ВЕРНУТЬСЯ

 Тағдырға риза болатын бір жерім - мінекей, осымен
қаншама жыл, бәлкім, отыз, бәлкім, қырық алуан түрлі себеппен туған жерім -
Торғайға жылына бір рет, кейде екі-үш  жылда
бір дәм жазып, жол түсіп тұрады.
Әсіресе соңғы бес, он жылда, Аллаға
шүкір! Торғайдан шыққан қазақ тарихи тұлғаларының еске алу тойлары жиі-жиі өту
арқасында тіпті де жақсы болды, туған топыраққа табаным тиіп, өзімнен-өзім
бақытты болып келе жатырмын. Тіл мен көзден аулақ! Абзалы, мынау бәрі бір шолақ
өмірде заман, уақыт жетегімен ойға,
қырға зырылдап, әр түрлі тіршілік әуресімен шаңырағыңца шырғалап қалсаң да,
әйтеуір бір себеппен баяғы сол туған жеріңе соғып тұрғанға не жетсін! Бүл
жөнінде мен, жоғарыда бастағанымдай, тағдырға ризамын.Мен туған Торғайдың
өткені, бүгіні, болашағы туралы барлық шығармамда - поэзия, проза, публицистика
(ой-толғаулар) жанрында жеткілікті мөлшерде жазып келемін, айтып келемін. Кейде
біреулердің: «Сенің Торғайыңнан басқа айтарың жоқ па?» дейтіндерін де естідім.
Жоқ, мен бүкіл Қазақстан туралы, оның алуан өлкесі туралы талай-талай
жазғанмын, жазып та келемін. Біріншіден, Торғай - мен үшін кіші Қазақстан. Оның
Торғайдың бойында бар дәулеті, бай мұрасы, тарихы, ол тарихындағы кешкен жолы,
қайғы- касіреті - бәрі тұр.
Екіншіден, Торғай десе - қазақтын кең даласы, шоғырланған өз тума халқы, қалың ауылы
еске түседі. Ауылдың халі дәл бүгінгі таңда мүлде мүшкіл, яғни сенің қазағыңның
көбі сонда болғандықтан, оның да халі мүшкіл деген сөз. Қазақтың бақыты да,
қырсығы да - оның төрт түлік малымен егіз жаратылғаны. Бүл халықты құрту үшін
не істелмеді, ол - ұзақ та ауыр тарих. Бәрінен батқаны - бергі жауыздардың оның
малын тартып алғаны еді. Ол малда - қазақтың халықтық мінезі, асқан кеңпейілділігі,
береке-ырысы, қазына қасиеті, бұлақтай көзі ашыла беретін өміршеңцігі - бәрі,
бәрі бар. Осыны білген 70 жылдық империя билеушілері сол малына сан рет ауыз
салды. Сонау Сталин, Голощекинді қойғанда, олар салған «Ұлы қырғынды» айтпағанда,
бергі Хрущевтің өзі оның жылқысынан, даласын ұзақ қорғауда қанат-серігі болған,
алысты жақын еткен түлпарларынан айырмақ болған, көбінің көзін жоғалтып,
«колбаса» жасады. Енді бір жою әдісі - сол малы жайылатын кең өріс, жайылымынан
айырып, кең даланы жағалай тілгілеп, көк орай шалғын, көк тепсеңді шандаққа
айналдырды. Ойлап отырсаң - шайқаудан басың талады. Мен Торғайға барсам -
осылар еске түседі. Ал Торғайдың өз
жеке басына не істемеді? Өлдім-талдым дегенде, елу жылдан соң әрең өз алдына
облыс болып ашылып, енді апыл-тапыл баса бастағанда қайта жабылды, аз жылда азып-тозып
кетті. Жан-жүрегім сыздап, еңіреп жазған сөздерім ел есінде әлі бар («Арқалық мұңы»
- «Соц. Қазақстан»). Сонда мен абырой атақ, жақсы ат алайын деп жазғаным жоқ.
