ВЕРНУТЬСЯ

Ақын Әубәкір Нілібаевтың айтыс туралы мақаласында
(«Халық кеңесі», №36, 1990 ж.) қазіргі айтыс өрісі, оның өнерлік сипаты, барар
бағыты, қойылар шарты жөнінде бірсыпыра ойланарлық пікір айтылған.
Айтыстың
халқымыздың айырықша талант сипатын танытатын, өзгеде бола бермейтін өнерінің
бір саласы екеніне ешкімнің дауы болмаса керек. Бірақ әр ұғымның өз орыны, өз көлемі
бар. Мысалы: омырауыңа меруерт, маржанды күнде тағып жүрсең, көршілерің әуелде
таңырқағанымен, артынан кезі үйреніп алғасын, қарамайтын болады. He жақсыны
сағынтып, аңсатып көрсеткен дұрыс.
Әубәкір айтқан нағыз айтыстың сегіз шарты түгел болуы
қиын, әрине.
Бірақ түбі сол шарттарға жеткізу керек. Ең басты шарттар,
меніңше, ақындық талант, содан соң оны, өленді, суырып айта білетін, тапқырлығы
мен шапшаңдығы, әр кезек сайын құбылып отыратын ән, әуен саздылығы, яғни үннің,
дауыстың сөзге кесірі тимей, оны дәл де әсерлі айту шеберлігі. Әріге бармай-ақ
айтысты аттың бәйге жарысымен салыстыр- сақ та болады. Атсейіс, сыншылар,
алдымен, аттың шабысына емес, аяқ алысы, мүшесі, тұлға-тұрпаты, жалы, Құйрығы,
жазылыгі-созылуы, деген секілді жайттарға Қарайды ғой. Сосын алысқа шабатыны,
тыз етпе, үшқырлары, жорғасы, желісі, аяңы, тұяқ бітімі, тұғырыныд күші
дейтіндер тағы бар. Айтыста осылардың біразы болуға керек.
Айтыстың арғы шығу тарихын осынау қазақтың жарыс құмарлығынан,
әсіресе ат, жүйрік құмарлығынан іздеген дұрыс.
Екіншіден - Әубәкір
айгқандай, айтыскердің үлкен білімі, дүние, табиғат танымы мол, адам мінезінің білгірі
және адамдық парасат, ақыл, ой, мәдениет, сыпайылық қасиет дегендер міндетті
түрде болуы керек. Біздің қазіргі айтыстардан оны таба алмайсың. Егер айтыс
біздің тозбас өнеріміз болып, көркейсін десек, осы шарттарды нысана етіп қою
керек. Әлгі сол көп қызықтап, ұзақ
дабырайтудың аяғы апарып тастай са- луға, уақытша қызыққа соғады.
Жыл сайын, тіпті ай сайын облыс, ауданды қойып, ауыл-ауыл,
мектеп, институттарға дейін қазір салт бола бастаған айтыс кейін салттықтан да,
кәсіптен де қалыд қоюы анық. Арғы замандарды айтпағанда, Жамбылдан бері ежелгі
айтыс ұсталары - Нартай, Дөскей, Шашубай, Нүрлыбек, Иса, Нұрхандар мүлде ірі,
сом да күрделі екенін байқау қиын емес.
Ал енді ғажабы - солар қалай ел
есінде жатталып қалған? Ол кезде стенограмма, магнитофон жоқ қой. Алдымен ол
айтыскерлер өз кезегінде қарсыласының жауабын да жаттап алуға ма- шықтанған.
Оны келесі бір мәжілістерде қайталап жұртқа
айтып беріп отырған. Және тағы өздерінің қасында жаттаушы шәкірттері жүрген.
Қағаз, қаламы, жазуы жоқ қазақ бар аяулы сөзін жаттап алып, ұрпаққа жеткізіп
отырғаны мәлім.  Ал қазіргі жерде қалды.
«Апырым-ай, сондағы ананың сөзін-ай!» дегенді естисің бе? Бір тәуірі айтысты әрі
қызықтырып, әрі көрсетіп, әрі жазып алып отырған теледидардың орыны ерекше.
