ВЕРНУТЬСЯ

Июнь айының алғашқы күндерінде Қостанайда күн
кереметтей суып, бұлттар бұршақ құйып, кей жерлерде боз қырау білінсе керек.
Бір
аптадан соң, қайтадан шілде түсіп, күн күйіп ала жөнелген тұста біз барыппыз. Биыл
көктем басында, осынау ұлан байтақ өлкеде, алдында ғана февраль соңында жауған қалың
қар күрт еріп кетіп, солтүстік Арқаның жамырауық өзендеріне жан беріп, тайдай
тулатып, өрден ылдиға, әлдеқашан
құрғап, өліп қалған көл
табандарына сулық толып,аңғал-саңғал сайларға ауысып, оларды жарылқап, одан енді
бәрі қосылып келіп, ежелгі екі өзен - Аят пен Тобылды толтырып жіберген. Талай
жыл жол түсіп, барып жүргенімізде, кіші Аят өзені түгіл, атақты Тобылдың өзінің
бөлініп-бөлініп, әр жерде жылтырап болмашы суының өзі азайып, ашып кеткенін көріп, жанымыз ауыратын еді.Оның
үстіне жылдағы қар суының ә деп еріп, жиналған аз қорының өзін әр жерге су
қоймасын салып,сақтап қалу қамы - Тобылдың өз арнасында онша көп су
қалдырмайтын. Жер астынан күндіз-түні темір суырып жатқан атақты алып өндірістер - Соколов-Сарыбай,
Лисаков, Кашар рудниктері, оның Рудный Лисаков секілді тез қаулап өскен
қалалары суды қанша керек ететіні белгілі ғой.
Сайып келгенде, бүл өлкеде су проблемасы - шешілуі тым ұзаққа созылатын, тұрақты
проблема.
Ең үлкен мәселе - республикада егінге арналған жердің
үштен, төрттен бір бөлігін алып жатқан Қостанай өңіріндегі қар тоқтатып, жерге
ылғал ұстау мәселесі. Биылғы жыл - әлгіндей бүкіл өлкеде аз мерзімді көктемде
талайдан бері көз көрмеген мол судың болуы арқасында осы жоғарыдағы екі салада
- қала, далада - мол қуаныш әкелген жыл болып тұр екен.Ендігі арман, сол
жердегі мол ылғалдың арқасында қаулап көтерілген қалың егіннің алғашқы өркенін
сақтап қалу.
Оны сол дер кезінде, яғни июль ортасында жауған жаңбыр
сақтамақ. Осы, осы күндерде жауын тілеген
халық көңілі қабыл болғай деп, бар жүрек, жаныңмен де тілейсің. Әйтпесе, мынау
күн санап отыз градусқа иек артып тұрған аптап ыстық сол жаңа еркенді қуратып жіберуі әбден мүмкін.
-        Тым
болмаса, бір күн жауса екен қазір! - дейді егін шеберлері қашанғы мамандар, -
июльдің басында өзінен өзі жауады. Жауынның жылдағы мінезін білеміз ғой. Біз -
жазушы, журналистер, жолаушылар елдің көңілі аса бір жайдары кезде - халық
шаруасының екі үлкен науқаны - егін егіп болу кезеңі мен пішен дайындау кезеңінің
дәл ортасындағы аздаған бір тыныс кезеңінде, сәтіне (өйткені ол - бар болғаны
бір апта немесе он күн) кезіккен екенбіз. Оның үлкен мәнісі, қуанышы бар. Ел
жаңа ғана тындырған жұмысы мен болашақ жұмысы туралы әңгімелеп беруіне қолы
тиетін шақ екен.Өз басым ұзақ жылдар бойына творчествоның түгелдей дерлігін осы
Қостанай өлкесіне арнағандықтан, оның әр жылғы өмір өзгерісін бақылауды міндет,борыш
көргенім рас. Бірақ соңғы үш-төрт жылда бүл төңірекке жол түспегені де рас. Облыс
шаруасының басына жас жаңа ұрпағы келіп жатқан тұста, жаңа басшылық тұсында бір
жолығып, сөлемнен соң, ел аралау мақсатымен түскен жол еді бүл. Оны осы күні
творчестволық командировка немесе творчестволық есеп сапары деп атап
жүрміз.Келген күннің алғашқы сағатында біз Қостанай облыстық комитетінің
бірінші секретары Василий Петрвич Демиденко жолдастың қабылдауында болдық. Ол кісі
облыстың қазіргі жағдай, ахуалынан нақпа-нақ мағлұмат беріп шықты. Осы тұста
толып жатқан жаңалық өзгерістер, өндірісті, шаруашылықты коллективті түрде
меңгерудің жемісі, кадр мәселесі, азық-түлік программасы бойынша атқарылып
жатқан істерді тиянақтылықпен, жүйелі баяндады.
