ВЕРНУТЬСЯ

Өмірдің сонау таңғы шағында, балалық, жастық кездерде
кездестіріп, содан осы уақытқа дейін еріксіз есіме түсіп, езу тартқызатын
ерекше қызық мінезді кісілер бар еді. Тіпті ет бауыр жақының не құдандалы жекжатың
болмаса да, жүмбақ бір жақындық, туыстық, сезілетін еді солардан.
Бұларды
көз алдыма әкелсем, өткен дәуреннің буылдыр түманынан баяғы сол кескіндерімен
жарқырай шығып, бейне тірі кісілердей Жан -жағына жарық түсіріп, менімен
сөйлескендей болады, дауыстарын естимін. Біздің де өмір екіндіге таян- дьі.
Енді аз да болса, соларды мен еске алмағанда, кім еске алады. Оларды білетін
адамдар да жоқтың қасы. шіркін, қәзір ойлаймын, солар бір мықты прозашы, романшының
таптырмайтын даяр типтері, образдары да болар еді-ау деп. Әр елде, әр ауылда да
жаратылысы, мінезі ерекше адамдар бар ғой, соларды көре бермейміз. Тірліктің
бір қапысы сонда. Мынау сүрықсыз өмірде қызық жасап беретін қызық-қызық адамдар
қайда кетті, япыр-ау?! деп, сағынып жазғаным да есімде.
Сонымен... Саламаттың
Ғаббасы Бүл кісіні мен елуінші жылдардың басында үлғайған кезінде жолықтырдым.
Бір топ жігіт, ішінде Қайнекей Жармағанбетов, Тәкен Әбдірахманов бар,
Қостанайдан Торғайға келе жаттық. Қалаға жеті шақырымдай қалғанда өрістен суға құлап
келе жатқан көп сиырға кездестік. Соңында бақташысы - бір кексе, тіпті шал болған, аласа бойлы, көнетоз
шляпасы бар, қоңқақ мұрынды, шүңірек өткір көзді, қалың қабағының ұзын
қылшықтары ақшыл тартқан кісіге жолығып, машинадан түсе-түсе қап, сәлем бердік.
- Қартайғанда бір ермек - сиыр
бағып жүрмін, шырақтарым, - деді ақсақал.
Қайнекей мен Есман дейтін менің
бір ағам бүл кісіні әбден таниды екен. Солар шүйіркелесіп көп сөйлесті. Ал енді
Саламаттың Еаббасы, кәдімгі ел білетін «Байпақ сот» - осы кісі деді Есман аға,
өзі сөзшең, айтқыш та, шапшаң мінезді адам еді, - әңгімені былай шыға бере
бастап кетті.  Ғабекең, - деді ол, -
Торғайдағы қарт, өз айтуынша бір кезде Оралда атты әскер құрылып, соның Қатарында
соғыстым, құрамында болдым, - дейді. Бәлкім, онысы рас та шығар, бірақ оны
естіген жұрт онша сене бермейді, өйткені оған өзі себепші екен, - соғысып
жүріп, елді сағынып, Торғайға аққудың қанаымең ұшып келдім дейтін керінеді.
Жасында өзі фанатик, романтик де болыпты, - дейді Есағаң. Кейде - аққу емес,
табанымның астынан бомба (доп) Жарылып, соның дүмпуімен Торғайдан бір-ақ
шықтым  деп те, өзгертеді екен. Өзі бірақ
нағыз өтірікші емес оның өтірігі осымен бітеді. «Байпақ сот« атануы Ақтөбе ме,
Қостанай жақтан ба, алғаш Торғайға халық соты болып келсе керек. Уақыт қыс
екен, аяғына ақ пима киіц келіпті. Ол кезде Торғайда пиманы көрмеген ел: «Мұнысы
несі?» - деп, таңырқап болған соң, Ғабекең жоқ. Сот болғанда да қызық сот
болыпты. Алғашқы жиырмасың, шы жылдардың басы ғой. Қасында милициялары бар ауыл-ауылды
аралап, ат үстінде жүріп, ауызша соттай береді екен. Он шақты солдат далада
келе жатып біреуінің өзі, біреуінің сөзі жақпай қалса, - Ғабекең' «Ей, саған үш
жыл, саған бір жыл», - деп салады екен де, милиция айдап әкете береді. Әсіресе
ел көп айтатын бір әңгіме, - бір жолы ішінде бір қазағы бар, он орыс мал ұрлап,
жылқы алып, қылмысты болып, ұсталса керек. Ғабекең жұртты алқа қотан отырғызып қойып,
айыптылармен көп сөзге келмей, орнынан тұрып, саусағының басымен нұсқап сөйлей
бастайды, сөзі - үкімі.
