ВЕРНУТЬСЯ

 
          Басқаны қайдам, биыл біздің республикамызда көптеген
той-мереке болды. Уақыт, заман қаншама қиын болғанмен, біз өзіміздің бар
мүмкіншілігімізбен, халықтың еркіндік нұрына шомылған көңілі, ежелгі береке- дуа
дарыған салтымен ұмыт қалған ата-бабалары, ел, жер қорғаған есіл сарбаздарының
аруақтарын шақырып, түлпар түяғымен жер кеудесін біраз рет дүбірлетіп залды.
Осынау тойлар санын тізбелеп қажеті болмас, бір жылдыд қуанышы бір ғасыр бойына
сыймаған кез болдығой. Еркін күнге есесін бір-ақ қайтарып алса несі тәуекел,
сол ықылас-пейілге қарай биыл егін жердің өз түгі де мол болып, иншалла, халық
қапшығы мен қора-қопсысы толып түр. Тіл мен көзден асыл! Дербес өмірге аттаған
алғашқы қадам қүтты Осындай бір ұлы той жақында туысқан қырғыз тауында да
дүбірлетіп өтті. Қырғыздың мереке өткізушеберлігін мен ана бір жылы бүл
халықтың ұлы перзенті, бізге де ортақтығы бар Тоқтағүл Сатылған- ұлының тойында
бір көріп ем. 15-20 мыңға тарта қырғыз тайлы-таяғымен құс қанаты болмаса, адам
аяғы жетпес деген сонау заңғар аспан таудың (Тянь-Шань) қарлы мүзды ақ бас
шыңдарының шырқау биігіне ағылғанын көріп естен танып, бас шайқағанбыз. Суса- мырдан
әрі асып, қыс пен жаздың екеуін қатар бір күн ішінде кешкенбіз. Қырғыздың ұлы
манасшысы - Сағымбай Оразбақ- ұлының туғанына 125 жыл толу тойы еді бүл.
Сағымбай біздің заманымызда-ақ өмір сүргенімен, кеңес уақытында бақытты
болмаған екен. 250-300 мың жолдық Манас эпосын алғаш толық жырлаған да, қағазға түсірген де осы кісі. Бүл жомық (жыршы)
болмағанда, «Манас» әр жерде бір шашырап, тозып кететін екен. Сондықтан Манас»
десе - Сағымбай, Сағымбай десе «Манас» егіз аталады. Ал «Манас» деген қырғыздың
өз аты екені белгілі. Олай болса, Сағымбай тойының айрықша өтуі занды. Бақытсыз
дейтін себеп - Сағымбай «Манасты» жырлаумен қатар, өзі де ірі ақын болған екен
де, шығармаларынан мол мұра қалдырған. Өз туындыларында ол ез заманындағы
оқиғалар мен сол оқиғаларды туғызған ірі қайраткерлерді мадақ тұтып, масаттана
жырлапты. Оның үлкен «жазығы» осында. Өткенді жырлау, жоқтау, хан мен бекті
ардақтау дегенжала жабылып, ел санасынан  зорлықпен өшіріліп, тірісінде-ақ атын
ататтырмай, сәзін жариялатпай қо-
йыпты. Оның орнына оған ілесе
шыққан тағы бір алып манасшы - Саяқбай Қаралиев кезек алып, өмір сахнасында
соның жүлдызы жаныпты. Осы күнге дейін «Манастың»
жарық көрген нұсқалары, біздің қазақ тіліне аударылған төрт томдық «Манасымыз»
да сол Саяқбай жырлаған түрі екен. Сондықтан да қырық-елу жылдағы ел жадында соңғы жомық есімі толық
бедел алған. Той үстіндегі қырғыздардың сөзінде Сағымбай есімі әлсін-әлсін
Саяқбаймен шатастырыла бергені де содан.