-        Тіпті,
жай кезге қарапайым көрінетін мысалды алайық, - деді ол, - екі - үш-ақ жыл бұрын
Қостанайдан, қаласы былай тұрсын, аудандарының қымыз табу мүмкіндігі болмай,
зәрулікке, емге немесе қонақтық сыйға сонау Торғайдан самолетпен алдыратын болған.
Қазір қымыз Қостанай үшін ондай проблема болудан қалды. Әлденеше шаруашылық
қымыз өндірумен айналысып отыр. Қымызы жоқ аудан жоқ деуге жақындап келеміз. Біз жылқы шаруашылығын жоспарлы
түрде жолға қоюға тиіспіз. Қазір бірнеше ферма ұйымдастырылып, осы қала
төңірегінде басқа жерде де саууды механикаландыру ісі жүргізіліп жатыр. Оны
айтасыз, - деді сәлжымиып, - мен сіздерге тағы бір қызық көрсетейін, - орнынан
тұрып, түпкі бөлмеге барып, ішінде ағарғаны бар
бір графин әкеліп стақаңдарға бөліп құйды да: - Ауыз тиіңіздер, сосын не екенін
айтасыздар.
-Кәдімгі шұбат.
- Ау, бұл қайдан жүр? Қостанайда шұбат түгіл, түйенің өзін көру мұң
болатын.
-Қазірше бір совхозда ғана түйе ұсталып
отыр. Түбінде мұны да мүмкіндігінше үлғайтуға болады. Халықтан бұл үшін де
қолдау тауып отырмыз. Азық-түлік программасын жүзеге асырудың сандаған көзі,
саласы, түрі, әдісі іздеген сайын табыла бермек екен. Бұлардың бәрі халықтың
әл-ауқатын өсіру, сол арқылы халықтың денсаулығын арттыру шаралары қаз-қатар
шешіле бермек. Облыста әлденеше сауықтыру орындары - санаторий-профилакторийлер
мен демалыс үйлері, лагерьлер көп ашылды. Бұрынғылардың үстіне «Сосновый бор»
санаторийі ұлғайтылып, республикалық емдеу орнына айналып отыр. Мәдениет, білім
орындары қаншама. Айта берсек, ұзақ кетеміз. Оның бірсыпырасын көресіздер,
аралайсыздар, жолдарыңыз болсын. Біз - Кәмшат Дөненбаева және басқа жолдастар
жол жүріп барамыз, - деді Василий Петрович Демиденко. Біз ол кісінің мол
мағыналы әңгімесіне ризашылық білдіріп, жол болсын айтып қоштастық. Одан соң,
сәл сәтке болса да, Кәмшатпен дәл сол жерде ұшырасып, сәлемдесіп, әңгімелесіп
қалдық.Көңіліміз ел көңілімен ұштасқан бақытты сәт еді бұл.«Жетіқара» әлде «Жітіқара»
ма? Осы араның қазақтары түгіл, орыстарына шейін «Ясно видеть», «Смотреть в корень»,
яғни «Жітіқара» - деп, таласады. Бәлкім, олары да дұрыс шығар. Ал көпшілік
«Жетіқара» деп кеткен.Бұл көбінесе Қостанайдың қуаң далалы, жартылай шөп,
алабөлек өлкесі, өзінің ерекше тарихы бар. Салты басқа аймағы екенін мен бала
кезімнен білуші едім.Өйткені менің әкем сонау жиырмасыншы жылдардың алғашқы
жартысында осы далада ауылдық мектептің алғашқы мұғалімі болған екен.