-        «Сен
орысқа - он жыл, сен орысқа он жыл», - деп, санап келіп, - сен қазақ қүтылдың,
- депті. Сонда әлгі санағанның ішінде ұмыт қалған бір орыс: - Азамат, судья,
мені көрсетпедіңіз, маған қанша? - деп сұрап қалса:
-        Саған
да он жыл, - депті. Сұрап несі бар десейші! Бір жолы Ғабекеңнің өзінің туған
інісі айыпты боп қалып, алдында отырса: - «Фамилияң кім? - дейтін көрінеді
қағаздан басын алмай.
-        Екеуміздікі
бірдей емес пе? - дейді інісі де - бір қисық екен.
 -       Жоқ,
болмайды, жолдас, заңның аты - заң, айт фамилиянды, - дейтін көрінеді. Осындай
қызықтары көп. Қағаз деймін-ау, Ғабекеңде сауат та жоқтың қасы болса
керек, ол кезде сот дегенсін, оның білімін кім тексереді, әрі ішкі жақтан
келсе. - Осы қырық жылдың ішінде, - дейді Есағаң, - Ғабекеңнің істемеген қызметі
жоқ, Торғайдың ең ескі қарттарының бірі болған соң, не қызмет сұраса, райком
бере берген. Мамандығын, білімін біле тұра, ешкім сұрамайды. Бір күні бар
қызмет атаулының бәрін байқап, аткдрып болған соң, осы беріректе Ғабекең
райкомнан тағы қызмет сұрап келіп отырса керек. Бүл кісінің жайын жақсы білетін
әрі өткірлеу бір хатшы екен: - He қызмет
керек? - десе, Ғабекең: «мен енді мұғалім боламын», - депті. Хатшы не дерін білмей
қапты. Сыпайылық сақтап, аздан соң барып: - Қай кластарға сабақ берер едіңіз? -
депті. - Төменгі класс па әлде жоғары кластарға ма? - деп, ішінен мырс етіп кояды.
 Бір беткей Ғабекең: - Жоғарғысы ғой, - дейді. Тағы
сасқан хатшы:
-          Жоғарғы
болғанда, онда әр пәннің бөлек-бөлек маманы болады ғой, Сіз қай пәннің маманы
едіңіз? - дейді хатшы, «ей, осы жерден не ғылар екенсіз?» - деп, күлімсіреп
тоса қалып. Ғабекең ойланбастан: - Мамандығым жағрапия, - депті.
-          Ар
жағы не болғанын білмеймін, - дейді Есағаң, өзі де мәз боп, - мәселе сөзінде
ғой, нәтижесін кім іздейді. Енді, міне, жетпістің тұсында сиыр бағып жүр. Ал осы
адамның тағдыры қызық-ақ тағдыр емес пе, жазушыларым-ау?..
Есқожа Доспанғожин Ел бүл кісіні осылай ресми
аты-жөнімен атайды...
Әзі де көзі тірісінде қағазға қол қойғанда да,
телефонмен сөйлескенде де өзін осылай таныстырады, өзгеден де соны талап етеді
екен.
Есекең сонау отызыншы жылдардың ортасынан Торғайда маслопром деген
меке- ме орнасымен, соған бастық болып, ұзақ жыл істесе керек. Бір қызығы - осы
адамдардың мінезі, айтқан сөзі, іс қылығы сол мекемелерге байланысты болып келеді.