Тағдырдың құбылысына не шараң бар?  Бішкектегі
ат шаптырым алаңның алдында қазір Манастың ат үстіндегі ғажайып ескерткіш-статуясы
тұрған, аты «филармония» деп аталатын қырғыздың ең сұлу, салтанат сарайында
қазанның 16-күні Сағымбай Оразбақұлына арналған той шымылдығы ашылды. Қалып
қырғыздың жайсандарымен бірге, туысқан республикалардан шақырылған «Манастың»
аудармашылары - қазақ, езбек, қарақалпақ, орыс, жақүт, татар, башқұрт ақындары, сондай-ақ Қытайда тұратын
150 мын. қырғыз атынан келген Шынжаң өкіметі төрағасы- нын орынбасары Шыршыбек
Сыдық бастаған, сондағы атакты «манасшы» Жүсіп Мамай қарт қостаған үлкен делегация
мүшелері мәжіліс төрінен орын алды.
 Алдында бәрімізбен қол алысып, сәлемдескен президент Асқар Ақаев
бастаған өкімет басшыларының біразы төменге, зал ортасына жайғасты. Салтанатты кешті
Қырғыз республикасының Премьер-министрі Тұрсынбек Шыңғысұлы ашып, жүргізіп
отырды.
Сағымбайдың өмірі, өнер-қызметі жайынан Қырғызстан Жазушылар
одағының бірінші хатшысы Асан Жақсылықов шабытты да шешен, әдемі баяндама
жасады. Жалпы ақын, жазушы, жыраулардың - ұлт мақтанышың халықтың көзі мен құлағы
екені, оларды сақтау, ардақтау жөнінде биік-биік ойлары бар, дербес мемлекеттің
қайраткері есебінде жақсы әсер қалдырды. Қырғызстан халық жазушылары Насреддин
Байтеміров, Сүйінбай Ералиев, Шүкірбек Бисеналиев, олардың ара-арасында Ресейден
«Манастың» 25 мың жолын жалғыз өзі аударған белгілі ақын, жазушы Владимир
Солоухин, Қазақ- станнан - мен, одан әрі Манастың кейінгі аудармашысы, өзбектің
ірі ақыны Сұлтан Ақбари, Қарақалпақтан - Төлепберген Қайыпбергенов, Қытайдан -
Шаршыбек төре, одан былай шешендер,
мәдениет министрі Да- ниял, Нарын облысының әкімі Кемел, Сағымбайдың туған
отаны - Кочкор ауданының әкімі Алтмыш азамат - бәрі де сөз алды. Бәрі де
Сағымбайдың қырғыз халқы үшін атқарған ерлігін, алып адамдық тұлғасын шебер баяндап,
ақын-жыраулардың аруағын армансыз ардақ- тады. Қырғыз өнер-шеберлерінің тамаша
концертінен кейінгі өкімет қонақасында Асқар Ақаев сөз алып, әр ел
делегацияларының Сағымбай жөніндегі жақсы лебіздеріне алғыс айтып, бәріміздің
денсаулығымызға тост көтеріп, қолымызды алды. Әсіресе маған ризашы- лықпен
арнайы ыкылас білдірді, бүл мақтану емес, шындық. Ол сөзім жуырда «Егемен
Қазақстанда» жарық көрді ғой. Асқар ертеңіне Сауд Арабиясына жол жүретінін
айтып, біраз отырыстан соң, рұқсат сұрады одан кейінгі басшылар қарапайым,
достық, туысқандық ыстық сезімдерімен әңгіме-кеңес құрыи, ежелгі қалжыңшыл,
әзілқой қырғыз мінезімен құшақтарына алып, табыла бермейтін тамаша жасап
отырдық. Өз өкіметімнің басшыларымен былай отырып көрмеген маған бүл бір сирек
бақыттай көрінді. Бәрі де салиқалы, байыпты, салқар ойлы, талантты, шешен,
көбіне өнерлі жас буын өкілдері, қарағайдай қайратты да мүсінді жігіттер, ақ
қайыңдай ару. Азаматқа қыз- келіншектер бақыты бар халықтың бүгінгі бейнесінен хабар
береді. Сағымбайдың туған өлкесі - қазіргі Нарын облысы, Кочкор ауданы, бұрынғы
Орман хан ордасының жері екен. Қырғызда не бір шүрайлы тау, алқаптары бар шығар,
бірақ айтушыларға қарағанда, бір бүл ғайып орын болса керек. Мұнда қыста да қар
түспейді. Бішкектен Ыстықкөлге қарай жүріп барып, нақ көлге келгенде оңтүстік
шығысқа жол жалт береді екен де, Кочкор қаласының үстінен түсіреді екен...
