ВЕРНУТЬСЯ

          Ол өмірден аттанып жатыр. Театрдың
алаңынан іштегі оған жеткенше үш минут. Мен оны кейін білдім. Басқышпен жоғары көтеріліп
кетіп бара жатқан топтың соңынан ердім де, қарауылда тұрғандардың сол жақ иығын
ала жақындап келіп, оған көзімді салдым. Қалың гүлдің арасынан табыт
көрінбейді. Ол жай туған даласының бір дөңесіне шығып алып, жайнаған көктем
күнінде көк жусан аралас қызғалдақтарды жастанып, «сәл бір дем алып алайыншы»
дегендей, көзін жүмып жатыр. Мұнысы көңілге «жоқ» деген сөзді ұялатпайды. Тек
қазақтың  бір қайғылы әні баяу басталып,
алыстап сыңсып, жақындап келе жатты. Елең ете қалғаным сол еді, ентелеген топ
ағыны итеріп, аялдай алмай өте шықтым да, қарауылға тұратын лектің соңынан
барып кезек алдым. Toп баяу жылжиды. Қаралы музыка қалыңцап, тұла бойға азаның
күйін тарта бастады. «Е, бұл - соңғы қоштасу екен ғой», - дедім ішімнен. Мен
қарауылға тұрып жатқандарға, одан алдымда кезекте тұрғандарға коз жүгірттім.
Кілең ығай мен сығайлар. Көбін-ақ таниды екем. Әлде біреулермен бас изесем. Көбісі
- кешегі дәулер, бүгінгі пенсионерлер, ішінде жаңа ғана орнынан түскендер де
бар. Түсемін-ау деп ойлайтындардан азырақ. «Атқа бірі мініп, бірі түсіп жатқан дүние-ай!»
- деймін тағы да ішімнен. Денем мұздайын деді: түрім бұзылайын деді. Бірақ
жан-жақтағылардың ондайы корінбейді, қауқылдасып, кездесіп, қаңқылда- сып
амандасып жатқандар. Кейбіреулер шаруасын да айтып қояды. Әлі де ұзағырақ тұратын
болған соң, құлақ бос, әр нәрсені бір тыңцайды екенсің. Арт жағыма отырған
туыс-жекжаттар арасынан бөлініп, бес-алты әйел
келіп тұрған. Олар әңгімені одан сайын қоздырып жіберді. «Дүниеден әдемі өтіп
бара жатыр, - деді біреуі, - қаншама биіктерде, жар жағасында жүріп, сүрінбей
өткен осы кісі. Жарықтық, шын жақсы Адам еді ғой». «Тұла бойынан адамшылық,
ізгіліктің кісі аңқыған, аса тәрбиелі, инабатты кісі еді», - дейді екіншісі.
Артқа көз салуға болмайды, шамасы, бұл сөздерді айтып тұрғандар да тегін
болмауы керек, білімнен, мөдениеттен хабар береді. «Е, сен екеуің білмегенде,
бұл кісіні кім біледі. Ұзақ жыл бірге қызмет атқарып, туған қарындастарындай
болған жоқсыңдар ма?» - дейді үшіншісі. Алдағы бір-біріне шаруа айтысқан
еркектерден бұлар жақсы екен-ау деймін тағы да ішімнен. Уақыт жақындап қалған
болуы керек, дәйекшілер енді кезекті тездетіп, үш-үштен алты адамнан жібере
бастады. Өйткені адамдар барған сайын көбейе беріп еді. Көп кереметтер біздің
алдымызда тұр екен, жаңа көзге көрінді. Еңсегей бойлы Ерекендер, дембелше дене
Демекендер, тапалша бойлы Тасекендер - құйылып берді. Еркектер арасында әңгіме
енді қозғала бастады. «О, әне, анау да келіпті, осы кісінің жынына тигендердің
бірі...» «Е, бүл келмегенде қайтсын, оның қолынан билікті осы алып еді ғой.
Қазір қайда екен өзі?» - деген секілді сөздер сапырылыса бергенде, мен де жақындап қалдым. Еш есепке қосылмай,
парланбай, жүпталмай жалғыз түр екем. Басқарып жүрген бір жас жігіт «Үш минут,
үш минут» деп ескертіп жатқанын естіп
қалдым. Осындайда қиялымның алысқа кетіп қалатын әдетімен онымен кездескен
сәттерімді апыл- ғұпыл еске ала бастадым.
