ВЕРНУТЬСЯ

     Төртінші
немеремсің - көзіңді ашқан, 
Көргенің аппақ дүние - жер мен аспан.
Содан соң Адам
аты тіршіліктен
Алғашқы анаң
болды амандасқан.
Сен - сәби
ештеңеден хабарың жоқ,
Өмірге келмесіңе
амалың жоқ,
Келген соң, бәріне
де шалықтайсың,
Сен үшін
баршылықтың жаманы жоқ.
Шіркін-ай, мен де сендей болар ма едім,
Бәріне сәби
саусақ созар ма едім,
Бәріне сеніп
келдім мен де сендей,
Әйтпесе, бұл
бекетке соғар ма едім!
Тілегім - сенде менің болса қаным,
Келеді болашағың болжағаным,
Тартпа сен, өзге менің ұрпағыма
Ойлайтын тіршілікте олжа жанын.
Тартпа сен, не әжеңе, не атаңа,
Мейлі, түн келе
ме, таң ата ма,
Олар да жаман
болған кісі емес қой,
Жолыққан сан
жақсы мен сан алқаға.
Әйткенмен, жақсыдан көп кіл жаманнан
Олардың көңілдері кірлеген жан.
Тіпті де олар
түгіл, әкең, анаң,
Жақсыны ажыратуды
білмей қалған.
Сен маған өзім білмес шебердейсің,
Берместі жұрт бермеген берердейсің.
Сондықтан мен
сенімен сырласамын,
Сендей-ақ көрер
жүмақ, көрер бейішім.
Дариға, не ойламайды кәрі арыстан,
Тірлікте ұсақтармен
жаны алысқан,
Қашанда көрінетін
әдеті ғой
Өзінен өрбігеннің
бәрі данышпан.
Тартқайсың жаны жомарт, пейілі кең,
Қуантқан серуені,
сейілімен,
Атаңа, жақсы
қазақ ақынына -
Қадірін қайран
елі кейін білген.
Тартқайсың жақсы әжеңе
Бәдеш деген,
Ол жаққан
от-шырақтың бәрі өшпеген.
Ер түгіл есекке
де үйіне келсе,
Еркеле, етігің
шеш: "Дәм іш!"- деген.
Тартқайсың қадірлінің бәріне сен,
Тартқайсың шырқап
салған әніме сен,
Түбінде өзімді
өзім сағынғанда,
Сенімен, тек
сенімен әңгімелесем.
Көп жаса, туған, келген күнің құтты,
Сол үшін жинап
едім бүгін жұртты,
Сен менің
кіп-кішкентай болшы күнім,
Төбемнен
көшіретін қалың бұлтты!
Мәселе - үлкенде
емес, кішіде емес,
Мәселе -
тағдырдың да күшінде емес,
Мәселе - адамзаттың көңілінде
Біреуді кісі,
біреуді кісі демес.
Түгендер пенде болмас армандарын,
Үйімде
кіп-кішкентай жанған жалын -
Дүниеде елестетіп
жүрсең болды,
Атаңның ақ денеңе
тамған қанын!
Наурыз, 1986 жыл