Менің айтатыным, әлгі Есман аға секілді ел әзілін,
күлкісін жинап жүретін адамдардан естіген сөз, бұлар - менің көрген адамдарым.
Бірақ біз ол кезде өте жаспыз, кісі қатарында саналмайтын кез. Ал бұлар болса -
20 - 30 - 40-жылдардың ел басшылары ғой. Алғашқы буын өкілдері, тиіп-қашып
сауаттанғандар, көбінесе ат үстінде, баска сөзде шаруасы бола бермеген. Ел
аузындағы Есағаң сәзіне көшейік. Бұл ағаң маслопром бастығы болған шақта,
Торғай Қостанайға
Қараған кезі, соғыстың алдынан
үш-төрт жыл бұрын. Есағаң Қостанайға телеграмма соғады: Город Кустаиайим, облмайим
(маслопром) 1945 жылы Торғайда адамдарды қырып кете жаздаған сүзек ауруынан
Есағаң да ауырып жатса керек. Шайхан деген кісіні шақырып алады. (Бұл кісі
жайында да кейін айтамын. - Сен маған аудандық партия хатшысы Бөкешев жолдасқа
өсиет арыз жазып бер, осыекі-үш күннен қалмаймын, сірә, - дейді. Шайхан дереу
қағаз, қаламды дайындап, аузына қарайды. Есекең арыздың басын, адресін шұбыртып
айтып келіп: - «Өлген Доспанғожиннен арыз» деп жаз, - дейді. Шайхан күлмейтін
кісі, сарт дегізіп жаза қояды. Содан әрі: - Мен болсам, келмеске аттанып барам.
Кезінде беремін деп, Торғайдың мекеме басшылары қарызға сары май алған, әлі
берген жоқ, соларды өндіріп алып, үкіметке түсіруіңізді сұраймын, - менің мойнымда
кетпесін, - деп, әлгілерді құлағынан тізіп, жаздырады. Ішінде Шайханның өзі де
бар. Ол адал жазып шығады да, аяғына Есекең тағы да - «өлген Доспанғожин» -
деп, жаздырып, ентігіп отырып, қол қояды, жарықтық!
Бұл аурудан Есекең аман қалады.
Соғыстың аяғындағы бір жылдарда, ауылдың төрағасы болып қызмет істеп жүргенде,
райкомнан хабар келеді: - Жданов жолдас қайтыс болды, соны ауылды жинап, елге естіртесің
өзің, - дейді. Есекең жаман қорқады. Райкомнан «рас па?» деп, қайта-қайта сұрайды.
Олар бұған үрысып, одан сайын қорқытып жібереді. Амал жоқ, елді клубқа жинап
қойып, Есекең әрі ойланып, бері ойланып, ақырында, орнынан түрегеліп: - Жолдастар,
менің түрім қалай болып түр? - деп сұрайды- Елде қулар аз ба, - Есеке, бір
түрлі жүдеп, қаныңыз қашып, азып түрсыз ғой, - дейді.
- Әй, бәрекелді, дұрыс таптың, -
дейді Есекең. - Маданов қайтыс болды. Тілеудің Шайханы Бүл ағаны өзгелерінен
гөрі өте жақсы білетін едім. «Желкайық» повесінде жазғаным да бар. Білетінім -
он бес жасымда, 43 жылы райсоюзда қызметті ол кісімен  бірге істедім. Шайханнан басқамыз - кілең бала,
соғыс кезі, елде түк ересек қалмады десе болғандай. Шайхан өте әңгімешіл кісі
еді, үнемі жымиып отыратын әдеті, қабағын түйгені өзіне жарасқанын көргем жоқ.
Енді ойласам ол - таза шығармашылық, жанынан тауып айтатын онердің иесі еді.
Күнде бізге ертемен көрісе салып, хикаяны бастап кететін. Ылғи ертемен, түстен
кейін әңгіме айтпайды. Біз жем күткен балапандарша аузымызды ашып тыңдаймыз.