Мұсылманша сауаты біраз жерге барған ол, совет өкіметі орнасымен,дереу төте
оқуға көшіп, бұрынғы молдалығын жаңашаға бұрып, ұстаздық құрып кетіпті. Сонау
Торғайдан, шамасы үш-төрт жұз шақырым жерден, Орман деген ауқатты жездесін
іздеп, менің болашақ анам - Халимамен осы жерге келеді де, өзініңең аяулы
романтикаға толы өмірін кешеді.Біздің тарихымыз қашанда ел тарихының - ең үлкен
тарихтың бір бөлшегі ғана ғой. Ол онысымен бізге қымбат, бізге қасиетті.
Сондықтан оны айту - әсте әнтектік, кездейсоқтық емес.
«Жітіқара ма», «Жетіқара ма?» - қайдам, бүл өлке маған
бала кезден таныс болатын себебі - анам Халима осы төңіректі жайлаған елдің әні
мен өлеңін менің жаныма өз сүтімен бірге сіңірген адам еді.
Ол керемет әнші
кісі болатын. Бәлкім, олай емес те шығар. Алғашқы әлдиін құлағыңа сіңірген
анадан дүниеде балаға әнші кісі жоқ шығар.Сүйткен «Жітіқараға» менің өмірде
жолым бірінші рет түскені - осы жолы.
  
...Жітіқара ауданының бірінші хатшысы Анатолий Иосифович Сподин - осы
өлкенің бел баласы екен. Барынша қарапайым, бойына туған жердің топырақ иісі
аңқыған сабырлы адам бізді қабылдап отыр.Ауданның елдік мінездемесін, шаруасын,
кәсібін, ерекшелігін өз үйінің өмірбаянындай,
аса бір ыстық мейірмен шертеді. Көз алдыңа бұл даланың кешегісін, бергісін,
бүгінгісін әкеледі...Бір замандарда Жітіқара даласында ежелгі кәсіп -мал
өсіруден басқа, алтын қоры болыпты. Онысы рас, бала кезімізде ол жақтан көшіп
келгендердің үйінде «атбасындай алтын бар екен» десіп аңыз қылушы еді аңқау
Торғай. Ол алтын қоры кейін таусылып, өндіріс соғыс аяғын ала тоқтап қалған. Сонымен,
қазақ топырағында жұмысшыны дүниеге әкелген - осы Жітіқара болатын.Қостанайдың
ерекше өлкесі деудің бір ұшы осында жатыр...Бұл даладан Теріске Арқаның екі үлкен
өзені - Тобыл мен Аяттан басталатынын сөз басында айттық.
Жітіқара
ауданында он үш совхоз бар. Біз соның жол жоспары бойынша жартысына жуығын
аралауға шыққанбыз. Олардың түгелге жуығының совхоздары. Өз тарихын, негізінен,
тың көтеру дәуірінен, елуінші жылдардың басынан бастайды...
Бұл өлке Россияның қалың орманымен, Ор өзенінің
жыныс тоғай шүйгін жағалауымен шектесіп жатыр.Жаманқала, орысша Орск, осы
жерден тиіп түр.
Әрі қарай, бір жағы Троицк, бір жағы Орынбор, батыста -
Ақтөбе, Қарабұтақ... Жылқысы жер қайыстырған Арқаның таусылар тұсы.Айта берсең,
сөз дегенің - Тобылдың суындай...«Пригородный» совхозы - Жітіқара қаласының нақ
түбінде. Осы арадан қалаға қарасаң, шығыстан батысқа созылған алып дөңнің өне
бойын құлай салынған алып үйлер тым аруақты көрінеді екен. Жалпы, далаға салынған
қалаларды көргеніңіз бар шығар. Олар ертеңгі, түскі, кешкі сағымда әлденеше
еселеніп өркештеніп, әлеуетгеніп кетеді. Жітіқара осындай әсер береді. Қаланың
қақ жартысын алып жатқан «Жітіқара асбест» комбинатының өзі бір салтанат иесі.