Шамасы, төрт сағаттық жол. Бішкек пен Алматы қашықтығынан әрі болмаса, бері
емес. Бішкекте азанғы сағат 7-де қар жауып тұрды. Жазушылар одағының алдында
әлденеше «Икарус», «Рафик» жеңіл машиналары қаптап түр. Алдымызға көзі
жарқылдаған МАИ-ды салып алып, зы-мырай жөнелдік. Қалың қара бұлт, жапалақтаған
қар. - Қап, халыққа обал болды-ау? - деп, біз жолшы- бай ағылған елге қарап
келеміз. Жол ортадан ауып, Ыстықкөлге бет бүрғанда, күн көзі жарқ ете қалып, аспан
шайдай ашылып кетті. Бүл жақта ауа райы мүлде басқа екен. Тау мінезі деген осы:
төменде - түман, биікте - күн. Немесе керісінше. Көңілге қайтадан қуаныш
орнығады. Ән сала бастадық. Қырғыз, қазақ әндері жыртылып айырылады. Рыбачье
(қазір Балықшы аталады) - бүл Ыстықкөл облысының өндіріс орталығы, өзіне
Бішкектен поезд жүреді екен. Қаланы қақ жарып өтіп, көлдің оң қабырғасын құлдилап,
өрге, алыс тауларға кетіп барамыз. Міне, Кочкор деп те аталады екен. Анау біз
еститін Кочкората басқа жақта, Ош танабында екен. Аудан орталығы дейтін емес, кәдімгі
үлкен аумақты қала тәрізді. Салынған ғимараттары да сәнді. Мәдениет сарайының
алдына келіп түстік. Қара құрым халық. Жұрт етегі жинадды-ау де- генде, сарайға
кірдік. Ел сыймайды. Шамасы 500-ге гарта орыны бар сарай өте әсем, көркем
безенген.
Кезінде
айрықша ықыласпен көркейтілген. Бұл
Кочкор - қырғыз өлкесінің еркесіне ұқсайды. Оның үлкен себебі бap екен... Бүл -
жалпы қырғыздың астана есебіндегі бір
кездегі қара шаңырағына, ордасына теңелген. Өйткені осы жерде қырғыздың аса ірі
де соңғы ханы - Орманның ордасы болған. Сағымбай манасшының осы жерде тууында
зандылық бар. Оның бер жағында біздің заманымызда, қырғыз елінің 25 жыл бой басшысы
болған Тұрдыахун Үсібалиевтің отаны да осы екен. Ол бүл жерден несін аясын! Ол
кісі мына сәтте президиум төрінде, арамызда бір-ақ адам бар, менімен қатар
отыр. Кеше қол алысып амандасқанбыз. Әлі де жігіт секілді, қара торы шағын
денелі, бүркіт түмсықты, қайратты ширақ кепі езгермеген. Қалпынан баяғы
зиялылардың байсалды да сипайы, таза құстың баласындай тәрбиелілік пен
мәдениеттіліктің лебі ескендей. Қазіргі қырғыз басшылары өзі тәрбиелеген
адамдары болуы мүмкін, оның алдында бәрі жапырыла сәлемдесіп, құрмет жасайтындай,
бір түрлі нәзік иба, ізет байқалады. Бірақ әр нәрсе ез орнында, белгілі бір ара
қашықтық сақталатын секілді. Бүл кісі ескі күнін еске алып, оршілік мінез
танытпайды. Жаңалары тым жалпылдап, жалтақтамайды. Соңғысында билікке масаттану
жоқ, жауап кершілікті ойлай беру басым секілді. Менің байқағанымның бірі осы
болды. Премьер-министр тағы да бастап кетті, яғни Тұрсынбек, тағы да жазушылар
басшысы Асан сол кешегі баяндамасын жасады. Кешегідей емес, мынау зал мүлде басқа,
халықтың нағыз өзі, неше түрлі тұрмыс-кәсіп өкілдері,
ине шаншар жер жоқ, көбі түрегеп түр. Кеше тапсырма беріп, таңдап шығарғаннан
ба, әлде зал үлкен бе, адам сұйықтау секілді көрінген, бүгін мұнда халықтың исі шығып, той десе елендеген,
аласүрған қан тынысы мен жүрек дүрсілі естілгендей. Мұндайда ескі сәзің
жаңарып, шамалы даусың құдіреттеніп, то- сын бір күшке ие боларын қайтерсің.