Күнде жаңа әңгіме - бас кейіпкері өзі болып келеді. Ол кезде мен өлең жазып, ауданда
белгілі ақын болып қалғанмын. Маған оқиға, сюжет керек. Сол әңгімелерден «Түн
асқан окиғалары» деген цикл топтама хикаялар жазғанмын да, оны ойын-тойда
домбырамен айтып тарататынмын. Осы кезде көзі тірі адамдар жақсы біледі. Қысқаша
үшеуін айтып берейін. «Түн асқан« дейтін себеп - әңгіме, оқиға ылғи түнде
болады. - Бір күні түнде, - дейді Шайхан, - кинодан кеш шығып, келіншектермен
қала шетінде жүріп қап, қора-қораның арасымен үйіме жақындап қалып ем.
Астапыралла, - дейді Шахаң, көзін бақшырайтып, шошынған кескінмен, -
Астапыралла, алдымнан айдың күңгірт сәулесінде басы шаңырақтай, денесі
жіп-жіңішке бір пәле шыға келді. Зәрем зәр түбіне кетіп, тұра кеп қаштым. Арғы
бір қораның тасасында бүғып тұрып Қараймын. Әлгі пәле зым-зыя жоқ боп кетіп,
қайтадан қауқайып шыға келеді. Солайша арасына бес-он минут салып, көзіме төрт
рет көрінді. ІІІамасы жарты сағаттай отырып, әлгі енді көрінбеген соң, орнымнан
шығып, үйге беттедім. Алдымнан кәдімгі адам нұсқадағы біреу жолықты. Даусынан
байқадым, бұрын таныс жігіт екен. - Түн жамылып неғып жүрсің? - деп ем, - Ей,
бір арамқатқыр өгіздерім жоқ, байлаған жерден шешіліп кеткен бе, соны іздеп...
дей салды да, кете берді. Астапыралла, - дейді Шайхан, - ол бізді осынысымен
үйіріп алатын әдісі екен, астапыралла, үйіме келсем, отын, шөпке сайлаған
алапты ридуан арба тұрған есік алдында түр еді, енді сол арбам шоңқайып жерде
жатыр. Төрт доңғалықты сыпырып кеткен. Бақсам, бар ғой, балалар, әлгі «түнасқан
пәлекет» екең қақсатып кеткен. Доңғалақты босатып алған күйде басына көтереді екен,
айдың шала жарығында, әлгің үлкейіп, шаңырақтай көрінеді екен, бәтшағар! Әлгі
өгіз іздеймін деген қу үрымның нағыз өзі болып шықты! Ал, осы қызық емес пе? -
деп мәз болып, шалқалақтап күледі Шайхан.
- Енді бірде дейді - Шайхан, -
түн ортасы кезінде дәрет қысып, сыртқа шықтым. Дәретхана көршімен ортақ, өзі
арғы қораның арғы шетінде әжептәуір жер. Есігі ашық екен, келе бергенім сол
еді, астапыралла, - дейді Шахаң, - тағы да көзі бажырайып, түсі суып кеткен,
астапыралла, ішінде аппақ бірдеме отыр. Адам дейін десең - бас-аяғы көрінбейді.
