ВЕРНУТЬСЯ

«Сарыағаш» курортына сан рет барып жүргенде көзіңе
оттай басылатын сарнаған жолмен ағып келе жатқанда жолаушыға «келіп қалдың»
дегізетін, бір қарағанда тау десең де болатын үлкен төбе бар.
Мен барған
сайын сол төбенің басына шығамын. «Сарыағаш» қойнауы, Келес өзенінің үлкен
ойпаты - бәрі де аяғыңның астында жатады. Төменде кұмырсқаның илеуіндей қайнаған
тіршілік. Төбенде аспан жақын. Бұрын соның басында, әуелде не үшін салынғаны
белгісіз, бір қираған үй тұратын. Одан әрі қарасы онша көп емес, әлде-кімдердің
ескі, жаңа бейітгері бар. Одан да әрі жүре түсіп, малдың екі бүйрегіндей
буылтық төбенің арғы құлай берісінде сыртын көкпен сырлаған аспан түстес үлкен
бір мола бар. Мазар емес, жәй бейіт. Әйтсе де әлдебір заманда тірлігінде жер
билеген біреудің бейіті болу керек. Кейбір білем деушілер: «Әулиенің моласы» деседі.
Оған да сенуге болатындай. Төменде Келестің иір аққан өзені жатыр. Оның арғы
беті де қаптай салынған үйлер. Алапты түгел шолғанда үзік-үзік бұл қоныстар қотандаса
қонған ауылды елестетеді.Менің анда-санда көтеріліп жүретінім - көңіл деген қызық
қой, үнемі аяқ астында жүргеннен еңсең жаншылады, соны бір көтеріп қайту болса,
екіншіден - ой ойлауға жақсы, кәз шарасын кеңейтуге жақсы. Әр далаға бір төбе
керек қой. Сарыағашқа осыдан жеті жыл бұрын келген едім. Одан қайда, көп өсіп
кеткен екен. Уақыттың да көңілі түсті ме, әлдебір жанашыр, әрі іс қолынан
келетін азаматтардаң арқасы ма, осы заманға жақсы ғимараттар,ақар-шақар
салтанатты үйлер салынып қалған. Әсіресе атақты Сарыағаш суының адамдар ішуге
қойған суының үстінен көтерілген киіз үйге ұқсас мрамор күмбез қандай жақсы! Көзіңе
Кавказ суларының шебер құрылыстары елестейді.
Октябрь айының мол ортасы болғанымен, ауа райы
әдемі, күн ашық, шыбынсыз.
Мұнда келген адамның неше түрі бар екен. Бір
маусымда мыңнан астам болатын емделушілер бар мұндай курорт Одақта да кемде кем
болар. Бұрын бірыңғай қазақы курорт секілді еді, қазір ұлттар түрі көбейген.
Бәрін ортақ мұң - денсаулық кемдігі қосқандай. Ұрыс-талас, күңкіл-сүңкілі жоқ тату
жандар. Біздің үлкен Отанның бір бөлшегі секілді, осынау ортаны көргенде неше
түрлі ойға батасың. Оның ең бастысы - адамдардың тірлік бірлігі, көңіл қатынасы,
бауырмалдық жағдайлары. Осы күнгі рухани экология деп жүргеніміз - адамдардың
осы қасиеттері,адамгершілік пейіл, әрекеті ғой. Сол қасиеттерді, яғни совет адамы
дегізетін негізгі сипаттарды қалпына келтіру арман. Ол коллективтік еңбекте, мүлделі
ортада қалыптасса керек. Оған уақыт, жағдай, мүмкіндік керек екен. Қазір
Алматыда не басқа қалада жүріп байқайты ның - адамдардың осы қасиеттерді ұмытуы
немесе оған салғырт қарауы. He жолдас-досың, не бірге туған туысың сәлемдесуге
келмек түгіл, телефон соғуға пиғылдары жоқ. Бәрінің айтатыны: «қол тимейді».
Оу, қолды бас билемеуші ме еді?
