағы айқын көрсетті. Ат тұяғының дүбірі мен жүрегі қоса
соғатын, аузында аруақтың аты, қаны шымырлап, арқасы дуылдап кететін қайран
қазекем әлі ешқайда кетпеген екен, әсіресе
шеттен келген бауырлардың бәйгеге доллар, франк дейсің бе, неше түрлі қымбат бұйымдар
дейсің бе - бәрін тігіп, бір-бірінен асырып кеткен бәсекеде шек болмады. Озған
тұлпардың да бақыты таудай екен, үстіне алтыннан жабу жапсаң - жететіндей еді. Құрылтай
жабылардағы осы күнгі той көрінісін суреттеп шығу қиын. Сонау Ұлытау мен
Қаратау бауырындағы Түркістанға жеткен той керуені, ондағы ғажайыптарды мен
суреттей алмаймын. Ал мынау Алатау бауырындағы қазақтың хандары мен
батырларының атын атап қонған ауылдар қыр астынан қаз жұмыртқаларындай
ағараңдап көрінгенде, соны көрген кезімізде бақыт бар екен дейсің. Бұл күндерді
сонша халыққа қызмет көрсетіп, еңбек сіңірген біреу болса - ол қазақтың тілі, ол
қазақтың әні мен жыры, талантты ұл
мен қыздары еді. Міне, той тарқап жатыр, ал қазақтың әні мен күйі әлі шыр- қалып,
әлі тартылып, сонау жолға шыққан бауырларын шығарып салып, әлі жаңғырып түр. Мұндайда
«халық бір жасады» деген сөз «мың жасадымен» бірдей еді. Өйткені мың жылда бір
жасалған бас қосу ғой бұл. Бұлай қуанып көрмеген, тарыла-та- рыла қушиып қалған
кеудеміз мына кернеген керемет қуаныш
тасқынынан жарыла жаздап, шақ тұрды-ау!
 
Халықтық
қуаныш дегенді өз басым баяғыда бір коргенім бар. Әлгі бүл - сирек құбылыс -
деп отырғаным сол. Ол - 1945 жылғы 9 май - жеңіс күні еді. Сонда халық деген мұхиттың
бір тасығанын көргенмін. Мынау қазақ Құрылтайы да сондай әсер етті маған. Иә,
бүл да бүкіл бір халықтың апаттан аман қалып күрып бара жатып, қайта тіріліп,
сағыныштан сарғайып бітіп, жүзіне қайта қазақы нұры жиналып, күреңіткен кезі
ғой, бүл. Ол - қанның тулап, жанның тебіренген хүсы. Тек осындай тұста ғана
өнердің не бір шүрайлылары - өлең, жыр, ән, күй тасқыны қайнап шығар болар.
Әлгі бүкіл дала ән салып тұрғандай болды дегеніміз сол. Шынында да халықтың,
қазақтың әншілігі осында тағы бір
көрінді.Бұл ғажайып кең, биік әннің аты қуаныш еді!Біз соның құстай самғаған
қанатында аспанымызды бір аралап шықтық...
Әрине, мұндай тарихи оқиғаның, бүкілхалықтық алып
тойдың, жоғарыда айтқандай, өне бойында кемшілік көрінуі де табиғи нәрсе.
Әсіресе
тұңғыш жа- салған дүниенің бойында асығыстық, қапылыстық болмай тұра ма? Той
үстінде айқай-дауымыз, шуымыз, даңғазалығымыз да көрінді. Ұйымдастырудағы
ала-құлалық, баяғы бір қызғаншақтық, өзімізге келгенде іштарлық, қолға тиген
уақытша билікті пайдаланып қалу, әкім- қойлықпен жақынын жарылқап, алысын
алалау секілді қазақ бойындағы кеселдер де сыртқа шықпай қалған жоқ. Мысалы:
пәлен ай сарқылып қызмет атқарып,
шырылдаған дауысы алысқа кетіп,
жар шақырып, жағы талғанша сөйлеп, халықты тік көтерген ақын-жазушылар, әнші,
күйші, музыкант, суретші, сәулетші дегендей өнерпаз қауым мен ғылым
қайраткерлерінің - халықтың қаймағының әлгі мүше, құрмет, сый үлестіруге келгенде
сыртта, салтанат сарайына кіруге зар болып, билет таба алмай сасқанын немен
түсіндіруге болады? «Ақбай қатын алады, Петрушка суға түседі». Мына 70 жыл
бойына қырсық әдеттің, талантты қорлатып үйренудің салқын ызғары әлі еседі. Сол
ызғардың әлегінен де 37-нің қақпанына алдымен түскен де ел жақсылары болатын.