Қой, не түрыс бар, - дедім де, - жерден шеңгелдеп бір уыс топырақ алып, дәуде
болса бастың тұсы-ау деп, шашып кеп жібердім. Сол сол-ақ екен, - астапыралла, -
дейді Шахаң одан сайын беті тыржиып, көзі бақырайып, - сол сол-ақ екен,
бырқ-бырқ еткен бір жаман дыбыс шығып, артынша қорсылдағандай болып, маған
қарай әлгі пәле тұра жүгірді. Ал да қаш. Заулап келем. Күн жаз ғой, киген
кебісім ұшып кетіп, жалаңаяқ сілтеймін кеп. Жаңағы қорсылдаған дыбыс, ағараңцаған
қыр соңымнан қалар емес. Адамда жүйрік мен едім десем, мынауың менен де сорақы
екен, таяп- таяп қалады. Өздерің білесіңдер, Пионер көшесімен томен құлдилап,
одап үлкен көшемен банкіні жағалап, моншаға тақап қалып ем, әлгі алдымды орап,
кері қарай қаштым, бетім Торғайдың өзені. He керек, оған жеткізбедім,
«бойняның» бер жағындағы төбешікте қуып
жетті. Жетті де, етпемнен салып қойып, төмпештей бастады. Қолының қаруынан
байқаймын, албасты емес, кәдімгі адам сыяқты. Адам болған соң қарап өлейін бе, алыса кеттім. Ит жығыс болып жатқан
сәгте әлгім: - ой, сен Шайхан емессің бе? - дегені ғой. - Ия, сен кімсің? -
дедім үсті-басымды қағып, түзеліп
алған соң. Бүл кезде таң да қылаң беріп қалған екен. Қарасам - Бәйеке дегеп
өзімнің көршім. Мұрнының желі бар, мыңқылдаңқырап сөйлейтін кісі еді, әлгі
шашқан топырақ кеңсірегіне кептеліп қалып, Коркылдайтыны сол екен. Ой, ғаламат
бола береді екен ғой...
-          Тағы
бір түндегі оқиғаны айтып тастайын, - деді Шайхан келесі күндерде. Баламысың
деген, күнде Шахаңмен кездесуге асығамыз. Ол бізге қызық хикаялы (детектив)
кітап секілді еді, жарықтық.
-          Торғайда
оңған отын бар ма - жазда, күзде жинаған тезек, көкпек, жусан, қамыс қой,
білесіңдер. Қорада бес арбадай үюлі көкбегім бар еді, күнде отын адуға барсам,
кекбегімнің бүйірі омсырайып қала береді. Яғни суық қол бар деген сөз. He айла
жасасам екен, үрыны қалай ұстасам екен? - деп ойға кеттім. Таптым. Қорамда бір
баяғыдан тат басып жатқан қаз қақпан бар еді. Соны тауып алып, әлгі отын уңірейген
жерге кешке қарай құрып, сағағына жуан жіп тағып, оны сүйретіп әкеп үйдің
есігінен өткізіп, одан төргі бөлмедегі керуеттің басына жеткізіп, түнде жатарда
башпайыма іліп жаттым. Түн ішінде башпайымды тартып әкетіп барады. Жалма-жан ұшып
тұрып, аяғыма кебісті іле can, сыртқа ұмтылайын. Барсам, бір үп-үлкен бірдеме жалп-жалп
етіп, тұра алмай жатыр. Арасында
«Аллай, қырсық, бұ қандай ит екен, мұнысы несі, қақпан ба өзі?» - деп, жақындап
келген маған тіл қатты.
Қарасам - көрші кемпір екен, кақпан аяғын
қиып кете жаздапты. Әрең босатып
алдым.
-          Осында
бір иттер отынымды ұрлап қояр емес, сосын істеген амалым еді, - дедім де,
жайыма кеттім. Ал осы қызық емес пе, балалар? - деп екі алақанын шап еткізеді
Шайхан. Ия, Шайхаң өте қызық адам еді-ау. Оның хикаялары оз алдына бір кітап
болар еді. Осылар табиғатында жазушы болып туып, бірақ мәнін түсінбей, іштей
қор болып кеткен таланттар-ау! Егізбайдың Айсасы Халық «Алтын тіс Айса» деп те
айтады. Бүл кісі де «Байпақ сот» секілді. Торғайда, бәлкім, түңғыш алтын тіс
салдырған адамның бірі болар, әйтпесе, олай ерекшеленбес еді. Бүл есім
Айсекеңніц жігіт кезіндегі аты болуы керек. Өзі қызылшырайлы, қияпатты, көзінде
сүйкімді де, сиқырлы да бір нүр болатын. Айсекеңнің айрықша адам екендігін
бүкіл Торғай біледі, ол өмірі елді күлдіріп өткен адам. Өзінің күлгенін көргенщ
жоқ. Әуелі атағы алтын тіспен байланысты шыққанмен, іле-шала Торғайда түңғыш жол бөлімі (доротдел) құрылғанда,
соның бірінші бастығы болған кісі де жолға байланысты әңгіме болса, Айсекең
еске түсетің' Өйткені сол өлкедегі «жол құдайы» болып аталып кет- кен, кейін де
талай бастығы болғанмен, бүкіл салыңған жол, үлкен-кіші көпір, түзелген,
тегістелген сай- сала әлі күнге «менің бастығым Айса» деп тұрғандай болады.