Бұл не қылған сұмдық
сылтау? деген ойға қаласың. Бәлкім, осында бір жұмбақ себеп бар шығар? Ол уақыттың,
күннің адамдарды әбігерге түсіріп, қамшылай айдап бір сүрлеуге, уысқа тығып,
тарихта болмаған екпінмен зырылдатуы ма екен? Бастың ойлау әрекеті мен қолдың,
аяқтың қимылы келісім, үйлесім таппай, бытырап
кетуі ме екен? Мынау курорттағы жағдай мүлде басқаша секілді. Сан түкпірден
келген адамдар бір-бірімен танысып, достасып, дәмдесіп, сырласып, сөйлесіп
жатыр. Бір айдың, бір маусымның адамдарға еткен ықпалын қараңыз. Сонда «байғұстардың»
шындап қолдары тимейді екен-ау» деп те қаласың. Сонда бұлардың басын манағы
ортақ мұң - денсаулық зәрулігі қосқаны ғой. Адамдарды топтастыратын осындай
өмірлік қалыптан
тыс жағдайлар болғаны ма?
Күнделікті көңіл бірлігі, туыстық, қамқорлық жанмен жанасу, «тіршілікте
күліп-ойнау, әр танда сәлемдесу, жақсылық тілеп ояну» деген секілді адамның
тамақ ішіп, киім киюінен басқа, таза рухани артықшылығы қайда кеткен? Ол
ешқайда да кеткен жоқ, өзімізбен бірге жүр екен. Соны қолдануға, іске асыруға
«қолымыз тимей» кетіпті. Ал ол қолды қалай тигізу керек? Алдымен соған, қолға
айтқанын  істететін басты, ойды, миды,
сананы түзету керек. Оны темір, ағаш ұстасы не техника түзете алмайды. Тәрбие,
ақыл, сөз, өнер ұстасы түзетсе керек. Мынау қайта құру дәуірінде идеология
майданының қызметкерлеріне, мөдениеттің қайраткерлеріне артылатын міндет осы
болса керек. Қазір адам дүниесін емдеуге жәрдемдесіп, миллиондаған адамның
санасын билеп отырған Кашпировскийдің сиқыр қүпиясының бәрі де сөзге барып
тіреледі, сенімге арқа сүйейді. Сол сеанстардың ішінде рухани тәрбиенің ұрығы,
дәні жатыр. Яғни талант әсері - сан тарау. Мәселе соны пайдалана білуде. Ел
ішінде талантты адамдарды тауып, оның игілікті
әсерлерін - негізгі мақсат дене школасы арқылы жан, рух шипасына қол жеткізу.
«Сау дененің рухы да сау болады» деген белгілі қағида содан шыққан. Ал бізде
соңғы кезде сау дененің саулығын қолдан бұзып, дертке ұшыратып жатқанда - рух
қайдан сау болады.Иә, солай, мынау төбе басында ойдан ой өрбиді. Сарыағаштың
дәрігерлері, медицина қызметкерлері ықыласты, бейілді жандар көрінеді. Бұрын
олардың - мынау шипа іздеп келгендердің алдымен көңілі ауырып келгендіктен,
қазақтың «Пөленшенің көңілін сұрайын деп едім» дейтіндерін үнемі ұға бермейтін,
«әй, ана жерге жат, мына жерде тұр» деп көкіректенетіндері болушы еді. Қазір
азайған секілді. Әйткенмен профессио налдық мәдениет жетіңкіремей жатыр. Бұл да
тәрбиенің жұмысы.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессияларында талқыланып,
қаулы алынып жатқан мәселесінің бастысының бірі - осы халықтың денсаулығын
жақсарту, ол үшін медицина мамандарын жетістіру, олардың тұрмыс жағдайларын
жақсарту, сол арқылы мамандық ынтасын, көңіл-күйін көтеру болып отыр.
Бір
бақылайтын нәрсе - әлгі ем алушылар бойына ем тараған соң, рухани азық іздей
бастайды екен. Ойын- сауық, өнер көру, әсіресе бізге жақыны - кітап іздеу, оны
тауып оқуға ынталық. Мысалы: сол ортада емделген не барған жазушымен кездесу
үшін әдеби, өнер пікірін үйымдастыру қолдан келіп тұрған нәрсе екен. Біздің кітап
саудасының адамдары осындай қалың қауымға жолай алмайды. Ісінің орнын білмейді
екен. Қайдағы қарбалас жерге апарып, бірдемені жылтыратқан болып, одан мардымды
нәрсе шығара алмай, «кітап өтпейді» деген әуенге басады. Мен осы жолы да кітап
іздеп, сұрау салғандарды көп көрдім. «Осыңцайда танысып, кітабын жаздырып, оқып
қалайық» дегендер не сан. Айтып отырмын ғой, бұл курортшылар ортасы деген бір
қызық халық. Аз күнде көп көңіл табысады. Пікір айтылады, өзінше бір коллектив құрылады.