...Журналда алғаш істеп жүрген жылдарымның бірінде
маған бір таныс жазушы «биікте отырған қадірлі ағаң сенің елендерінді оқиды екен,
бір тәуір кітабыңды жаз, мен апарып берейін», - деді.
Мен се- нер-сенбесімді
білмедім. Шынымды айтайын, ол кісілердің кітап оқуға қолы тиеді-ау деген ой
болмайтын. Әсіресе өлеңді қайтсын дейтінмін. Осы ойымды оқып алғандай болған
ағамыз: «Бір ғажабы - ол өлеңді жақсы көреді», - деді, бір жағы өзінің онымен
жақын екендігіне масаттанып. Ертеңіне қалыңдау бір кіта- бымды жазып әкеп
бердім. Кейін кездескенім де ол: «Жеткіздім, риза болып қалды», - деді. Содан
көп уақыт етті. Редакцияның бір жиналысында республика тойының қарсаңында
басшылардың біреуіне мақалаға өтініш жасасақ деген ұсыныс болды да, осы кісіге
тоқталдық. Онымен әңгіме жүргізу маған тапсырылды. Мен жүрексініп қалып ем,
бірақ басқа кісінің ретітағы көрінбеді. «Несі бар, ол да мендей анадан туған шығар»,
- деп, әрі баяғы жағдайды есіме алып, тәуекел дедім. Жәрдемшілеріне телефон
соғып, іске кірісіп кеттім. «Кейін өзіміз хабарлаймыз» десті. Бір күні «келсін»
деген хабар алдым. Ал керек болса! Бар жақсымды киініп, бар сабынмен жуынып
дегендей, қолыммен жүрегімді қолдап қойып кіріп бардым, хатшы әйелбас изеп
амандасып, танымаса да,  шамасы осы біреу
шығар дегендей есікті нұсқады. Қос қабат есікті дірілдеңкіріп ашып, лұқсат па
екен? - дедім. Өз дау- сымды өзім естіген жоқпын. - Лұқсат, қарағым кел, кел! - деді де, орнынан тұрып, бір жақ
бүйірдегі ұзын столдың басына келді. Жүзі қандай жұмсақ еді. Бұрыннан таныс
кісідей, күлімдеп келіп қолымды алып, қолын босатқан күйі орындыққа әкеп
отырғыз- ды. Амандық, саулықтан соң, анадағы беріп жіберген кітабымды алғанын,
оқып шыққанын айтып, көбіне-көп республика, халық тақырыбына жазатынымды, істеліп
жатқан жұмыс, тұрмыс, білім мәселелеріне көңіл бөлгеннің дұрыстығын мақұлдай
келіп, жалпы қазақ халқының елдік салт қасиеттерін, ала бөлек өзіне тән
кәсіптік жағдайларын толғап, менің іздеп барған сөзімді жетексіз-ақ өзі бастап
алып кетті. Сонда ол  қызмет басымен кәп
мемлекетті аралағанын, әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын Монғолия,
Ауғанстан, Пәкістан, Африка елдерінің бірсыпырасын аралап, бүл саладағы кімнің
не өнері бар екенін зерттегенін айтты. Бір сәт жүзіне нұр ойнап шыға келді де:
- Ғафу, - деді, - біздің қазақ мал бағу мәдениетінің шыңына шыққан халық екенін
сонда білдім. Мен онда осы жайында мақтанышпен айтып жүрдім. Сонда өзім кездескен
елдердің өкілдері қазақтың әсіресе мал азығын, малдан өнетін сан алуан дәм,
азық-түлікті сақтау, сүрлеу шеберлігінің өздерінде жоқ екенін айтып, таң қалысты.
Кәдімгі құрт, ірімшік, шүжық, қазы, жент дегендерді олар естіп көрмеген екен.
Мен сонда Махамбеттің: - «Алты малта ас болмай» деген елеңін айтып, қазақтың
ескі батырлары бір дорба құртпен бір ай соғыста жүре беретінін баяндадым.