Бар игілікті әкімдер пайдаланып, өзгеге сүйек-саяқ ұсыну әріден келе жатқан
кесапат болса, оны қазекең екі есе өсіріп жіберетін әдетінен Әлі арымаған. Сол
сарайда кім болмады, бірақ елге керектілер аз болды. Әлдекімнің келін-кепшігі,
бала шағасы басып кетті. Ал Құрылтай қазақтың қазіргі қолда бар жақсыларын,
азаматтарын жинау, көрсетуге арналып еді ғой. Алыстан келген бауырларға
көрсетіп алған кемшіліктің бірі - кемшілік емес, бақытсыздығымыздың сар-қыты -
жергілікті қазақстандық қазақтардың көбісінің тіл білмеуі, сол арқылы қазақы
мінез, жақсы салттың иісінің шықпауы
еді. Қонақтар баспасөздегі, радио, теледидардағы пікірлерінде осыны көп айтып,
өкініш білдірді. He қазақша мектебі, оқу орны, баспасөзі жоқ, жат жерде қазақтың тілі мен салтын
қызғыштай қорғаған олар өз жерінде отырып, мәңгүрттікке ұшыраған бізге
таңданбағанда не істесін. Біздің ортада мұсылман- шылықтың иісінің де аз екенін
байқады. Көрші ағамыздан жұққан бір кесел - тентек суға шамадан тыс әуестік
ерлерімізді қойып, әйел қауымның шарапшыл, шылымшыл болуына керемет қынжылыс
білдіргені рас. Біз бәрін де істеп, еліктеп болып, дербестік алған соң қайтадан
тазару, жаңғыру талабында екенімізді түсіндіріп баққан болдық. Одан соңғы ол
бауырлардың тағы бір сақтандырғаны - жік-жікке, жүзге, руға бөлінудің осынау
жалпы рухани бірігу ұраны тұсында қайтадан бас көтермеуі. Ия, бәрінен қатты
қырсық - осы, өйткені құрылтайдың ең басты үраны, идеясы, мақсаты - бірлік
болса, әлгі қырсық соның тікелей жауы ғой. Бір тәуір азамат арамыздан шықса -
«ол біздікі, біздің рудан, біздің таудан, біздің судан!» деген көкірек сөздер
естіліп қалғанын көріп, денеңнен ызғар жүгіріп өткендей болады. О, ол қалмас
қырсық, кемімес кесел, егер сен көзге көрініп тұрған адам не нәрсе болсаң, басынды
алып, не қиратып тастар едік-ау! Құрылтай, Ұлы қазақ жиыны туралы ізі суымай есте
тұрған алғашқы әсер осындай. Шетте жүрген қазақтар көңілінде сонымен Ел
сағынудан гөрі, Жер, Атамекен сағыну сезімі басым екенін аңғардық. Жер баяғы
болғанмен Ел баяғы емес, әуелі бізге Елдікті дұрыстау керек екенін өзіміз де тағы сездік. Қазір мемлекет
басындағы адамдарды тағы да табынатын ағаш құдай жасамай, мадақтамай,
жағымпазданбай, оларға жәрдемдесу керек, күтіп тұрған алапат асу, қиын өткелдерді
жеңуге шақыру керек. Талантты, ақылды, іскер азаматтарды топтаған үстіне топтау
керек. Біз әлі ауызға ерік беріп, қол тұсаумен келеміз. Ic, ic, тағы да ic
керек. Құрылтай үстіндегі қуаныш қанатымен самғау бетте сол шырқау биіктен
жерге жиі үңіліп, көрінген кемшілік, бадырайған олқылықты анық көріп, солармен
айқасқа шығуымыз қажет. Бостандық алу жолында жан айқайымыз қалай шыкса, енді мынау
рухани өрлеу тұсында да сондай шындықшыл, батыл дауыс керек. Тарихи Құрылтайдың
бізге оқып берген сабағы осы.