Тоқсанға толған күніңде,
Тоғыса алмадың халқыңмен.
Көрісе алмадың
дүние,
дүние,
Дүрілдеп тұрған
даңқыңмен.
даңқыңмен.
Таусылды, тағат амалым,
Даусыңды ғана тыңдатып.
"Жоқ" деген
қиын қамалдың
қиын қамалдың
Ар жағынан үн
қатып.
қатып.
Ғайып боп ғажап кескінің -
Патшадай мүсін, ай маңдай.
Қағасың бұлдыр
кешқұрым,
кешқұрым,
Ауаға жұпар
жайғандай.
жайғандай.
Қайтара алмай өзіме
Алланың қатал бұйрығын,
Көрінбей қалдың
көзіме,
көзіме,
Айбыны асқар
биігім.
биігім.
Халықпен өмір бір кешкен
Даңғайыр, дархан данышпан.
Еңбегіңді айтып
түгеспен,
түгеспен,
Қадіріңді айтып
тауыспан.
тауыспан.
Сағындым мұңнан айықпай,
"Қасымда жоқ" деп ағам да.
Ескексіз мынау
қайықтай
қайықтай
Қалтылдап тұрған
заманда.
заманда.
Баяны қысқа аз дәурен,
Өтерсің сен де
біздерден.
біздерден.
Арыстандарды аңсаумен
Арыстарымды іздеумен.
1992
- 108 просмотров