Өкініштісі сол - айтысты қайталап көрсетудің әсері алғашқыдай бола бермейді. Өйткені
айтыстың негізгі көркемдік сапасы нашар. Оны үгіттегенің - әшкерелегенің болып
шығады. Қазіргі айтыстардың үлкен бір кесірі және бар. Көзі әуелден-ақ кітапқа,
тасқа басылған сөзге түсе бермейтін, оқуға жалқау қазекең естігенге, тыңдағанға
бейім. Солайша мәз болуын теледидарда тіпті анық көрсетеді. Әншейін бір арзан
қалжыңға бола айқайласып, дуылдасып, қол соғып жатқанын байқайсың. Дарақылык
па? Түсінбеушілік пе - белгісіз. Бүл ойланбасқа болмайтын нәрсе. Өйткені мұндай
көзқарас жалпы қазақ поэзиясының профессионалдық, дүниетану сатысына, әдебиетті
қабылдау талғамына кесірін тигіз- еді. «Кітаби өлеңці окуға кол тимейді, бізге
айтыстын өзі жетіп жатыр» - деп, жалған шүкіршілікке малданып қалады. Сонда
қанша миллион болсаң да, нағыз поэзия
танушылар, өнер әулиесімен кездесушілер кедейдің қойының санындай азая түсері
сөзсіз. Міне, мәселе қайда жатыр. Қазір соның қасіретінен «Халық акыны» атанып,
елден атан жетектеп, ат мініп, соңғы кездерде темір түлпар мінп жүргендер сенің
отыз-кырык жыл бойына қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегіңе пыскырып та қарамайтын
халге келді. Бүл не сонда? Осы да жеткендік пе? Кейде өшудің өзі өсу болып көрінетін
несі?! Мен айтыс өнеріне қарсы емеспін. Жасымда өзім
де сол айтыс арасынан шыққанмын.
Бірақ «Жібекті туте алмаған жүн етеді» болмасын. Өнеріңді қайта қал- пына
келтіреді екенсің, оны орнымен, көркімен, сәні- мен сақтау керек. Мақсат - бұқара
жұртшылықты тәрбиеге, үлгілі кісілікке, әдемілікті тануға баулу. Бүл жолда
айтыстың атқарар міндеті зор. Ал оны бала да, шаға да меңгерген болып, жаппай айтысшылдыққа көшіп кетсек, өнер
қасиеті қайда қалмақшы? Қазақстанның кейбір әңірлерінде, әсіресе оңтүстік өлкеде
бас қосқан жерде екеу-екеу отырып алып айтыса кету әдеті ертеден бар. Оның
көбісі шапберме, әзіл- қалжың ретінде көңіл кетеру ресімі ғана. Соған бола «мен
ақын едім» деп күшейіп жатқан ешкім болмайды. Ал солардың бәрі, барлығы да,
бір-екі ауыз қағытпасы болғаны болса,
майданға, алаңға шақырылып, мәре сәре. Бойдағы шала-шарпы бірдеменің кәдеге
асатын түрі бар. Сайып келгенде, айтысқа әуес болудың арты осын-дай ала-болек
науқанға ұласып кетпесе деңіз. Бұл
құбылыс - «айтыспен ауру» құбылысы
болмақ. Айтыс модаға айналса, дәл сол модадай тез тозбаққа керек.
Әубәкір тағы да дұрыс айтады. «Халық
ақыны» Деудің қандай анықтамасы, дәлелі бар? Әр нәрсені өз атымен атау керек.