Ақын, жазушының ел дегеңде отқа түсетіні - қашаннан қан қасиеті. Оны ештеңемен
түсіндіре алмайсың, ол - жүмбақ, тылсым нәрсе. Сонымен, елге жиі баруымның
арқасында мен оның мерзім, уақытқа сай нендей езгерісі барын әбден ақсы
бақылаймын. Адамдар мінез-құлқы, ұрпақтар есімі, еңбек-әрекет өрісі деген
секілділер. Соларды мен ақсысын - жақсыша, жаманын жаманша айтып, елдің есіне
саламын, өзін-өзі тануына жәрдемдескім келеді. Менің елге баруымның, өзгені
білмеймін, өзімше осындай мағынасы бар. Құдайға мың шүкір, осы күні, жалпы
азаттық еріктілік қуанышының әсері болар, елде той-томалақ көп. Той жасап,
топыр жинаудың «рәсуәсің» «білгіштер»
көріп, айтып жатыр, айта берсін, «қазақтьің тойдан жүтап қалдым» деген сөзін
естіген емеспің. Оны той жасай білмейтін, қуана білмейтін, негізінде жарымаған жұрт
айта береді, көре алмаудан айтады. Қазақтың «жанымнан малым садаға, арымнан
жаным садаға» дейтіні содан, тек қана ол әлдекімдердің «өзге- ден ассам екен»
деп, сайып келгенде, бөлек абырой, асыра бәсекесіне айналып кетері болады, не
жасыратыны бар, халқымыздың ондай да «бөспебайлығы» кездесетіні белгілі нәрсе,
әсіресе әкімдік, үстемдік дәуірде біресе олай, біресе бұлай аударылып, «ал, кеттік!» десе - асыра шауып,- «қой,
қойындар» десе - тым-тырыс, меңіреу бола қалатын мінез таптық. Одан қазір тез
арыла қою қиын, қиын да болса, арылармыз деген үміт бар. Жоғарыда айттым,
Торғайға сан түрлі себеппен барып жүрмін деп. Соңғы жылдарда көбіне атақты
ата-баба рухын жаңғырту, тарихи орнына қою, олардың атқарған іс-еңбектерін ел
есіне қайта салу - сол арқылы ұрпақты рухани тәрбиелеу ісін жолға қою секілді
енді дербес елдік, мемлекеттік жұмыстарға арналған сапарлар болып өтті. Әрине,
ондай мыңдаған халық теңізінде сен бір жаңқа секілдісің, аға бересің, қалқи
бересің. Көп нәрсені көзбен, оймен көре алмайсың. Тіпті аңсаған ағайынмен
амандасуыңның өзі - бас изеуден әрі аспайды.
Жеке басыңда
ырық жоқ. Тоқтап қалсаң, «есептен» шығасың. Жарықтық, халық деген қызық қой,
жаңа ғана сағынысып көрісіп тұрып, «анау жақта қызық болып жатыр» десе - сені
басып, қағып кете береді. Ондайды да көресің. Шынымды айтсам, менің осы жолғы
Торғайға сапарым - айтылған сапарлардың бірде-біреуіне ұқсамайтын, өзгенің не
өзімнің тойым емес, арнаулы делегация мүшесі де емес - таза іс сапары болатын. Басқарушы
азаматтарға рахмет, мен қазір қаншама жыл, жиырма, отыз жылдай - Алматы
теледидары орнаған жылдардан бастап, осы енердің болашақтағы керемет құралдығын
сонда-ақ сезіп едім десем, мақтаншақтық болып кетер, содан бері өте жиі сөйлеп,
керініп келе жатқанымды жұрт жақсы біледі. Соған сеніп кеткен мен солайша мөз
болып кете берсем керек. Ал жеке езім туралы, ақындық, жазушылық қызметім жайында
дара фильм, деректі кино деген менде жок екен, Жігіттерге рахмет дейтінім, соны
біліпті де, қоңырау «көк тиынсыз» кезенде тәуекелге басып, қаражат тауып, мен жайында
фильмге кірісіп кеткен. Оны айтудын артығы жоқ шығар, бұл жұмысқа менің жалғыз ұлым,
өзі ақын, жазушы, өзі тағы да режиссерлік оқуы, тәжірибесі бар - Бақыт
Қайырбековті тартыпты. Бақыт менің соңғы жылдарда жазған өмірбаяндық
повестерімді («Ак желкен», «Жел қайық», «Өмір оттары») және «Шұбалаң» атты
поэмам мен өлендерімді орыс тіліне аударған еді де, әкесі туралы, оның
жазушылығы жайында бірсыпыра білетіні бар еді. Әрине, әсіресе балам екен деп,
қайталана бермейтін мұндай жауапты жұмысты тапсыра салуға болмайтыны белгілі,
