ВЕРНУТЬСЯ

      Ыстықсың Сен бір
түрлі 
Жаста салған
әуендей,
Сиқырлы да
сүйкімді
Өтіп кеткен
дәурендей.
Сүйек-буын сыз
тартып,
Тамырда қан
салқындап,
"Шонданайға
тұз артып",
Ат айдаушы алқымдап,
Асықтырып барады,
Әлдеқайда? "жүр-жүрлеп".
Сонда саған
қараймын,
Сәл аялдап тұрғым
кеп.
Сонда бойды жылытып
Соңғы ыстық
буыңмен,
Жамандықты ұмытып,
Жақсылықтың нұрымен.
Сүйейсің сен, өзің де
Әрең-әрең тұрғанмен,
Әлі қалған кезіңде
Маған деген бір
дәрмен,
Маған деген бір сәулең,-
Сол қадірің сүйкімді.
О, тіршілік, бал
дәурен,
Ыстықсың-ау
біртүрлі!
Неткен ғажап жомарттық,-
Бірде жарың, бірде анаң.
Әлі саған қол
артып
Жүргеніме қуанам.
Сол қуаныш - бар мәзір,
Барлық куә, бар
кепіл,
Қайда барсам,
бірге жүр.
Қайда отырсам, бірге отыр.
ЬІстықсың Сен өйткені,-
Жылытқан суық бетімді.
Болашағым,
өткенім Сенде тұрған секілді
Ыстықсың-ау
біртүрлі...