Оған біз кейін соғамыз.Дзерженский атындағы совхоз ауданның ең қиыр солтүстік
батысына орналасқан, әлгі «Россияның төбесі көрініп тұр» дейтін жер осы. Және  бір қызығы - Тобыл өзенінің бір басы осы
жерде. «Бір басы» деуге себеп, осы өлкеде оның үш басы бар деп есептеледі
екен,әркім әр жеріндегі бұлақтың көзін: «басы - біз» деп, таласа береді.Аумағы
киіз қостың орнындай ғана көлшік, астынан бүрқылдап қайнаған бұлақтың шымыры
сезіліп жатыр. Осының екі езуінен әлде бір жыралармен түстікке қарай жылап ағып
барып, кейін күлісіп, ала-қайлап, өзі секілді бауырларымен әлдеқайдан бас қосып,
қосыла шабатын қазекеңцей жосылып жатыр. Әдетте, біз үлкен өзендердің басталар
жерін ылғи көре бермейміз ғой. Оған мүмкіндік те жоқ. Сондықтан бұл өлкені
аралауды Тобылдың бесігіне бастауда да мақсат бар, ақындық ырым, жора бар. Еңкейіп-еңкейіп, жата-жата қап: «Жарықтық
Тобыл!» - деп, ауыз толтырып су ішіп, бет жуып алдық.Тобыл Қостанайдың ту
сыртымен жағалап өтіп,Қорған, Шадрин қаласының тұсында ғажайып үлкейіп,Тобольскіде
дәуірлеп, Ертіске құятыны сіздерге белгілі.
Сөйткен Тобылдың
мынадай бала бұлақтан жаралғанын көргенде табиғаттың ғажабына тағы қайран
қаласың, адам перзенттерінің тағдырымен ұқсастық тауып, алуан
ойларға кетесің...Осы арадан он -
он бес шақырым ішке қарай жүргенде, арасы бір шақырымдай, бірі сәл үлкен, бірі сәл
кіші екі көл кездеседі. Қазақтар ондайды «Қоржынкөл» деседі ғой. Әдемі-ақ
айтқан. Соның бірінің үлкендеуінің жағасына киіз үй тігіпті. Көл беті тұнып
тұрған тұңғиық, лилия гүлдер. Көп қазақ, соның бірі өзім - соңғы жылдарға дейін
осы лилия гүлдерін қазақша «Әсия» деп атайтынын білмейтінмін. Бізде
Әсия атты қыз көп. Солардың
өздері де, әсияның - су қызғалдағы екенін білмеуі ақиқат. Осы көлді мен аса жақсы
көріп кеттім. Оның нендей себебі барлығын бұл арада айтпаймын. Бәлкім,
серіктерім айтар.Бізді осылай бастап жүрген аудан басшысы ел қасиетін шебер пайымдайды.Әрі қарай күніне
екі совхоздан аралап, «Прогресс», «Комсомол»,
«Мықты көл», «Степной», «Чайковский» жерлерін басып, көп шаруашылық
салаларымен, ондағы атақты еңбекшілермен, оның жас ұрпақтарымен сан кездесу-кеңес
өткізіп, аз күнде қыруар қызық әсерге шомылдық.Аудан басшысы Анатолий Сподиннің
алғашқы кеңесте айтқан бір сөз есімде калып еді. «Халық жақсы, жақсы халықпен
жұмыс істеу бақыт қой» - деген сол сөзі оның сапар үстінде анықтала, растала
түскендей еді.
Тың дәуірі басталғанда барлық жердегідей бұл
далада да сандаған ұлттың өкілдері бас қосқан. Арада өткен отыз жылға жуық
уақыт ішінде сол әр түрлі ұлт адамдары біртұтас елге айналып кеткенін осы арада
көресің. «Адамды адамдық қасиетке бөлейтін еңбек»деген рас екен-ау деп
ойлайсың.Қаланы жамандауға болмас, бірақ әсіресе осы далада күндіз-түні қоян-қолтық
еңбек еткен адамдар біртүрлі табиғи да жомарт, асқақ та адал көрінеді де тұрады.