Кәрі мен жас, әке мен бала, ұрпақ жалғасады. Иә, Сарыағаш төбе ойдан ой
өрбітеді. Мен Сарыағаштың өзіндік проблемаларын санап отырғаным жоқ. Олар баршылық. Бірулер «Сарыағаштың емдік
суы таусылып бара жатыр екен» - деп, сәуегейленеді. Ол - жалған сөз.
Сарыағаштың проблемасы - ауыз су. Тұрмысқа қажетгі кәдімгі қара су. Оны біресе
Ташкеитген тарту керек, оған мүлде қыруар қаржы қажет болып жатса керек. Ал
әзірге ауыз су - құдықтан, шаруашылыққа қажет жалпы су Келес арнасынан келіп
жатыр. Келес суының, жалпы өзеннің тазалық жағдайы да онша емес екен. Екіншіден
- жоғарыда сүйсініп айтқанымызбен, құрылыс жағдайы да бір дүрілдеп барып,
тоқтап қалса керек. Әлі де түрғын үй, дәрігерлер кабинеті, қосымша қызмет
жайлары жетіспейді. Дәрі-дәрмек проблемасы мұнда да бар. Асқазан, бүйрек, бауыр
тексерудің қазіргі жетістіктері, құралдың жаңа түрі жоқтың қасы. Баяғы ескі
әдіспен анализ алу, жан қинайтын, жағдайсыз қара дүрсін ескі техника әлі бар.
Медицина табыстары бұл жерге
жетіңкіремеген. Ал кей бөлмелерде таракандардың адаммен араласып жүруі -
тазалық мәселесін оңдырмай-ақ түр. «Сарыағаш» курорты Қазақстандағы ең кәрі де,
ең үлкен курорт. «Сарыағаш» суын еш минералдық су айырбастай алмайды.Соңғы
жылдары республикада асқазан ауруымен ауыра- тындар мүлде көбейіп кетті.
Республиканың мандайына біткен мақтанышы - «Сарыағаш» курортына үздіксіз қамқорлық
керек. Санаторийді білімді, талантты дәрігерлермен толықтырып, жаңартып отыру
керек. Ол үшін оларға түрғын үй салу көзделіп отыр. Курорттың жан-жағындағы басы
артық құрылыстар, қаптаған машина түтіні қойнауға орналасқан курорттың ауасын
бұзады, ағаштарын аздырады. Сарыағаш адамдарды емдейді, бірақ өзін емдейтіндерге
де зәру. Осы мәселелердің біразын бас дәрігердің орынбасары - Айтпай Тәсілов
әңгімелеп берді. Көп жылдан бері осында қызмет етіп келе жатқан ол курорттың
жағдайын бес саусағындай білетін жігіт екен, курорт дәрігерлерінің өзге медицина
қызметкерлерінен айырықша әрекет, мінездерін де қызық етіп айтады. Емдеудің өзі
ғана емес, сол емдеуді, демалысты ұйымдастыру жағымен көп айналысады екен. Бұл
маусымда көбіне-көп қарттар,еңбек, соғыс ардагерлері келген. Олардың көңіл-күй жағдайларын
қадағалап отыру - қызметке қосымша жүк артатыны белгілі. Кәрілікке деген арыз,
шағым және емшілерге артатын кінә - екеуі араласып жатады. Бұған әр халықтың
мінез психологиясы да қосылады. Heгe екенін қайдам, қайда болса, бейнеттің көбі
осы орынбасарларда болады да, әрекет істейтін кезде әріге бара алмайды. Өйткені
қолында алаңсыз билік жоқ.
 «Сарыағаш» курорты неғұрлым ұлғайған сайын, келелі мәселелері, мұң-мұқтажы
көбейіп барады.