«Айса көпір», «Айса бөгет», «Айса өткел» -
деген секілді. Олардің бәрін ел
бір түрлі жеңіл, әзіл, күлкі аралас еске алатын. Әйтеуір, бір берекесіздеу дүние
көрсе, мынау «Айсаның көпірі» секілді екең деп, айта береді. Айсекеңнің нағыз
ақындық атағы шыққан кезде иен оқуда жүрдім де, кейін астанада қалып, жөнді
жолдас, таныс бола алмағаныма әлі өкінем. Жас жағынан ендігі, тірі болса,
тоқсанға келіп жүрер еді. Айсекең туралы азды-көпті әңгімені мен «Қазақ әдебиеті»
газетінің соңғы «Қожанасыр қоржыны» бетінде бір рет жаздым. Осы қазір өзім де
пайғамбар жасына келдім, ондай ақынды, тіпті де ешкімге ұқсамайтын ақынды
көрген емеспін. Оның өлендері өмірі ұйқас болмай өткен өлеңдер. Ұйқасы жоқ
екен-ау деп, ел де ойламайды. Бірақ
бүл Жәкең (Жамбыл) аулындағы Жартыбай емес, өзгеше ақын. Оның өлендерінің ұйқасын
былай қойып қой, логикасы да болмайды. Және сөздері, теңеулері де мүлде жат,
тосын, қисынсыз болып келеді және көбіне екі-үш жолдан аспайды. Айсекең қасында
жүргендер құр күліп қойғаны болмаса, неге жазып жаттап отырмағанына әлі өкінем.
Қазекеңнің айтқаны айтқан жерде қалып үйренген әдеті Айсекең творчествосына көп
қырсығын тигізген. Айсекең де Абай құсап «Қайран сөзім қор болды-ау» деп, онша
уайымдамаған кісі. Онда артыма сөз қалдырам деген ой жоқ. Оның өлендерінің
айтылған жерде, естігендердің жадында қалғандары болмаса, ешкім жинамағанын
айггық қой. Ахаң өзін осылай таныстыратын. Осы ғасырдың басындағы қазақ өлеңінің
шебері - ақындықты софылық, әулиелік, оқшау дүние дәрежесінде таныған, эстет,
талғампаз сыншы Әбіқай ақынның баласы - Ахметхан ақсақал бертін жылдарда жасы
сексеннен асып қайтыс болды. Бүл кісі туралы жеке ештеме жазылмағаны өкінішті.
Сондықтан тоқтаңқырап өтсем деймін. Сыртқы бітім-тұлғасымен де, ерекше талант тұлғасымен
де екінші қайта тумайтын адамның бірі осы еді. Мен оны алғашқы көргенде - 1940
жылы, тым жаспын ғой. Торғайдың қаласында бір-екі бөлмелі үйде екі отбасы бірге
тұрып едік. Мен, ағам, әжем - үшеуміз. Ахаңның екі-үш баласы мен өйелі, езі. Ол
кезде Ахаң Торғайдың филармониясы ма, театры ма, - әйтеуір өнер мекемесінде
артист болатын, інісі Қараман екеуіде домбырашы еді. Олардың онысында шаруам
жоқ, менің таңғалатыным, Ахаңның да, інісінің де, балаларының да шаштары
қып-қызыл, яки күрең болатын. Кейін білдім, бүкіл ата-бабасымен солай екен.