Кеше әбден қанып тындасам да, Асан сөзі бүгін маған тіпті де зорайып естілді.
Қайран халық-ай, адамды көтеріп кетесің-ау! Әрине, егер арқаң болса! Сөз Тұрдыахун
Үсібалиевке берілгенде, мынау хал жарылып кете жаздады. Ол асықпай-саспай,
жылдар бойы жиналған сөз сойлсу тәжірибесімен алдын ала миында кезекте тұрған ойларды
жік-жігімен айтып, қайырып тастап, кұлаққа жеткізе, сіңіре шегелей, шешен
өрбітеді екен. Қазіргі егемендік, дербес мемлекет алдында тұрған ұлттың ерлеу
жағдайы, ояну сатылары жайында болып келген кемшіліктер, окініштерді жағалап
келіп, замана мінезінен пайда болған олқылықтарды айтты. Қалай бол- ғанда да
істелген игілікті істер, алаңсыз ел болып төккен тер жетпіс жылдық ұлт, халық
үшін босқа кетпегендігі жайында шын мемлекет қайраткеріне, ел ағасына лайық
биіктен сөз айтқанына бәріміз риза болдық. Ол сөзде мен үшін де, басқалар үшін
де бір күтпеген сәт - сәт емес-ау,
бірнеше минут бойына біздің Диме- кең туралы айтқандары болды. «Жиырма екі жыл
бойына, - деді ол, - Дінмүхамед Ахметұлы Қонаев КОКП Саяси Бюросының мүшесі
болғанда Орта Азия мен Қазақстанның шын мәніндегі ағасы, арқа сүйенген қамқоршысы
болды. Бұл - оның тарихи еңбегі. Қазақ халқы
оны ұмытпады, қиын қырсық кезде, соңғы аласапыранда да қорлыққа берген жоқ,
ғайбаттаған жоқ, қалпынша орнынша әлі сақтап, құрметтеп келеді, - деді. Осы жерде халық тебіреніске түсіп, ұзақ
қол соқты.Өзбек, қарақалпақтар да «бәрекелді» десіп, өз жағда- йындағы өкінішті
істерді еске алысқаны байқалды. Мен, әрине,
қозғалақтап, ұзақ тынши алмадым. Көңілімді тосын бір мақтаныш билеп кетті.
Қырғыздың бұрынғы көсемі, қазіргі қадірлі ағасы, бүл сөзінде не айтқысы келгенін
жұрт өзінше әр түрлі жобалады. Әйтеуір, Қазақстан делегациясы үшін, мен үшін
айтпағаны белгілі ғой. Шынымды айтайын «күтпеген едім» деп отырғаным, үлкендер
туралы кім не естімейді, баяғыда осы екі кісінің арасы тәуір болмаған кезі бар
деп естуші едік, оған өзімізше қырғыз жазушылары мен қазақ жазушыларының шамасы
жиырма жылдай араласа алмай қойғанын сол себептен деп түсінуші едім. Өзімді де
айтсам, тағы да сөз беріліп, бұл жолы залмен қоян-қолтық сөйлесе, ағайындық, құдандалдық
жайымен «Манасты» қазақтың да қадірлейтінін, тіпті  той-домалақта қырғыз тілінде айтатын қазақ
жыршылары барын айтып, «Манастың» өзім аударған тарауынан үзінді оқып беріп ем,
халық қатты риза болып, ұзақ қол шапалақтап тұрып алды. Манасшыларша екпіндетіп,
дүрілдетіп окып едім. Заддан «Өзің де манасшы екенсің!» - деген үндер шықты.
Димекенді мақтаған соң, оның елшісі - менің бұлай абыройлы болуым, әрине,
қазақтың заңцы мақтанышы еді. Осылайша, салтанат дәстүрімен талай шешендер сөз алып,
Сағымбайдың музейіне деген тарту-таралғыларын улестірді. Айтқандай, Үсібалиев
сөзінің соңында музей- ге толып жатқан аса сирек те құнды кітаптарды Тарту етті.
