ВЕРНУТЬСЯ

          1. Бір уыс
топырақ
Жармағанбет баласы Бимағанбет,
Бүкіл халық
атаған Би-ағаң деп.
Ол еліне көп
қызмет етсе-дағы,
Құдай оған көп өмір
сыйлаған жоқ.
Көк құдайдан жер құдай
болып басым,
Амалың не
қырсыққа жолыққасын.
Таңғажайып тарихи
жолында оның
Тынды сұмдар
жеткізбей алып басын.
Ол тәңірінің
қасында отыратын,
Адам еді-ау құрандай
оқыр атын.
Жабыққанда жанына
медеу етіп,
Қайран елі әулие,
пір тұтатын.
Дәл осылай алыпты
туғызамыз,
Туғызып ап,
желкесін қиғызамыз,
Бір талантқа жүз
итті салып қойып,
Талатамыз, жұлдызын
жұлғызамыз.
Жылдар өтті:
"Ол ғажап еді" дейміз,
Жиналып кеп, жоқтаймыз, еңірейміз.
Тыямыз да тез сосын тегін жасты,
Тарихтағы
орынын белгілейміз.
Солай-солай озады өмір деген,
Салдыр-салақ баяғы көңілменен.
Қаншама елдің
сабазы қалды жерде,
Ең болмаса дұрыстап көмілмеген.
Солғаннан соң тасталған орны ақық,
Әйтеуір бір
топырақ тауып алып.
Бір уыс қып әкелдік
туған жерге,
Жүбаныш қыл көңілге
соны, халық!
Біздің қолдан келгені болды сол-ақ,
Осылай тастап
кетеді дүние шолақ.
Туғанда да бір
уыс топырақ едің,
Өлгенде де бір
уыс топырақ қалады.
Дүние, пәни
шындығы бұл да мәңгі,
Көз жасымен ұзату
қимағанды.
Жүз жыл бұрын бір
топырақ бұрқ ете қап,
Жүз жылдан соң
жеріне ол оралды!
Біз де соған
шүкір қып, кәне, жұртым,
Оралды деп
ойлайық Би-ағаңды!
Костанай, тамыз, 1994 жыл
 
2. ЕСКЕРТКІШ
Сонау шаһар Уфадан,
Медреседен енді
елге,
Сағынышпен
сусаған
Бала шәкірт
келгенде.
Одан бергі Троицк
Мешіттері
самсаған.
Жеккендері
пәуеске
Бай ноғайлар
қоршаған.
Сол шәһардан жас
жігіт
Білім алып, ой
тапқан.
Болашаққа асығып
Шыққан беті "Айқаптан".
Яки талай жол кешіп
Қарабалық, Бөрліден.
Баяғы бір тал
бесік,
Туған үйден көрінген.
Қыр астынан шығатын
Қайран алтын Қостанай.
Жатқандай боп түн
қатып,
Керуен қонып, көш
талай.
Сонда болған осы алаң -
Қостанайдың қақпасы.
Тоғыз жолдың
қоршаған
Тоқайласқан қақ
басы.
Осы араға Би-ағаң
Талай-талай кеп түсті.
Бір қолында
шамадан,
Бір қолында
кепкісі...
Жетпіс пе әлде, сексен жыл
Өткен болар арада.
Артта қалып
кешкен жол,
Алда туған
қалаға.
Тағы оралып тұр
міне,
Бар шабыты бабында.
Сол бір тірі
күнінде,
Сол бір жайсаң
шағында.
Сол баяғы асыл күй -
Бізге мәңгі мақтаныш.
Кел, әлеумет, басыңды и,
Кел, жолаушы, аттан түс!
Аттан түс те, сәлем бер,
Бүкіл қазақ сыйлаған.
Бәрің сүйген
кемеңгер -
Алдында түр
Би-ағаң!
Костанай, 3 тамыз, 1994 жыл