Біздің бір мәселені бітіріп тастадық деп, оған
енді қайтып соқпайтынымыз бар. Осынау әдемі құрылыс, корпус- тардың жыл сайын
кетілген, мұқалған жерлерін жамап, жаңғыртып отыру, іште де, тыста да тазалықты
үздіксіз қадағалау секілді нәрселер ұсақ жайттар емес.
Екінші саз
Жуық арадағы бір жылдарда мен Ташкент қаласында
ертедегі қазақтың үш түтқасының бірі атанған - Үйсін Төле би мазарының бар
екенін естіген едім. Тарихтан белгілі - ол замандағы үйсін уәлаяты Ташкенттен
Қаратауға дейінгі алқапты алып жатқан, кейін Жетісуға қанат жайған.
Үйсінге
байланысты квп тарих, оқиғалар, көне аңыздар олардың сол алғашқы мекендерінде
туған. Мысалы - жазушы Тұрсынқұлов Қалаубектің «Анды, Қарақыз» повесіндегі
оқиға осы төңіректе болған, оның басты кейіпкерлерінің бірі- Төле би екені
суреттелген. Өкінішке орай, басқаны қойғанда, осынау елге тұтқа, қорған, басшы
болған атақты адамдарымыздың, билеріміздің тарихын жоғалтып алып, мәңгүрттікке
айналып, соңғы жылдарда ғана іздей бастадық. Соңғы кезде ғана олардың айтқан сөзін,
іс-әрекетін, халық есінде қалған жүрнақ аңыз- дардан жинай бастадық. Онда да
бірінікін-біріне шатастырып, әл жігін ажырата алмай жүрміз. Әрине, ол оңай
шаруа емес. Оған да ғылыми зерттеу керек. Оқиғаның болған орны мен уақыты, әр
бидің айтқыш- тық өнер-тәсілі, жас шамасы секілді. Бұл ұлан-асыр қазына -
қазіргі әдебиет, өнер, тарих, этнография секілділеріміздің ең ұшар басындағы
қайнар көзі болып саналады. Мәселені
осыдан бастаудың тағы бір маңызы - қазақ тілінің осыдан үш-төрт ғасыр бұрын
қандай дәрежеде болғанын, бірте-бірте қалай тозғанын, нәрлік, қор, сапалық
көрінісінің қандай өзгеріске ұшырағанын білуге мүмкіндік берсе керек. Қысқасы,
ең алдымен тіл тарихын қайта жазу керек.
Үйсін Төле би!
Қазақта Төле аттас билер одан бұрын да, кейін де болуы мүмкін. Сондықтан әр
нәрсені әз атымен атау керек. Яғни Үйсін Төле би. Осы күні «руға бөлуді қояйық,
аулақ болайық» деген пікір, тағы да жаңсақ, асығыс ой шықты. Ау, жолдастар, осы
күні ол үраның дұрыс шығар, бірақ көне күнде ол ру аттары белгілі бір оқиғаның,
адамдардың аттары, адресі, паспорты секілді болған ғой. Қазіргі фамилияның
орнына жүрген ғой. He рухының, не тұрған мекенінің, не өз атасының атын алып
жүру тек қазақта ғана емес, кене шығыс, түркі халықтарының бәрінде де болған.
Сонау Әл-Фара-би, Низами, Гәнжәуи, Джами, Бируни деген секілді. Біздің қазақта
ол бұрын орын, мекеннен ауысып, руға, атаға, кісінің жеке сипатына көшкен.
Қарап отырсақ, осы күнгі «ұлы», «қызы» дегенге дейінгі аралықта қаншама өзгеріс
болған. Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Әубәкір Кердері дегенді еске алыңыз. Әрідегі
Қанжығалы Бөген- бай, Шұбыртпалы Ағыбай, Танабұға Наурызбайды қайда қоясың?
Бері келе олар да озгеріп, енді әкенің атына көшеді. Наушабайдың Нұржаны,
Сағынайдың Нұрма- ғанбеті, Байтұрсынның Ахметі деген секілді.
«Пәленше ұлы», «пәленше қызы» дегендер осы ғасырда,
революцияның арғы, бергі жағындағы атаулар.