Монғолдар қазақ-қыпшақты әскерге алғанда, осынысына қызыққан, - дедім. Олар
одан сайын тамсанды, танданды.Шынында, ғажап емес пе, ә? - дейді ол маған сәл еңкейе
түсіп, жақындап, жасыл костюмінің омырауындағы депутаттық белгісі жарқылдап,
кәдімгі мақтаныш сезіммен қарап, - өз еліңнің қадір-қасиетін алыста жүріп біледі екенсің. Содан біз бірнеше
мәселе бойынша сөйлесіп, пікірлесіп, сағатқа жақын отырдық. Одан мен сондай
ізгіпейіл, абзал ағалықты сезініп,  алдынан
бақытты болып шықтым. Қоштасарда да «сағындырмай, жақсы өлең  жазып тұрсайшы» деп өтінгендей болды. Онысы
мені тіпті жебеп жіберген еді...  Осы
кезде алдымдағы түйдек бөліне тартып барады екен, соңынан ере жөнелген маған
манағы жас басқарушы жігіт: «Ғафу аға, Ғафу аға!» - деп дауыстап қалды. Мен
жетінші адам болып, артық кетіп бара жатыр екем, жалт қарағанымда, түсімнің жат
екенін байқады ма: «жүре беріңіз...» - деді. Мен бір жақтағы қарауылдың иығынан
төртінші болып тұрдым да, оған сәл көз тоқтатып қарадым. Қазір шашы түгел
ағарып, сұйылған, маған соның бір-екі талы әлде бір леппен желбірегендей
көрінді. Осы сәтте манағы аман күйі, қырға шығып дем алып жатқандай деген әсер
көңіліме тағы оралды. Дерт жүдетпегені, қарұтық қапа жадау тартқызғаны көрініп түр.
Жалпы мен нақ туысым, жақыным болмаса, өліктің
жүзіне қарай алмайтын адаммын. Ал бүл кісіге қарадым. Өте шапшаң тағы да бір
елес тағы көз алдымнан өте шықты... ...Елу жасымды атап жатқан күндері еді.
«Елуге толғандар көбейіп кетті.
Олардың әулиесі болса да, енді оларға «орден жоқ» деген қауесет шығып, артынан ол
«заңға» айналып кеткен. Жолымның ауырлау екенін бұрыннан білетінмін, оған елең еткен де жоқ едім. Указ шығып, Құрмет
грамотасымен марапатталғанымды достарыммен алаңсыз тойлап жатыр едім. Олардың бірсыпырасын
елдеріне шығарып салғаным сол еді, үйге келсем: «сені жоғары жақтан шақырып
жатыр», - десті. «Бүгін бе?» - деп ем, - «Дәл қазір», - десті. Ал сасайын. Көп
тойлаған кісіде не кескін қалады? Дереу жуынып-шайынып, жөнеле бердім. Келсем,
ауызғы бөлмеде жәрдемшілер күтіп тұр екен. Сопаң етікізіп кіргізіп жіберді.
Баяғыдай емес, жүзінде өкініштің ізі бардай көрінді. Ұзын столдан тұрып келіп:
«Ал құтты болсын жасың! «Битке өкпелеп, тонынды отқа салма», - деген. Жассың
ғой, әлі бәрі де болар!» - деді де, қолындағы папкасын маған ұсынуға ыңғайлай
берді.Сол кезде пайда бола кеткен фотограф қол алысып жатқанда сырт еткізді.
Тапсыру біткен соң ол сәл аулақтай беріп, фотографқа ишара етті де маған: «Кел,
екеуміз былайша бір түсейік», - деді. Ол мені құшақтай тұрып суретке түсті. (Ол
сурет менде сақтаулы). Кейін демалыста жүргенде де талай кездесіп, яки барып
сәлемдесіп тұрдым. Бар шүғыласын төгіп амандасушы еді... Өзің жақсы болмасаң
да, жақсылармен жанасып жүрген бақыт қой. Осы ойды шапшаң бітіре бергенде,
«манағы» үш-ақминут» есіме түсті. Сонда онымен әр кездескенім «үш минуттан тұратын
болғаны ғой».
- Қош, абзал аға! - дедім. Көзім
сулана берді...