Әсіресе Радловтың «Манасты» зерттеу кітабы мен орыс тілінде тұңғыш жарияланған
аудармасы бар, қалындығы қарыстай, былғары қапты, қара кітапты сыйлап: «Бұл өзіме
де қимайтын, уақытым жүріп тұрғанда колға түсірген асыл мүлкім еді, музейге,
Сағымбай аруағына, жерлес бауырыма қидым», - деді. Бұл арада да өзінің халық
мәдениеті, ғылымы, өнері мен рухани мұрасына жанашыр ағалығы мен білімдарлығын
танытып еді. Ғылыми жұмыспен, жинақтаушы, зерттеушілікпен айналысады-ау деп қалдым.
Бұл күнгі салтанатты кештің енді бір ерекшелігі - дәл осы кезге дейін
манасшылар ұрпағының жалғасып келе жатқаныныд айғағындай - төрт бірдей манасшы-
ның (әр ұрпақтан) алма-кезек жырлауы еді. Әсіресе Сағымбайдың ұрпағы - жиен
қызынан туған жиеншар - сегіз жасар Қанаттың «Манасты» орындауы керемет  әсер
етті. Жалпы, бүкіл қырғыз «Манасты» құранын- дай, ұранындай сыйлайтынын,
қастерлейтінін сол күнгі ұлы концертте әдемі-ақ көрсетті. Сол концерттен соң
қонақ үйдің үлкен залында алыстан келген қонақтарға республика, облыс, аудан әкімдерінің,
басшы азаматтардың сый дастарханы тағы бір ерекшелігімен есте қалды. Нарын
облыстық әкімі Кемел басқарған кеш, «сөз сөйлеп, ас жеп, аяқ босату»емес, олар
өздері бастап, жұбайлары қостап, қырғыздың ән, жырын ағытты дейсің. Кемел
қомызда ғажап
ойнайды екен. Өзі де, қомыз да
сағым арасында тұрғандай бүлдыр қағады. Мәдениет министрі Даниялбір кезде
Бүкілодақтық гитармен ән орындау жарысының жүлдесін алған жүйрік екен, ол мың құбылтып
ән  салды. Екі жоғары басшы Медетбек
Шерімқұлов пен Тұрсынбек Шыңғысовтар да халық әндерін қошеметтеп отырды. Аудан
әкімі Алтмыш, прокурор Абай жұбайларымен қосылып айтып, көп қызмет көрсетті-ау!
Міне, осы өзгешелік - бұрынғы
сірескен заң, адамдықты бүркеген төрешілдік, жалған сыпайылық, жансыз тірліктен
артық емес деп кім айтар?! Жаңа күннің басшысы деген сол екен, олар да адам,
пенде екен, оның Үстіне талантты адамдар, кешегі жайсаң жастар екен. Мұны қалай
айтпайсың, бұған қалай қуанбайсың?
 -.Ертеңіне күн ұзын ұлан-асыр тойдың басында біз ұғынбай атындағы орта
мектепке ағылып, оның ал- дындағы Сағымбай ескерткішін ашу салтанатына қаты- насып,
мектептің 5-6 белмесін алып жатқан музейді ашып, оның жиһаздары, естелік
мүліктерімен танысып, сан мекеме, сан облыс, аудан өкілдері, Қытай қыршз- дары
делегациясы мен біз алып келген тарту-таралғы- мызды тапсырдық.
Ерлер
қолдан соққан ер-түрман, ұсталық өнер заттарын, аналар, қыз-келіншектер өр- некті
кілем, алаша, шапан-шақпыт дегендей, қолдан тіккен әшекейлі мүкәмәлар сыйлады.
Музей әп-сәтте жасанып шыға келді десе болғандай. Мұнда жиналған халықта есеп
жоқ. Ойда да, сайда да, тауда да, таста да деген құж-құж қайнаған ел. Қырғыздың
нағыз ұлы жиыны осы екен. Ғажап үлкен ойпат, алқапты қақ жарып тұрған биік тебе
үстінде керемет биік күмбез орнаған, біздердегідей төрт бұрыштанған емес,
сопақшалау да, тіпті ұзын, биік,
бұлтқа шаншыла салынған.
Самарқанд күмбездерін еске түсіреді, салтанатты-ақ екен. Бұл - Сағымбай басына орнаған күмбез.