Әр түрлі пендешілік, ұсақ әрекет әдетте жұмыссыздық, ерігуден шығатын
секілді. Жаппай еңбек жүрген жерде ондай мінезге жол да, уақыт та жоқ.Дұрыс
сөз. Әлгі «Жақсы халық» деген сөзге бұл да қосымша дәлелдей сөйлейді.Бұл
өңірде, жалпы Қостанай елкесінде, совхоздың жойқын күшіне таң қаласың. Аз уақыт
ішінде халық игілігі үшін күрес қатар жүріп жатыр.Туған Отанға бүкіл дала болып
рахмет, алғыс жолдап жатқандай, өмір әні жаңғырады... Біз төрт күнгі жолдан
оралып келеміз. Ол жоларасы алыс совхоздар даласымен мыңнан артық шақырымға
созылған жол. «Қоғалы көлдер, көк сулар» бетінде базар құс шулап, құшақтасқан
аққулар алыстан бізге қиқулап, көкала үйрек төбеден алаңсыз ұшқан сыпсындап,
жайсаң бір өлке артта қалып барады. Барарда оңнан, қайтарда солдан жарысып,
қатарласып отырған жазық даланың жалғыз еркесі - Жітіқара тауы алыстан дара
жүзген кемеге ұқсайды.
 Сөйтіп, енді
біз Жітіқара қаласын да аралап кердік. Одан әйгілі Жітіқара асбест комбинатын
көрсетті. Әуелі кен алынып жатқан алып ашық карьерде болдық. Аумағы үйдей-үйдей
экскаваторлар көкала тасты қопарып, өздеріндей орасан үлкен машиналарды
солқ-солқ еткізіп артып, тиеп жатыр. Комбинат басшысы бұл өндіріс тарихын
тақпақтай тақталап, тамаша сайрап жеткізеді. Қолдарында бір-бір тас. Тас
болғанда қызық тас. Бейне ала көйлекті матростай, қара көк денелі көлденең ақ
сызықтар бірыңғай белдеулеп тастаған. Арасының қашықтығы қолмен өлшегендей.
Сувинир- естелік ала кеткіміз келген бізге бір экскаваторшы әп-сәтте әр түрлі
көлемде, қант шаққандай оп-оңай үса- тып әкеп ұстата салды. Ғажабы сол - осынау
тас денесіндегі ақ белбеу сызықтар - сол асбесіңіздің өзі екен. Бізге кейін
көрсетті - әлгілер жүп-жүмсақ кәдімгі аппақ жіп болып шығады екен. «Тастан
жібек жіп суырған» - дегеніңіз осы. Алыпкомбинаттың сан қабатында сандаған цех
тастауыттан бастап, сонау сансыз ширатылған жіпті ажыратып, кигіздей басып
шығарғанға дейінгі қыруар процесті атқарып жатыр. Бұл комбинат ірі комбинат болып есептеледі. Сөйтіп, Жітіқара даласының
асты біресе алтын, біресе жібек тоқып жатқан данышпан шебердей елестейді. He
деген қасиетті жер, ырыс мекені еді бұл.Қостанай қаласына дейін шығарып салатын
Тобыл, бізді сол жерге тастап, өзі әрі қарай байтақ Ресейге, жалпақ Сібірге жол
тартады. Оны енді Арақарағай ор маны шығарып салмақ.Келесі күндер Қостанайдың
ең үлкен, ең астықты ауданы - Қостанай ауданына жетелейді. Алтын қарағай, күміс
қайың, самал көлдер қарсы алады...
 Қостанайда күн ыстық. Одан да ыстық -
туыстық.Тосқан, сағынған көңілге орай, сонау қиыр көкжиектен жаңбыр бұлты келе
жатыр. Тек бір-екі рет төксе екен. Қалың ырыс-құт туыстықпен айқасып, жарасым
табар күн жақын.
Қостанай, 1983 жыл