ВЕРНУТЬСЯ

       Көк күмбез, айналайын, аспан сенен, 
Мен саған жастан
сүйіп, жастан сенем,
Биікте не шаруам
бар сен болмасаң,
Қаншама жердің
бетін басқанменен.
Басыңды көтеруге аспан керек,
Табиғат құмнан
өзге, тастап бөлек.
Бәрі де ұмтылады
көкке қарай
Өсуге дәметкендей
достан комек.
Мақтандық,
"жақындаттық көкті біз" деп,
Қашанғы таза
орыннан боқтық іздеп,
Шимайлап, тесіп, ұңғып,
тінтіп, бұзып,
Шірендік
бүлдіргенге "мықтымыз" деп.
Кешір сен, көне
түрік көк тәңірісі,
Біз болдық нағыз
аруақ соққан кісі.
Айналды қайран
аспан қазан түпке,
Арылмас ыс пен
түтін, оттан іші.
Солқылдап, жер өкпесі
қабынғанда,
Ауаны жалғыз жұтым
сағынғанда,
Жалынып көк
аспанға қараушы еді,
Тәубе ғып жан
ашыры табылғанда.
Сол еді жерге жалғыз болысатын,
Қаншама алғанымен
алыс атын,
Жер, суды жалмап,
жұтып болғаннан соң,
Аспанмен кезек
келді алысатын.
Не керек, айтып-айтпай өкініштен
Біз болдық
өкпесін жеп, өтін ішкен.
Айқайлап,
"аспан асты кең" деп жүріп,
Дем алып, тыныс
табар жер түгескен.
Белгісі Жаһан жайға адам қастық -
Ақырзаман шегіне қадам бастық.
Үй қираса, үй
саларсын орнына,
Аспанды қайта
салып ала алмассың.