ВЕРНУТЬСЯ

    Достарым, дерт суырған денем арық, 
Демімді тартам
іштен әрең алып,
Қаңқаның қаусап
қалған арасымен
Жүректен қан
жүреді төмен ағып.
Сүйекті өрт мүжіген,
күйік шалған,
Жілікті сынып
қалған, қиып салған,
Бір шебер
көлеңдейді көз алдымда
Тұманның арасынан
тұйықталған.
Деген сөз:
"барып қайттың, барып қайттың"
Белгідей
тағдырымды анықтайтын,
Шуылдап құлағымда
тұрады ылғи,
Меңіреу мен
емеспін оны ұқпайтын.
Миым сау, ой ойлайды баяғыдай,
Көз - шылау, көрген
сурет таяды ұдай,
Қозғауға денем
күйрек, басым имек
Тағдырдың тастап
кеткен таяғындай.
II
Жүйрік ем, өзі берген құдай қанат,
Көрмеген құлау
түгіл бір тайғанап,
Басына той төбенің
ағып келіп,
Кетуші ем
абыройды тудай қадап.
Сағынып сан жарысты алаңдаушы ем,
Дүбірден денем
қызып қала алмаушы ем,
Ұршықтай
дөңгеленіп жөнелгенде,
Даланың ой-шұқырын
қаранбаушы ем.
Жер билеп, көз алдымда көк теңселіп,
Сағымды көсілуші
ем көктей сөгіп,
Қашанда бәйге болса, "менікі" деп,
Қапысыз
өзіме-өзім кеткен сеніп.
"Көз бар-ау, көз тиеді-ау" деген ойдан
Аулақпын, сақ
болудан көңіл бейғам,
Отырмын енді еске
алып соның бәрін,
О, тоба, дерің
бар ма пәле қайдан!
III
Сондай бір жарыс
па еді, жоқ есімде,
Майданның шыға
келіп төбесіне,
От көрдім ар
жағында маздап тұрған,
Әлде бұл қан
қырсықтың елесі ме?
От емес, өрт екен
бір қалың шұбақ
Қалмайтын
қарығанда, жаның шыдап,
Екпінмен келген
бойы қойып кеттім,
Қойсын ба тұрған
дене жану сұрап?
Теріден түктің бәрі түсті күйреп,
Сүйекті жалын
қауып, ыстық илеп,
Жығылдым, жындар
күлді сақылықтап,
Үстінде пері
ойнақтап, мыстан билеп.
Маңайда жоқ еді ешкім жан дегеннен,
Және жоқ бұл сұмдықты
көрген елден,
Ажалдың оңаша оғы
осы екен ғой
Сығалап көзден
аққан көлденеңнен.
IV
Содан соң қаңғыр-күңгір, салдыр-гүлдір,
Асылған артым тұман,
алдым бұлдыр,
Қақпасын басқа
дүние ашсам керек,
Бір уыс
тіршіліктен қалған тұлдыр.
Қапыда үлгірмедім "қош" деуге де,
Бірдеме
үзілгендей бос кеудеде,
Бір айқай сол
кеудеден шықты ма әлде,
Соңғы бір
қоңырауындай көшкен кеме?
Ал, кәне, есің қалса, аңғарып ал!
Ашылды алтын сарай - алды бір зал,
Арбады, қызықтырды жиһазымен,
Төбеде қызыл-жасыл шамдары бар.
Солардың дәл
астында сылаң қаққан
Сұлулар бөкселерін бұраңдатқан.
Шу етіп мені
көріп жетіп келді,
Бу атқан
денесінен кіл ант атқан.
V
Қасыма жете беріп, тұра қашты.
Көргендей жанып
тұрған бір ағашты,
Шашырап қызыл
шоғы маңайыма
Қуырып жіберді ме
қолаң шашты?
Мені бір адам емес, пәле көріп,
Жоғалды әлдеқайда
дөңгеленіп,
Кең сарай сатыр-сұтыр
құлап түсті
Ар жақтан дала
ашылды сәулеленіп.
Кісінеп бір қызыл ат келді жетіп,
Танауын қос
шелектей желбіретіп,
Алтын ер, күміс
жүген күбірлеген
Төгілген
құйрық-жалы жерге жетіп.
Сол сәтте үзеңгіге салдым аяқ,
Қарғыдым ат
үстіне қарғудай-ақ,
Құйғытып кете
бардым көкжиекке
Қалам ба бұл
шабыстан жанымды аяп.
VI
Бұл шабыс
қандай шабыс, мән бермедім,
Талай бір ойға
түстім, қырға өрледім,
Ақ боз ат
айнымайды бір бағыттан,
Бетке алып жүйтки
берді күн белдеуін.
Ат емес, менің
өзім зырлап ұшқан,
Іздедім осыншама
кімді алыстан,
Іздедім осыншама
нендей мекен?
Ал сонда "тоқта!" деген бір дауыстан.