сөйте тұра әлгі жағдайларды еске алып, оның үстіне бұрын, менің 60 жасқа толуым
тұсында түсірген бір деректі, бір көркем қысқа метражды түсірген фильмдері бар
еді. Соларға сүйеніп мен келісім бердім. Бақыт киносценарийді де өзі жазып
бітірді де, алғашқы нұсқасын көрсетіп еді, үнағандай
болды. Менің мақсатым - дәл осындай жүйедегі, бағыттағы деректі фильмдерге ұқсамайтын,
стандарттан аулақ, тіпті жартылай көркем бейнелі, астарлы мағынасы бар нәрсе
жасаса екен деген едім. Жақсы болсын, жаман болсын, ақын-жазушы деген бір- біріне
мүлде ұқсамайтын индивидум екені өзіне басқа, әркімнің өз өмір тарихы,
оқиғалары, мінез-құлқы, өнердегі қолтаңбасы дегендері болады ғой. Сценарий осы
түрғыдан, яғни өзгешелігі, нәзік байқаулары, ұсақ әдемі деталь, штрихтарымен
үнап еді. Сол бойынша жоспар құрып, кино түсіру тобы жасақталып, жұмысқа
кірісіп кеткен. Қыстың үш-төрт айында менің Алматыға байланысты өмірім,
іс-әрекетімді түсіріп шықты. Бір қызығы - мен түсірілуші объект емес, кейіпкер
ғана да емес, артиске айналып кеттім. Баяғыда институтта драма үйірмесінде көп
ойнағандарым
жәрдемдесті. Қысқасы, мына Торғай
сапары сол фильмнің жалғасын, менің балалық, жастық шағымды түсіру болатын. Ал
ол дегеніңіз - 32-жылғы атақты аштық елесі, одан 1937 жылдың көлеңкесі, одан Ұлы
Отан соғысындағы альістағы тыл, жетім-жесірлер ауылы, жастар кешкен оейнет,
еңбек деген секілді кезеңдер еді. Бұларды түсіру үшін Менің қатынасым жоқ
секілді еді. Өйткені бала, жастық шақтарды өзгелер ойнайды ғой. Рас, арагідік
мен де көрініп қалатыным бар. Бірақ мен жұмыстың әр жақтан күрделілігін
сездім де, оны елде үйымдастыру
үшін өзім баруым керек болды. Кинотоп - бірсыпыра адам, оларға орын, көлік,
ас-тамақ секілді нәрселер қазіргі күнде орындалуы қиын ғой. Бақыттан басқасы әр
түрлі ұлт адамдары. Таза қазақ жағдайын, дала дәстүрін білмейтіндері бар
дегендей. Менің мұны айтып отыр- ғаным, түбі құдай оңцап, нәтижелі жұмыс бола
қалған күнде, киноның жасалу тарихына керек бола ма дегенім. Сонымен, ел
басшыларымен сараң ғана сөйлесіп, жұмыс бағдарын хабарлап, жолға шығып кеттік.
«Торғай өзені биыл тасымады,
жердегі бар қар ерте еріп, жерге сіңіп кетті, Ұлытауда да қар аз болғаны ғой
(өзен Ұлытаудан бас алады)», - деп, көктемде (сәуірде тасиды) облыс әкімі Жақан
інім Қосабаев айтып еді. Ал «Торғай тасымады» деген сөз өте қиын болғаны.
Өйткені ұзына бойы мың шақырымға созылатын Ұлытаудан сонау Ырғызға... одан «су
аяғы -құрдымға» сіңіп, Аралға жетпей жоғалатын Торғай өзені осынау тақтайдай
тегіс, астаудай ойпат даланы мол бір шайып өткенде қыс бойы мал аузы босамайтын
көк шалғын шөп, қалың шабындық дегенің жайқалып тұрар еді, пішені шабар еді. Ал
енді сондағы шабылған пішен маялары кек сағым ішінде көтеріліп тұрғанда менің
бала қиялымда бейне бір салтанатты үйлері бар қалаға ұқсаушы еді-ау.
Бұл байлықпен
ел қаһарлы қыста мұрты қисаймай шығар еді. Біз - балалар сәуірдің 5 мен 10-ның
арасында тасыған суды күтуші ек. Біздің ауыл су жолында тұратын. Алдымен бір
күн бұрын «судың желі» келетін. Дәл содан соң момақан ғана сырғып,
қамыс-қамыстың арасымен сумаң қағып, толқын атпай, көбік шашпай, үнсіз ғана
келіп, кең жайыла бастап еді. Келесі, одан арғы күні қарасаң, арна толып, енді
су далаға, қырға шығып кетер еді. Ойбай, балықтар, байғүс, неше түрі бар, сумен
бірге олар да қырға шапшаң шығып, әйдәй, ойран-асыр салар еді, жанталасып.