Бертін жігіт кезінде, одан ол
өле-өлгенше тым жақын араласып, жақсы білісіп, сыйласып, еркелесіп, кәп қызықты
бірге кештім. Бір басына кеп өнер қосылған, ғажайып адам еді бүл. Асқан айтқыш,
шешен, әңгімеші, тамаша артист, күйші, әнші, ақын, сері, жомарт адам еді. Осы күні
ойлаймын, не деген миы толы хикая, шым-шытырық оқиғалар мен неше түрлі адамдар
портреті, мінез-құлқы - бәрін самсатып айтқанда керемет жазушы болатын адам
еді. Ол кісі таңертең бастаған әңгімесіне не кешке, не ертеңгісін оралар еді. Бір
хикаядан бір хикая балалап, қоздап, күнін, түнін жалғастырып, есінді жиғызбай
дедек қақтырар еді-ау, сабаз. Сонда өзі де ұйықтап, демалмайды, біз де ты ным
көрмейміз. Шарта жүгініп отырып алып, ұзын жақты, әдемі қыр мұрынға маңдайдан
үздіксіз сорғалаған тері тамшылап түсіп, оны етектеи орамалымен мол каусырып
сүртіп алып, шегірлеу көзі бірде ашылып, бірде шақшия тік қарап, әлденеше құбылар
еді. Дртистігі сондай, айтып отырған адамдарының ауызша портретін жасағанда,
солардың рөлін ойнап отырып, айтатын. Мысалы: пұшық адамның кескінін салғанда әдемі
үлкен мұрыны жоқ болып кетуші еді де, сөздерді хүсініп болмайтын, іле-шала оның
не сөз екенін өзі аударып отыратын. Бет-жүзінің мимикаға байлығын, қимылына көз
ілеспес шапшаңдығын айтып жеткізу мүмкін емес. Тек қана қимыл. Мысалы: қоян
аулау әнгімесінде қимыл мен сөз жарысып, үнемі қатар түсіп үлгіріп отыратын.
«Ақша қар жауа қалды, қансонар бола қалды» - дегенде, қолдары ауада түселе
қалып, мамық қарды елестетіп, ондағы сайраған ақ іздерін саусақтарымен нүкте
жасап үлгірер еді. «Осы Қазанбай екеуміз Қоржын көлдің қақ ортасымен жазыққа
шыға келгенде бір қоян тұра қашты.
Қасымдағы ақ тазы қуа кеп жөнелді. Әйдай, аламан тасыр. Қоян мынадай жерде,
тазы мынадай жерде - солайша көбік қарды кешіп келеміз. Атым алдымда еді,
қоянға тазыдан бұрын жетіп қалды, жанасалай бере, еңкейген бойы қамшымен екі құлақтың
арасын ала тартып кеп жіберіп едім, қоянның басы қарға кіріп кетті де, құйрығы
шошаң- шошаң, етті, - дегенде, ылғи да қолы үлгіріп, қатар суреттеуі сондай, әлгі
оқиғаның бәрі кинодай көз алдыңа келеді. Мысалы: «Осы Қазанбай екеуміз», - дегенде,
қолы сені бір, өзін бір нұсқап үлгіріп, саусағы шошайып, екі санын білдіреді.
