ВЕРНУТЬСЯ

     Балам,сені осы көп 
Айтып жүр ғой
жақсы деп,
Мен өзім де
ойламан
Ақыл сенде тапшы
деп.
Көз тиіп ед бір рет,
Жүрек сорлы
дірілдеп,
Жарыла жаздап,
сау қалды
Естіген соң
"тірі" деп.
Оның несін
айтайын,
Шүкірлікке
қайтайын,
Көргенімде қуанам
Жеті сайын, ай сайын.
Мен ұлғайган
шығармын,
Сендегі өмір-жол
әсем,
Ақындықты бір
алдың,
Ақылымды көп ал,
сен!
Кәрі таудың қойнында
Жыл жинаған кені көп.
Кәрі адамның
бойында
Ақыл жимас жері
жоқ.
Ақша деген бір күнгі
Бола қалған олжа ғой.
Ақыл деген мың
жылғы
Тозу білмес қорда
ғой!
Мендегі арман - жұмыс тек,
Қолым тисе - мың тәубе!
Маңдайыңнан
иіскеп,
Шашыңды бір
сипауға!
Ынсап пенен ынтаның
Емі - өзіңді сәл
билеу.
Сенің де бір
іңкәрің -
Өз балаңды
әлдилеу.
Білемін мен, нанамын,
Шаңырақты сақтайсың.
Ең асылы,
қарағым,
Кісілікті
баққайсың.