Біреу атпен қуып, біреу мылтықпен атып, төңірек қан сасып кетер еді. Бізге -
балаларға әй, бір мейрам-мереке сонда болар еді. Шешелеріміздің сабауын ала
қашып, ұшына пышақтың үңғысын қадап, әйдәй, қуып жүріп шаршар едік. Көп
естеліктен қайтып оралайын. Е, сөйткен Торғай, береке-ырыс, жарықтық қарт Торғай
биыл тасымағаны қиын-ақ болған екен. Егінді жер
жауын тілейді, малды жер тасқынын тілейді ғой. Торғай түгіл, былтырдан бері
анда да, мында да жаман-жәутік өзендер тасып кетіп «бүлдіріп« жатқанда, «Торғайдың
мұнысы несі?» демеуіме шара қайсы?Сүйтіп аттанғанымда көңілімде сәл-сәл мұңның бары рас еді. Сондықтан да елден ешбір құрмет
дәметпей, қайта оның көңілін жұбату,қайрат беру мақсаты болатын. Арқалыққа
баяғыда күнде ұшатын өгіз ұшақтар кәзір
сиреген бе дейсің. Біз мінген АН-24 қонбастан үш сағатта апарып түсірді. Ойымызда
ештеңе жоқ, өзгеміз бүл жолғы рейске сыймай, келесіге қалған, мен екі немерем,
бейбішеммен шүбатылып ең соңынан шығып келе жатсақ - ұшағымыздың түбінде
қызыл-жасыл киінген, дәм түздарын қолға алған, раушан гүлдер жайқалған, Сары Арқаның
желімен сыбырласқан, шайқалған бір әсем топ тұр. Таңырқай қараймын, «япыр-ау, кімді қарсы алып келген екен» - деп
қоям ішімнен, артымызда ешкім жоқ. Бақсам, о, қызық, қарсы ала келгеңцері - мен
екенмін! «Қайран елім-ай!» - деппін, көзімнен жасым ыршып кетіп... «Кино
түсірейін деген бе, немене, әйтеуір, келіпті ғой, бізге келсе-болды, соның өзі
- бір қызық, бір Дәурен!» - депті елдің бір ақсақалы, кейін естісем. Ия, сондай
екен ғой! Осы ойды маған қонақ үйге сәлемдесе келген облыс басшысы Жақан да
айтты: «Елге келісті түсіндіріп жатасыз, ағасы, ол баяғыдағы кезіңізде шығар,
кәзір Сіз - сізсіз ғой, келдіңіз - болды ар жағын ел өзі біледі!»
«Ой, қалқам-ай!» - деп қалдым толқып кетіп сөзімнің
ар жағы үзіліп қалды.
Шіркін, азаматтар! Бақыттың жұмысшысы-түсіруші
тобы да келіп жетті. Ертеңгі күн сәскеде біз әлденеше көлікпен Торғайға аттанып
кеттік. Біздің іс жоспарымызды сұрағаң ешкім жоқ, өз жоспарлары бар екен. Бір
оңаша сәтте, жүрер алдында Бақыт маған: - Папа, сен салтанат құруға келдің бе
әлде жұмыс істетейміз бе? - деп сұрады.
- Әзірге білмеймін,
бірақ екеуін де реттерміз - дедім. Ия, біз Аманкелді ауданына беттеп келе
жатырмыз. Бақытжанның - әкесі Байқадам Қаралдин атындағы кеңшарға (совхозға)
келіп түстік. Жолшыбай қарсы алған, жуырда ғана аудан әкімі болып сайланған Жақсылық
Ғайсын деген жігітті мен бұрыннан жақсы естіп, білуші едім. Ол ұзақ жыл Иманов
атындағы ауылды басқарды, халқы, елі өзін жақсы атаушы еді, осы табанның
баласы, осы аймақтың бала-шағасы, шөп-шаламына дейін білсе керек. Сырағаңның 70
жасындағы тойдан, кейін Арқалықта бір дос үйінде кездескенім бар еді. Тағы да
дәм-түз, үкілі тақия, кәмшат бөрік, бұраң бел - кәдімгі Торғайдың бала қаздай талпынған
сәби көз қыздары мен тобылғы торы жігіттері қарсы алып тұр. Торғай өзенінің бір мол сабалы тұсында,
тал-тоғай жонданып өскен бір жерде тігілген үйлер, радиодан күмбірлеген
күйлер...
Өткен еске
түседі... Осынау бір даңқты далада, ерлер өлкесі - батыр ауданында мен қаншама
рет болдым десеңізші! Бұл -
Арқалық пен Торғайдың (Жан- 1келдин) дәл орта жолында жатқан аудан. Мен осынау облыс
алғаш құрылғаннан бері ширек ғасыр бойына Торғайға
қаншама рет келсем - бұл
жерді, бұл елді аттап кеткен
емеспін. Өйткені ақынмын ғой, ырымшыл, сезімшіл жан-дүниеммен ауруақтардан
қорқамын. Аттап өтсем, шыға бере, жағылатын секілдімін, оллаһи! Және қалың ел -
қыпшақ-нағашы, жұртым, жақсы болмасқа шара жоқ. О, қыпшақ деген ұлы халық кой, қазақтың
негізгі үйтқысы - солар ғой, осы дала солардікі. Дешті - қыпшақ! Осынша жүрісте
мен байқаған бір құбылыс - әдетте, Торғай - жыр өлкесі, ән өлкесі деседі ғой.
