ВЕРНУТЬСЯ

      Ардақ тұтқан,
ағалар, ардагерлер,
Аман-есен апаттан қалған ерлер!
Құттықтаймын
Сендерді Жеңіс күні
Қарт офицер,
қашанғы қарт жауынгер.
Сәулесіндей Жеңістің шашыраған,
Ордендерің
кеудеңде жарқыраған,
Азаттықтың
күніндей елестейсің,
Алтын жеңгем
аяулы, алтын ағам.
Мен де соғыс сұмдығын
көрдім жастан,
Жетім күнгі
бейнетім шаштан асқан,
Көкірегімде әлдилеп
келемін мен
Саған деген құрметті
тастамастан.
Құлағымда "Жеңіс!" деп жар салғаның,
Есімде бар еңіреп
қарсы алғаным,
Сондағы
жақсылықтың жұрнағындай
Жасаңдар
жарықтығым, жайсаңдарым!