ВЕРНУТЬСЯ

            Сонау бір Абылай-замен алыстағы, 
Қазақтың қасқа маңдай данышпаны.
Ханы да, батыры да бас шұлғыған
Адамның алтын
жалды Арыстаны.
Есіме Бұхар
түссе, таңдай қағам,
Дүниеге келген-ау
деп мұндай да адам.
Зар болған бір
сөзіне өткізе алмай
Байың да бар
дәулетін мыңды айдаған.
Бұхардай
буып-түйіп айта алар ма
Бір сөзін бүкіл
ру тайпаларға,
Тоқтаған қашқан
керей, босқан арғын,
Жүре алмай Қыпшақ
жүгін тартқан арба.
Түстікте Үйсін-аға, батыста Әлім -
Сөзімен шешкен
түйіп шатысқанын,
Жүгінткен
Абылайдың алдына әкеп,
Тоқтатқан
ағайынның айтыстарын.
Төккенде жыр маржанын түйдек-түйдек,
Жүк болар
тарта алмайтын атан сүйреп.
Қазақта қасиет
сөздің қазынасы,-
Бұхардай бұл
тарихта адам сирек!
Бұл күнде үш жүз
жылда жиырма беске
Толғанда, түсер
ғасыр ғүмыр еске.
Қазақтың қандай
халық болғандығын
Сол Бұхар
дәлелдеген - Ұлы емес пе?
Не айтайын Бұхар
десе, бұдан басқа,
Бір сөзім бермейтұғын
бір алмасқа,-
Тілеймін - тағы
да бір Бұхар тусын,
Тағы да ақыл
айтар алты алашқа!