Торғай дегенде - өзгелер ренжімесін,
алдымен осы екі аудан еске түседі. Аманкелді мен Жанкелді (нағыз Торғай) Элгі құбылыс
дегенім - Аманкелді ауданында әнші- композиторлар көп, ал Торғай ауданында
ақындар көп. бул калай? Мұнда арғыларын айтпағанда, Бақытжан қуғандықтан,
Жанкелдіде Нүрхан туғандықтан ба? ғажап! Ал осы екі ауданның өнерпаз өрендері
бірі әнін шығарып, бірі өлеңін жазатынын қайтерсің! Сонда сазы мен сөзі
қосылғанда керемет бір туыстықты, ортақтықты, егіздікті еске түсіреді. Ал мұның
ар жағында бірлік, туыстық, татулық жатқан жоқ па? Өнер шіркін адамдар жанының
дәнекері деген сөз.
- Ғафа, - дейді Жақсылық, - қалың жиын алдында,
өзіңіз білесіз, елге келген соң жаяу жүруге болмайды.
Баяғыда Сырбай
ағаңыз Сіз елуге келгенде: «Зымырай бер, Ақ боз ат!» деген мақала жазғаны есімде,
Сырекең - менің аталас ағам еді, жоқ болып
қалды ғой, соның інісі мен ел
атынан тағы бір ақ боз ат сыйлайын деп тұрмын, білемін, бүл елден де талай ат
міндіңіз, көпсінетін біз жоқ, келген сайын, Аман күнде ат немене, мініп тастай
беріңіз! - дейді. Ай- туын-ай! ...Келе жатып жолшыбай көріп, жан-жаққа көз саламын.
Дегенмен қазір мамырдың іші ғой, жер ажары әзір жақсы екен, қырдың шөбі де,
ойдың шөбі де бар. Әттең-ай, Торғай тасығанда тіпті әдемі болады екен! Қазір
бірер жауын керек-ақ болып түр. Аласа шөптер бой көтеріп кетер еді. Бір
ағайынды, бір анадан туған қыз-жігіттердей Торғайдың әр саласы өздерінше
аталады: «Жайылма», «Қарын салды», «Байғабыл», «Қабырға», «Жыланшық», «Коңыраулы»,
«Тоқанай» деп. Батпаққара мен Торғайдың арасында жосылып жатқан өзендер,
көсіліп жатқан көлдер көп. Шіркін, туған жер! Мен осылардың бәрін ыстық көрем,
бәрінің суреті кеудемде. Қанша рет араладым мен!
Боз дала, бозша торғай, бозғыл жусан, -
Көремін күнде сені көзім жумсам.
Барым да, бақытым да - жалғыз сенсің, -
Қасимда, арманым жоқ, өзің болсаң! - деп
едім баяғыда. Осының әні, музыкасы бар. Мұрат Хұсайыновтікі болу керек. Қазір
Торғайда бүл әнді көц айтады екен. Мен келгесін бе? Тоқанай! Бұл - Торғайдың бір әсем де тарихи саласы.
Солтүстік жағы кәдімгі «Құмкешу» аталатьің құмды өлке. Онда машинамыз
«боксевайттап» жатқанбыз. Орыстың «буксовать» деген сөзін қазекең өзіне ыңғайлап
алған ғой. «Бөксеңнен құмға батасың» дегең Жол-жөнекей сөз ғой. Тоқанай -
Торғай мен Амаңкелдінің шеқарасы. Осы арада үй тігіледі, құрметті қонақтарын
бір аудан шығарып салады, бір аудан қарсы алады. Бүл - дәстүрге айналғалы
қашан! Осы жиырма бес жылда жиырма бес рет солай болған шы- ғар, одан да кеп
болмаса. Сырбайдың 50, 60, 70 жастарындағы, менің 50, 60-тағы тойым - бәрі де осы
арада тоғысқан, басқасын қойғанда. Айтпақшы «Тоқанай» деген ат «тоқайласудан»
шыққан жоқ па екен? Шіркін, мына кең далада басыңа неше түрлі қызық ой келе береді...
Ия, Тоқанайда тағы кездестік. Әнші қыздар, композитор жігіттер ақ боз үйдің
ішінде бізді Торғайға шығарып салу жырын қосыла шырқайды. Бүл ауданда да, кейін
Торғайда да менің сөзіме жазылған көп ән бар екен. «Ана туралы жырдан» бастап ылғи да соларды айтып отырды. Аз
күнде қалай әзірленіп үлгірген бұлар? Әрине, әдейі жасалған бағдарлама ғой, соның
өзінде шапшаң үлгірген. Ән, күй мен не бір ақылды, шешен сездер
алма-кезектесіп, қаладан шаршап барған жүрегімді емдейді, жамайды, түзетеді.