Жотаның түстік жағындағы астында, екінші алқапта 125 киіз үй тігілген. Оларда қырғыз
хан, би, бек батырларының аттары жазылған
ауылдар үйірі. Ал солтүстік беті
- той алаңы. Аланда бізге қарсы қарап ашылған алып сахнада қырғыз қыздары
Ыстықкөлде жүзіп жүрген аққулар сияқты биін орындап, одан бір суырыпсалма,
айтқыш ақын бүгінгі қызықтың жоспарын өлеңмен жырлап, таныстырып өтті. Одан соң
ақсақалды, ақ киімді Сағым- бай жыраудың өзі сахна төрінде халыққа сөз арнап, Сағымбай
өмірінен бер жақ бетте пьесадан үзінділер қойылып,
артистер ойнап шығып, ал сахна мен екі ор- тадағы жазықта «Манастың» Алтайдан
Алатауға көшукеруені көз алдымыдан тізіліп өтіп жатты. Онан соң оның соғыстарынан көріністер берілді. Кіші
бесін шамасында - тойдың тәжіндей көретін бәйге кезегі де келді-ау! Өрекпіген
көңіл жаңа басыла беріп, жүрек қайта
дүрсіл қағады. Құнан бәйге, жорға жарыс, ат шабыс болып, үш салаға бөлінді.
Жарыс алабының шеңбері төрт шақырым екен. Құнан бес айналады, жорға жеті
айналады, ат он айналады. Сонда 20- 25-40 шақырым деген сөз. Қазақтағыдан бұлардын
өресі тым алыстау көрінеді маған. Әсіресе жорғаға обал секілді. Мұнда бір
ерекшелік - аудан, облыс әкімдерінің жеке меншік жүйріктері, бәйге аттары
болады екен. Мысалы - құнан бәйгеге облыс әкімі Кемелдін ер құнаны бірінші
келді. Жарысқа елу қүнан, жетпіс орға, жүз сексен ат қосылды. Аттарды нөмірлеп,
қайдан екенін таныстырғанда, Қазақстан - Жамбыл аудаңы Ұзынағаштан бір ат
қосылғанын хабарлаған. Менің жүрегім бір дүр ете қалған. Қайран - намыс-ай
десеңщі! Жүз сексен аттан жалғыз қазақ аты қайдан келсін деп үмітсіз қол
сілтемейін. Қасымдағы қырғыз жазушылары да маған әрі мүсіркей, әрі тілектес
көзбен қарап қояды. Бас бәйге түйе бастатқан тоғыз. Мақнысы  түйе, ат, сиыр, қой, ешкі, қамқа тон, қасқыр
ішік - деген болып кете береді. Екінші бәйге - бір түйе, бір ат, үшінші - екі
ат, төртінші-бесіншісі - бір ат, бір қой ма әйтеуір... Үсібалиевтің аты -
үшінші, Ұзынағаш тұлпары төртінші болып келді. Ғажап қуандым. «Төртінші - Қазақстан»,
- деген адамның ұшып тұрып бетінен сүйіп алдым. Алыста жүрсе қан тіпті
қозғалғыш келеді екен-ай! Осының бәрін ұзақ суреттеуімдегі мәніс - қырғыз бауырлардың
туыстығында күмән жоқ болғанмен, біз қазақтар, «жақын екен бізге» сүйеніп,
олардың халыктық, ұлттық салт-дәстүрі, мінез-құлқы дегендерін біле бермейміз.
Мемлекеттік түрғыдағы жаңа қатынаста өмір араласында біз осы жағына енді баса
назар аударуымыз керек. Білген үстіне білу - қадірлестіктің белгісі, шын сыйластықтың
негізі болмақ. Қаншама халық мінезі, сипаты, қасиеті - не ұлы қасірет, не ұлы
той, қуанышта көрінеді ғой. Бұл сапар толғауында осы көргенімді пікір
араластыра отырып, қорытындылап, оқушыға ұсынып, танымдық, білімдік маңызы бола
ма деген ойымды айтпақ едім. Тойды тойлай білу - халықтық қасиет болумен қатар,
уақыт- ша емес, ұзақ маңызға ие. Топырлатып той жасау - жоспарлық, науқандық іс
емес, ел бірлігінің, ұлт туыс- тығының айнасы болғаны абзал! Бішкек, 1992 жылғы қазан