Өзім - Ғафу,
Қызым менің -
Ғафура,
Ғафура,
Екі әріпті
Жалғап тұрған
атыма,
атыма,
Тағы менің
Келді өмірге
немерем,
немерем,
Таусылмайтын ұрпақ
жайлы айтуға.
жайлы айтуға.
Оның аты - Бақытқызы Ғафура,
Ол қырқынан
Шығу керек
жақында,
жақында,
Шаңырағымда жаңғырады
үш Ғафу -
үш Ғафу -
Бұдан артық сыйлық
бар ма ақынға?!
бар ма ақынға?!
Дүниедегі ұлы
байлық - ұрпақ қой,
байлық - ұрпақ қой,
Барлық арман -
Соны сақтап тұрсақ қой.
Өз алдына соның бәрі - несібе,
Тас төбеңнен
Төгіп тұрған
бұршақ қой.
бұршақ қой.
Рахмет, тағдыр,
Сенің жомарт қолыңа,
Менің солай
Маржан сепкен жолыма.
Ал, Ғафулар,
Бұйырамын
сендерге,-
сендерге,-
Тізіліңдер Бас Ғафудың соңына!
Сонда көңілім
Жазғы аспандай аршылар,
Көкірегімнен
Айтылмаған ән
шығар,
шығар,
Өз қанымнан
Өмір жасап, бөлініп,
Жүрегімнен
Тарап жатқан тамшылар.
Жасаңдаршы, Рахатқа тояйын,
Өмірімді өңшең жырмен бояйын.
Бер қолыма,
Ғафураны кішкентай -
Ғафураны кішкентай -
Өзімді өзім
иіскегендей болайын.
иіскегендей болайын.
Маусым, 1986
- 135 просмотров