«Шаршады» дегенім - менің ең жақып адамдарым Сырбайдың түңғышы, баласы Алмат,
жазушы дос Жүмабай Тәшенов, дәл жүрерде сан жыл бірге өмір кешіп, бауырымдай
ыстық ақын Сағи Жиенбаев қайтыс болып, соларды атқару да оңай болмады
ғой.Рахмет, туған ел, алақанға көтеріп, сәбиіндей әлдилеп, босаған шеге,
сықырлаған сүйекті қайта бекітіп бергендей болдың Сен! Тоқанайда бізді қарсы
алған топта Жанкелдин ауданының әкімі Мақсұт Шайкемелов,
орынбасар Сұлташ Оспанов, мәслихат ағасы Сапабек Жүнісов тағы да бірсыпыра басшы азаматтар бар екен. Мақсұт қонактарды қабылдай отыра жаңағы
өнерпаз жігіттерді еліне қоса шақырды. - Бізде кереметтер жетеді ғой, бірақ ән үзілмесін,
жол үнсіз қалмасын, - деді ол. - Ағамыз ортақ, ән - ортақ, жыр - ортақ -
жарасып бір ясетейік туған жердің шетіне, - деп, аса бір қуаныш білде көсіле
тартып кете жаздап қалды. Ия, бүл - менін жақыным еді, баяғыда әкесі Міркемел
марқұм Сейтхазиев талай жыл колхоз,
совхоз басқарған айтулы сабаз, ел ағасы болып тұрғанда осы бала туып еді. Мен Алматыдан
каникулға барғанда бүл бесіктегі бала еді-ау!
Енді әкесінен де әрірек кетіп, ауданды, аудан
болғанда кәдімгі Торғайды басқарып отыр екен.
О, өмір деген, не деген
кереметті жасайсың Сен Уақыт! Бүл не деген сөз бұл дүниеге жаңа қайратты, ақылды, дені сау ұрпақ, ойы таза, көңілі
асқақ болашақтың тірегі, елдің сенер қуаты - азаматтар келді деген сөз. Менің
сапардағы мақсатымның қашанда бастысы - осы ұрпақты қарау, пайымдау болатын.
Міне, кешеден бері ұзын жолда кездескен осыларға қарап, қуанып келем, ойланып
келемін. Қалың торып дүрмектен оңашалықтың осындай да бір артықшылығы бар. Оны
алда да айтармын... Торғай туралы осы жылдар ішінде қаншама кітап жаздым!
Кітаптан Торғайдың бір үйінің қабырғасын салып шыққан шығармын. Ия, Торғай қаласы
қазір мүлде жаңа. Мұның жаңаруына Қостанайдың ғажап қосқан үлесін, ез облысымыз
бен аудандарымыз, совхоздарымыздың еңбегін мен жазғанмын. Осы таяу жылдарда
үлгіріп, не бір әдемі әшекей үйлерді салып тастағандары қандай бақыт болған
десеңші! Дәл кәзіргі мешеу күнімізде анау Ахаң, Жақаң музейі, мынау салтанатты
мешіт, аланда тұрған шақшақ Жәнібектің ғажайып ескерткіші мен мұражай-понарамасы
түсінде болмаса, өңіңде салынбас еді.Кейде бір осындай ірі істерден есіңе
әлсін-әлсін түсе беретін бір адамдар бейнесі болады. Менің есіме Қазіргі облыс
әкімі Жақан түседі. Облыста не істеп жатқанын қайдам, бірақ мына Торғайдың
танымастай өзгеруіне, музейлер қаласына айналуына оның сіңірген еңбегі орасан,
тарихи еңбек. Осының өзі-ақ оның мәртебесін, азаматтық қасиетін биікке көтеріп
түр. Сөйтіп Жақан Қосабаев Торғайды тек қана үйлерімең көк жасыл желек ағаштарымен
емес, адамдарын, жаңа
жаста іскер азаматтарын тәрбиелеп
шығаруға еңбегі сіңген азамат екен. Бүл жолы мен соны байқадыд. Менің келуіме
байланысты туған аулымның әдемі жеріне қаптата тіккен ақ боз үйлер, қаладан
сандаған автобус машинамен ағылған халық, оның ішінде ақса- қалдар - менің ағаларым,
замандастарым - олар да шал болған. Әй, осы жолы бір асықпай бәрімен
амандастым-ау! Бұлардың еңбекпен әбден тозған алақандарынан мен өзіме деген
сағыныштың керемет ыстығын сезгендей, жүрек қозғалып, көңілім майдай ериді.