Біздің осы атақты әбден шатастырғанымыз сонша, нағыз әдебиет қайраткерлеріне,
поэзияның профессионал өкіліне енді «Халық жазушысы» Деген атақты беруге мәжбүр
болдық. Ол кім, ақын ба, прозаик пе, драматург пе, сыншы ма - бәрібір. Жалпы халық
әлі күнге «жазушы» дегенді дұрыстап біле оермейді. Осыдан кеп жыл бұрын
«жазушы» дегенде, маған «Сәбит Мұқанов екенсің ғой» дегені Қазір айтыспен егіз
тағы бір өнер - «терме» деген шықты. Өнердің, өлең, әннің бір саласы есебінде
оның да шығуы занды. Дұрыс-ақ, әдетте, терме поэзияның үгіттік, тәрбиелік, дидактикалық,
философиялық түйің айтатын түрі. Айтылып жүрген термелердің көбі - бұрынғы ескі
жыраулардың термесі. Тарихи өнер ескерткіші есебінде оларды жандандыру дұрыс.
Бірақ бүл жанр ~ үнемі жыр иелерін, авторларды жаңғыртып
отыруды, сан алуан тақырыпта
молайтып отыруды тілейтін өнер. Мұның да атақты шеберлері, бай репертуары бар
емес пе. Сонымен бірге бір термені жастың да,
кәрінің де айта беруі жарамайды да жараспайды. Оның үстіне міндетті түрде ескі
жыраулар емес, жаңа заман ақындарының ең тандаулы өлең - монолог, толғаулары
жетіп жатқан жоқ па? Оны неге пайдаланбасқа, үгіттемеске. Терменің де мода
болып бара жатқаны сон-дай - кәдімгі танымал әншілер, бұрынғы қабілетін ұмытып,
термеге көшкенін не деуге болады? Терме ән емес, насихат не хикая. Әншілер термеші
болса - ән қанатынан айырылады, жер бауырлап қалады. Әсекіліктің, әуестіктің
қырсығын қараңыз. Терме - ән емес, ұзақ өлең - тағы қайталаймын. Әнмен ұзақ
өлең айту іш пыстырады. Оны төгіп, таспалап айту керек. Біз өміріміздегі
айтысты, термені, қазіргі музыка аспаптарын көбейткендей, поэзия жанрын
үлғайтқанымыз деп қараймыз. Бірыңғай домбырадан оркестр жасау - бұрынғы
амалсыздықтың күні болатын. Ал өленде біз енді бірыңғай айтыспен қайда барамыз?
Осыларды, өнер-білімді саралап, жөн-жөнімен басқарып, жүйелеп отыратын білімпаз
басшы азаматтардың мүлде азайып кеткендігінің
қырсығын көрмеске шараң жоқ. Мұндайда қай-қайдағы жоқтық, кемдігің қозғалады.
Әдебиет, мәдениет басында отырғандардың кешегі күндегі «Әйда, сүйт!». «Былай да былай» дейтін надан нұсқауынан
қалған сарқыншақ. Әлгі «бір айда бес айтыс өткіздім» деп ақпар беруші не
мақтанушылар осындайлар. Айтыс ісін жолға қойып, сапаландыру үшін ерекше қоғам құрып,
заң шығарудың қажеті жоқ. Одан да Жа- зушылар одағы не республика Ғылым
Академиясының Әдебиет және өнер институтының жанынан үйірме ашып, қазақ
фольклорын, ауыз әдебиетін, жалпы әдебиетті
білетін тәжірибелі адамдарға дәріс оқыту керек. Айтыс үлгілерін іс жүзінде
таныту, баулу керек. Сонда жалпы айтысқұмарлар азайып, сүрыпталып, белгілі
шеберлер дайындалады. Ал елде өткізілген нағыз «Әділет иелерін жинап, тұрақты
айтыскерлікке үйрету керек. Мынау қазіргі «аламан тасыр», «шыға шаппа» бағыт
айтыстың да, әдебиеттің де көсегесін көгертпейді. Айтыс - қазіргі шағында, яғни
көптің назары ауып  тұрған шақта,
идеологиялық үлкен кушті құрал. Осымен тәрбие, тәлім, үгіт-насихат ісіне көп
табысқа жету мүмкіндігі бар. Ал мұндай өнерді тоздырып, тістегеннің аузында, ұстағанның
қолында жіберуге болмайды. Онда біз тағы халық өнерінің тағы бір қайнарын
өркендетпек түгіл, көз жазып қаламыз.