«Қоржын көлдің орта-сындағы қасқа жолмен», - дегенде, екі қолын имитіп,қоғамдап
әкеліп, қоржын жасап, ортасын дереу жалаң алақанымен қақ тіліп, қасқа жолды
көрсетеді. «Қоян мынадай», - дегенде сол жүдырығын оң жүдырығы
қуалай жөнеліп, жетер-жетпес
болған сәтті бейнелейді. «Басы қарға батып кетіп, құйрығы шошаң-шошаң етті», -
дегенде - жұдырықты жоғарыдан төмен тұқшитып, енді келесіде сұқ саусағын
көтеріп, тыпырлатып қояды. Мұндай хикматты көрген біз аузымызды ашып отырып
қаламыз. Қазанбай екеуінің шошқа қуғаны да осындай бір спектакль. Әріректе
біздің бір жігіт осы әңгімелерді магнитофонға түсіре алмай әуре болғаны бар. Ахаңның
домбырашылығы да мықты, тіпті тұқымы. Мен домбырашы еді. Ал ол жиырма шақты
жылдай айтысқа да араласып, бірсыпыра өлеңцері облыстьіқ аудандық газеттерде
басылды. Кете-кеткенше Торғайдың ауыз ақындарының ағасы болып кетті. Ахаң
Әбіқай әкесінің өлендерін жатқа білуші еді Соның көбісін жаздыра алмай кетті-ау
- деймін. Ахаң айтты деген, өзім естіген, алуан түрлерін баяндап жатуға орын
тар, қысқаша бір-екеуін келтірейін. Ахаңның «Үш қой» деген әңгімесінде -
сөйлемесе сөйлеспесе ауруға ұшырайтын әңгімеқұмар кісі сол әңгіме үшін мұның
үйіне алыстан ат болдырып келген құрдасымен әңгімелесіп, рахаттанып отырса
керек. Бір кезде кемпірі даладан кіріп келіп: - Ау, шал-ау, әлгі маңдайымыздағы
үш қойдың бірі қараптан-қарап өлгелі жатыр. He болғанын қайдам, ең болмаса
бауыздап жібер, тез, - дейді әлек-шелегі шығып. Сонда шалы: - Е, мал іші болған
соң өлім-жітім болмай тұра
ма, - деп, әңгімесін жалғастыра
беріпті. Келесі күні ме, әлде сол күні ме, есіктен тағы да сүріне-қабына кемпірі
кіріп: - Шал-ау, әлгі қалған екі қойдың бірі тағы тыпырлап өлгелі жатыр, саған
не болды, әңгімеңді коя тұрып, бауыздасайшы, бәтіреке! - дейді. Сонда шалы: -
Бар болған соң - өледі де, жоқ болса несін өледі, - деп, отыра беріпті. Кемпірі
сырттан тағы да кіріп түр. Кемпір: - Қойдың үшіншісі тағы да арам қатайын деп
жатыр, - дейді жыламсырап. Сонда шалы: - Жә, енді мал ішіне келген індет енді
таусылар, демек тиылар, - деп әңгімесін соза берген. Осы қысқа әңгімеде қазақ
шалының образ-тұлғасы жасалып-ақ тұрған жоқ па? Басқаны білмеймін, Торғай әлі
күнге сөзді ғажап сыйлайтын ел. Кім болса да тауып айткан сөзге жығылып қала
береді. «Аталы сөзді арсыз қайырады» дегенді мықтап ұстаған. Сөйтіп, бүл елде
атақты әңгімешілер болған. Кейде апталық жолға ат мініп жетіп, тағы бір апта
бойы, кемінде үш күн, үш түн ұйықтамастан әңгіме жарыстырады екен. Әлгі ауызша
жазушы-романшылар деп отырғаным осылар. Әбіқай
асқан шебер әңгімеші болыпты, дәмді сөзді өзі де көз шырымын алмастан тындай
береді екен. - Айтушыны өте қатты сыйлайтын еді, - дейді Ахаң әкесі туралы,
бізге қарап қойып, «естеріңде болсын» дегендей. - Әбекенді бір бір құрдасы хабар
салып, шақыртқан екен, дімкестеніп қалып, өз орнына туған інісін, Әбдіжамал ма екен, - анық есімде
жоқ, - жіберіпті. Інісі де айтқыш әрі тындампаз екен, бірақ екі түн, екі күн
шыдап, үщінші түн дегенде мүлде шаршап, «Е, е, е, ие, ие» - деп жатып, ұйықтап кетсе керек.
Сонда анау: - Әй, әггегене-ай, қап, Әбіқай осы кезде ояу жатыр-ау, ә! - деген
екен.