Қалт тұрып қалған екем, ат мызғымай,
Жануар болған
екен қып-қызыл май,
Ер тоқым күйіп кеткен ыстығымнан,
Әлі де басылмаған от қызуды-ай!
Кеудемді әлгі
шабыс әлдилеген
Басылдым, кезім екен ол білмеген.
Қасымда әйелім
түр: - "Анау жаққа
Бармашы,
бармашы",- деп зар илеген.
VII
Ия, анау ашық алаң атырабы,
Дауыстап атымды
атап шақырады,
Бір мола қыр
үстінде қылаңдайды,
Кеппеген жаңа
қазған топырағы.
Жаңағы ат соған қарай алып қашқан,
Үстіне келіп
қаппын мен ұқпастан,
Жетектеп мені әкетті
қайран жарым,
Баяғы күндерімдей
қол ұстасқан.
Жаяулап кері қайттық, денем аман,
Қызыл ат үстен
тоқым, ерін алған,
Кісінеп, әлдеқайда
болды ғайып,
"Берді ғой құдай
қайтып сені маған!"
Деген сөз құлағыма
естілді анық,
Ояндым кезінде
алау кештің жарық.
Қанша күн, қанша
сағат ойымда жоқ,
Соншама жатсам
керек есім танып.
VIII
Шынымен ояумын ба, білмен бірақ,
Көңілім түске
жақын - енген жырақ,
Айқасқан
кірпіктердің арасынан
Жіңішке жіптей сәуле
тұр қалтырап.
Құлағым
шалғышының қайрағындай
Шыңылдап,
тірлігімнің айғағындай,
Естимін енді бір
сәт дауыстарды
Шалғайда анам
даусын шалғанымдай.
Кіргендей бір топ
адам баса-көктеп:
"Түскені бұл
кісінің қашан еді?" деп,
Сұраған біреу
сөзін естіп калып,
Зорланып кірпігімді ашам ептеп.
Самсаған еркек, әйел ақ киімді
Жатырқап қарасып
тұр жат күйімді,
Аласа қара жігіт
баяндайды,
Қалдырмай
тарихымды, тамтығымды.
IX
"Қалмаған бастан басқа күймеген жер,
Ал қызыл тас
үстімен сүйрегенде,
Қол шыққан құлағанда,
жамбас сынған
- Дегендей пәле,
қырсық үймелеңдер.
Алдымен күйік жаман, соны емдейміз,
Үмітпен емдегенге көнер - дейміз.
Жүрегі аман екен
бір жақсысы,
Сынықты содан
кейін шегендейміз.
Тоқтамай әлгі
қара зырлатады,
Ешкім жоқ, өзі
ғана тіл қатады.
- "Жақында
бізге келген жаңа дәрі
Дененің барлық
суын құрғатады".
Ол судың суырылған орнына біз
Иықтың тамырынан нәр құямыз.
Үш қабат қою-сұйық
дәрі жағып,
Қауыпты күйік
бетін тайдырамыз."
X
Жымиды ішіндегі аққұбасы,
Шамасы осы келген
топтың басы,
Сөз айтып
ақылдасқан, мақұлдасқан
Жөнелді
жағдайымның көп куәсі.
Біреуі қалып қойды ақ халаттың,
Манадан оны бірақ байқамаппын.
Қарасам, о,
ғажайып, өз әйелім,
Қалмайды-ау
аңқаулығың, қайран ақын!
"-
Айналдым,- дейді,- жаным, бұл күніңнен,
Дүниеден кетіп
барып, бір тірілген,
Шырағың қайта жанды, шыда, шыда!
Тамшылап ыстық
жасы кірпігінен.
Отырды маңдайымды
сүйеп жұмсақ,
Тағы да есім ауып
кетті бұл шақ,
Тағы да өрт
өлкеге сапар шектім,
Баяғы сән сарайды
бетіме ұстап.
XI
Белгілі сайтан көпір, жын сатысы,
Өрлеймін, жоқ бұл
жолы бір қатысы.
Сол жақта екі
түндей жүріп қаппын,
Адамның неткен ұзақ
мұнша түсі?!
Доктордың манағы айтқан басталды емі,
Дүниенің төңкеріліп
аспан-көгі
Кеткендей болады
екен дәрісінен,
Олай деп
ескертпеген бастан мені,
Ысқырған айдаһар ма, алдаспан ба,
Дерсің бір,
денеме кеп жармасқанда,
Көп уақыт, жерге
түспей жаңғырығып
Ышқынған ащы
айқайым қалды аспанда.
Шырылдап қайран
жаным бала құстай,
"Тоқта!"
деп, байғұс жүрек қалады ұстай.
Сау етіп келген
дәрігер тобы
Көрінді күнде
маған жан алғыштай!
XII
Дозақтың басқышынан мен құларда,
Аярсып, аяғансып
келіп алға
Көріп ем бір сұмпайды
көзі қызыл:
"Ақыным, ал
жолыңнан енді қалма!"