Шіркін, бауырлар-ай! Жарысқан жүйріктер, күрескен жігіттер... Оларға мен жүлде үлестіріп тұрмын. Ол ойлары да
жақсы. Бір жақта үлкен машина үстіне жарып тіккен үйдей немесе тікейтіп қойған
алып жардай сахнасы бар, онда Торғай бүлбүлдары да сайрап түр. Көбісі - менің
созіме жазылған өлеңдер, маған арналған өлеңдер. Рахмет, рахмет, туған жер! Бейне
мен 70 жасқа толған мереке секілді ме, қалай! Оған әлі торт жыл бар ғой. Соны
айтсам қашан барсам, алдымнан ағалап, шығып елдің әңгіме кеңесіне қарқ қып, бір
сергітіп тастайтын дос інім Орекен Алматов:
- Қақасы-ау, аманшылықтағы бір
күннің өзі - бір мейрам емес пе, Алланың ісі белгісіз, сол жетпіске келгенше
тойлай берейік. Сіз келе беріңіз, - дейді. Тағы толқимын. Торғайда тіріге
амандасып, өліге бата оқып дегендей, он шақты күн армансыз аралап, алаңсыз дем алып
жүрдім. Ауырлау бір жері - бәрі аузыңа қарайды, баяғы серіліктен гөрі - ағалығым басып кеткен секілді, кәрілік
жақындағаны ма екен? Есіме Сырбай ағам түседі... Көзіме жас іркіледі, ол кісі
барында мынау көп көзді, қалың
назарды бөлісер едік-ау, - деп ойлаймын. Тағдырға не дерің бар?! Солайша мен
Торғайдың толқынында, суында емес, халық толқынында емін-еркін қалқып жүрдім- О,
осы бақытты көпсінбегейсің құдірет. Ел кеңілі дария. Қазіргі нарық, жоқ-жітік
дүние - оның,шүкір, берекесін ала қоймапты. Баяғы дастархан, кала, дала,
дөм-түздары бас қосқан. Бәрі бар. - Әдейі мен үшін алдырғансыңдар ма, - десем, Мақсұт
інім ясәй ғана: - Бұрыннан бар нәрселер ғой, - деп үн қатады. Мақсұт демекші,
ол Жақанмен үзеңгілес жұмыс істеп, оның жақсы өнегесін, ағалық кеңесін тындап өскен, арғы негізі де көмектескен
бүл азамат, туған бауырым, бір-сыпыра тұлғаланып, басшы ретінде біраз жерге
барып қалған, ісі де, сөзі де кесек-кесек ел көңілімен жараса қаланғандай әсер
қалдырды. Шынымды айтайын, әкесіне тартпаған-ау, - деп, қомсыныңқырап жүруші
едім. Және оның іс әрекеті, мінезіне көз салатындай менде де уақыт болған жоқ еді.
Осы жолы мықтап танысқаным сондай, үйінде екі күн жатып алдым, бұрын екі минут
қана бас изесетін бауырлар! Өз туысыңмен өзің танысқаның да қызық екен! Бүл Торғайда
мен алалайтын ешкім жоқ, бірақ туыстық, қанның жөні басқа, әсіресе, ол жақсы
болса. Ағайын қызғанбас, ағасынан жылы сөз оған да керек шығар. Аман бол,
шырағым! Жоғарыда айттым, менің аса қуанғаным - Торғайдың ұлы байлығы -
азаматтары, жайнаған жас үрпағы өсі шыққан екен. Отыз бен қырық, қырық бес
арасындағы қылыштай жігіттерді көріп көз қуанады. Әрқайсысы бір-бір шаруашылықты,
құрылыстарды, кеңшарларды (совхоздар- ды) басқарады екен. Баяғы өскен сайын
отап құртып отыратын қатыгез замандар тағы да еске түседі... Құдай өзі сақтасын
де! Бұлар тұрғанда туған жер гүлденуге тиіс, осыған қуандым. Ел ішінде жүргенде
менің айтқан басты сөзім - татулық, бірлік, еңбек, адал әрекет, асқақ арман -
ел бақыты туралы еді. Оны мен әр айтқан сайын құбылтып, сөз қайталамай, кейде
тура, кейде топшылап дегендей, жалықтырмай айтуға тырыстым. Оған да өнер керек.
Ия, барған жұмысымыз да - «Бақыттың киносы» деп
аталатын сапар да жақсы, нәтижелі аяқталды. Олар да кеп 0мір көріп, көп білім
алды, халық мектебінен өтті.