Деген ол, сөзін ұғып
жатқаным жоқ,
Көзінің сұғыменен атқанын оқ.
Жатырмын жаңа
біліп, ойша ақтарып,
Дүниенің адам
ашпас қатпары кеп.
Оллаһи, тиген көзі соның маған,
Ешбір жау
босағамды торымаған.
Ақ көйлек адам
едім, жұртқа сенгіш
Еш сөзді жаманатқа
жорымаған.
Ешкімге болған емес өш ниетім,
Көбінің өз
мінезін кештім еркін,
Біреулер түк
жазығың болмаса да
Бар екен
тірлігіңді көпсінетін...
ХІІІ
Әлі де күн - қорқыныш, түн -үреймен
Уақыт сүйретілген, сүмірейген.
Бірақ та жоқ
кызыл ат, жоқ қызыл көз,
Жоқ мола мені
күтіп үңірейген.
Жатырмын тіршіліктің нақ қасында,
Тозақтың енді
бармай қақпасына,
Түскенде
сыпырылып қолда қалған,
Қараймын қызыл
аттың ноқтасына.
Қараймын жар жүзіне жадау тартқан,
Бұл күндер маңдай
шашын сол ағартқан,
Үстімнен
күндіз-түні төніп байғұс,
Үмітпен күндер
өткен, таңдар атқан.
Ойымда дәрігердің жанталасы.
Ол емес - бес бересі, алты аласы.
Көңілін құлатты
ма құдай маған
Сіңбестен ішкен
сусын, татқан асы.
XIV
Шабыт пен бар өнерін салып бақты,
Жақсыны көңіл
танып, жан ұқпақты,
Жағдайым оңып
онша жатпаса да,
Азамат оң сөзінен
жалықпапты.
Түсімде, естен
танған кездерімде,
Көп көрдім
аруақтардың өздерін де,
Ағалар,
замандастар, інілерім,
Баяғы жылы шуақ
көздерінде.
Білдірмей бұл
дүниеден өткендерін,
Білдірмей көп
арманды кеткендерін,
Бәрінен ықыласы
көрінді артық
Бұл күнде тірі
жүрген көп пенденің.
Деймін мен
әйеліме: "Дәм әзірле,
Көп болды қол
тимеді бір мәзірге!"
Дәмге олар
қарамады, үндемеді,
Деді ме: "Тұра
тұршы сен әзірге!"
XV
Ал өңде
ести сала оқиганы,
"Ажалда, тұтқында"
деп ақын жаны,
Адамдар
үздік-создық шұбырды-ай кеп,
Секілді жел
теңізді сапырғаны.
Әбекең, Мұқаң, Дихаң, Хамаң, Сырбай,
Әрқайсысы аскар
таудың панасындай,
Қалмады академик,
профессор,
Қазақтың
көңілдері даласындай.
Замандас, жасы кіші бауырларым,
Бірге өсіп, бір
жасаған кауымдарым,
Соларға ішім риза
елжірейді,
Қадірді біле
берген сауыңда кім?
Пендемін, қай жақынды іздедім мен,
Шығар деп
естімеген, дүзде жүрген.
Жандардың бар
екені есімде жоқ
Қашанда шөп
шықпайтын іздерінен...
XVI
Солайша кетті қырсық өз басымнан,
Аз күнде көп
қорқытқан "олжасымен".
Қалдым мен
аман-есен, ел тілегі,
Жар және
балалардың көз жасымен.
Біледі мұның бәрін
бастан кешкен,
"Мынау тау,
мынау заңғар аспан дескен"
Уақытша "әулиелер"
ақ ордасы
Болады бір-ақ сәтте
астан-кестен.
Білсең де дүниенің бір мінезін,
Күндейді ең
арғысы күнді көзің.
Мысалы, сол
ғылымды, тағылымды,
Әреңдеп,
"өле жаздап", білдім өзім.
Бұл күнде заман -
жұмбақ, күн - уайым.
Білмейсің
тағдырыңа кім құдайын,
Бір кезде
шаңырағыңа тіреу болған
Күйреді тау
бәйтерек, сынды қайың.
XVII
Достарым, мен бір сүлде - ақсақ, арық,
Шығыпты шағын
күнде шаш ағарып,
Сондағы айырбасқа
алған дәулет
Тағы да бауыр
бүтін, бас амандық.
Жазғырып, жазған
деме мұның несін,
Сен ертең
кешеріңді, бүгін кештім,
Сол ғана
айырмасы,- Жалған пікір
Дегенің -
естімесін мұнымды ешкім.
Үйір ғой
көлеңкеден шуаққа жұрт,
Бір күні қайрат
қайтып, қуат қажып,
Шаң жұқпас
шашасына сан тұлпардың
Бәрінің жығылары
- бір-ақ қазық.
Бұл да бір кезім
болсын ой ағытқан,
Тағы да келеді,
әне, ағарып таң,
Тағы да келеді, әне,
ақ боз атым,
Алдымнан мені
қимай орағытқан.
Караша, 1990