Ол да - олжа емес пе? Жақында ол киноны Алматыда
«Кердік, бәрі де жақсы екен», - десіп жатыр. Ұзамай теледидарда көрсетеді. Басшы
азаматтарға тағы да алғыс: машинамен, бензинмен, қонар жер, ішер аспен су тегін
қамтамасыз етіп отырды. Кино жұмысы - керемет машақаты кеп нәрсе екенін мен бұрыннан
да білемін, өйткені ұзақ жыл теледидармен айналысып келем ғой. Жақсы аза- маттар
Қарағүл, Сапабек Жүнісов, Сұлтан, Айдарбек Марат, Бақыт Биғалиұлы, туған ауыл
басшысы - Киікбай, Серікбайлар - не керек, бәрі де сағынысыд көрісіп, сабылысып
қызмет етіп, дүниені бір шайқады. Қазір еркін елміз ғой, бұрын мұндайларды айты
бермейтін. Тағы да жол бойында үй тігіп, өнерпаздарын алға тосып, асқан мол қызметпен
шығарып салды. Бүл жерде менің есіме Нұрханның:
Тәуіштің иір аққан өзенінде
Жаркөлдіц жабындылау кезеңінде, - деген жолдары
түседі. Ия, дәл- осы жер!
Аман бол,
Торғай! Қош! - деуге көңіл қимайды. Біздің алғысымыздан домалаған тастардай қасқа жолда Арқалықты бетке
алып машиналар жүйткиді.
Мақсұт өзі шығарып салып келеді. Жолда Жақсылық бар. Ия, берімізге жақсылық болсын! Арқалықтан тағы
да қарсы алып Ырысты Сариева қарындас түр. Қасында және бір Марат бар. Ол -
Арқалық қаласының жаңа болған басшысы екен. Тәуір жігіт пе деп қалдым. Пәтер сұрағың
келетіндей, елге көшіп кетсем бе екен деп ойлайсың (ойын ғой). Жақсы, жақсы! Ертеңіне,
тіпті ойымызда жоқ, бұлар дала ауданына ала жөнелді. Кәдімгі қайран Есілдің
бойына. Жолшыбай аудан басшысы Сергей, «Баранкөл» совхозының директоры Нүрлыбек
Жаңабергенов (Бүл - менің сүйікті інім. Торғайдың тамаша азаматы болған марқұм
Сәмен Жаңабергеновтің баласы, бұрын облыстық комсомол комитетінде бірінші хатшы
еді) қарсы алысты. Жарықтық Есілдің бір суы толық, көк жойқын тұсына тігілген
екі үйге түсіп, сусындаған соң, моторлы қайықпен жүйткіп кеттік. Сытыр-сытыр
кинолар, фотоапараттар дегендей. Су үстінде салған ән қандай! Сергей мен оның жұбайы
да жас, сыпайы, кенкөңіл адамдар екен. Тіпті тез танысып, жуықтасып кеттік.
Менің орыс ағайынмен тез туысатын қабілетім осы жолы да көрінді. Нүрлыбек ат
мінгізді, мінген - мен болғанмен, иесі - Бақыт. Ол екеуі бұрыннан жолдас
болатын. Есіл бойында көбінесе қарауыл мен таракты елі басым болатын. Солардан
бір-екі ақсақал болды, біреуі менімен құрдас, біреуі екі жас кіші екен. Бұларды
көріп өзімнің де ақсақал екенімді байқадым. Оның бірі маған: - Ғафу, осы жолы
бізге келгенің дұрыс болды-ау, әйтпесе өкпелеп жүр едік. Арқалыққа келе салып,
Торғайына тартады, ау, біз де торғайлық емеспіз бе - деуші едік, - деді. Үндей
алмай қалдым. Әй, бір көптен қатты үялғаным шығар. Сосын барып:
-  Айтқандарыңызға құлдық, көптен
келмегенім рас.
Анау алғашқы облыс тұсында Қима, Державинге, Арқалық ауданы
жеріне барып түрушы едім. Көңілде бөтендік жоқ. Бәріне де жыр, сөз арнадым.
Торғайдың облыс болуындағы үлесіме баспасөздегі алғыстарыңды да оқыдым. Ылғи да
рахметім Сіздерде! - дедім.
Олар қанағаттанғандай болды. Әрине, құшағың жетсе
- кеңірек жайғанға не жетсін!
Одан Ыбекең атындағы педагогика
институтында Торғайдың мүлде жас өркенімен тағы таныстым. Бұлардан байқағаным -
өзгелер намыстанбасын, шынында ағартуға туған, ақылды, оқыған, оқитын саналы ұрпақ
өсіп келеді екен. Олар coнay Ыбекең, Ахаңдарды, бергі біздерді жақсы
білетіндіктерін байқатты. Ал бүл қазіргі біздің есіл-дертіміз ақша қуған
заманда жастардан сирек көре
бастаған қасиет қой. Ия, шынында Арқалық басшысы - Марат жомарт екен,
институттан соң шығарып салу қонақасын беріп, бірінен бірі откен ғажайып күйші
қыздар - қос Анар, Қос Жанар онер корсетті-ау! Рахат дегенге адам тоймайди
екен, Есен бол, Торғай, аман
бол, Тусе де бергей саған жол! - Дедім мен үзеңгіге аяқ салып тұрып.
Алматы
- Арқалық - Торғай