Сонымен, біз Мәмбет
Бестібаев, Алтынбек Қоразбаев - үшеуміз Үйсін Төле би мазарын іздеп Ташкентке беттедік.
Біліңкірейді-ау деген Алтынбектің өзі әлде-біреуден жөн-жобасын ғана естіп
алған, тікелей білмейтін жігіт болып шықты. Ташкент ішінде жобамыз түкке аспай,
көрінген өзбектің шалын іздеп, сағаттан артық жүріп алдық. Әрең дегенде біреуі
«қазақ мазары бар, осы парктен айналсаң болады, ал ол әулиең онда болмағанда,
қайда болады?»- деп, жән сілтеді. Ілгері кейін жүрісіен бір быжынаған құрылыс
жүріп, қопарылып жатқан жерлерді аттап өтіп, әлдебір мектептің қорасына ілікті. Бізге «содан алыс емес»
деген. Мектептегі біреуден жөн сұрап едік, «Осы қораның арғы шетінде шайхана
бар, соның иесінен сұрандар», - деді. Қуықтай көшенің тірелген жерінде кірер
аузы қушиған, жан-жағы ағаш жапырақтарымен көмкерілген бір үйшікке кіріп
кетсек, ар жағы кеңістік, шағын бақ екен, бер жағына сәкі орнатып, тақтай
орындықтар қойған. Бізді өзбек шалы, жасандау екі адам қарсы алды. Жөнімізді
айттық. «Дәл келіп тұрсыздар - деді шал, - ол әулие осы қораның ішінде». Шал
бастап, баққа кірдік, бақ дейтін бақ емес, оншақты терек, одан әрі әлгінің
шайханасына тура бүйірлес тұрған төрт бұрыштап кірпіштен салған кішкене тамның ішінде
үлкен мола жатыр. Түрі де, көлемі де мен жоғарыда айтқан Сарыағаш тауының
басындағы әулие бейітінен айнымайды. Мұны да қара көк сырмен бояп қойған.
-        Сіздердің
іздеп жүрген әулиеңіз, Төле би - осы, - деді шайханашы шал, әбден сенімді
түрде. - Қазақтар осында көп келеді, әсіресе соңғы жылдары көп келіп, мол-молдан садақа тастап кетеді. Ана бір
кезде сыртын, ішін сылап, жөндегендері де бар. Шынында да бүл ол кездегі бір
адамға жарайтын-ақмола екен. Бірақ Төле биге қомсынғанымызды жасыра алмадық.
Тіпті елеусіз жерде тұрғаны бір басқа, шайхана дүбірі де бола берсін-ау, соның
дәу самауырын түтінімен ысталып, күйелеш-күйелеш ағаштың астында тұрғаны және
шайхана есігінен екі-үш қадам жердегі үлкен дәретхана - бәрі-бәрісі қосылып,
көңілге қасырет ұялатты. Шал қайтсын, шалда кінә жоқ.
-        Әуелде
шайхананы осында келетін кісілер үшін ашқанбыз. Оған көп жыл өтті. Бүл тұрған
махаламыз (көшеміз) «қазақ мазары» аталады. Мынау бақ бұрын үлкен бақ болған,
жағалай қойылған қабыр болатын. Жан-жағын құрылыстар басып, қусырып әкелген
жері - осы. Енді бірер жылда мазар да, шайхана да құритын болар. Осы жақында
«Қазақ мазары» деген атты өзгертіп, «аэроплановая» деп қойды. Оған бұл маңайдағы
ескі тұрғындар қарсы болып едік, қайдан тыңдасын. Анада бір келген қазақтар
«Төле би» қабырын Қазақстанға көшіріп әкетеміз деп еді, одан не хабарларыңыз бар?
- деп өзімізге сұрақ қойды. Шалға құранын оқытып, садақамызды беріп, қош айтыстық.
Әйтеуір аманында көргенімізге шүкіршілігіміз болмаса, көңіліміз қатты құлазыды.
«Жігіттерге айтпаса болмайтын шығар!» - деді Мәмбет маған. Мен үндегем жоқ... Біз
курорттың қақпасынан енгенде, екі-үш Адам күтіп тұр екен. Ішіндегі ұзын бойлы
біреуі әлгі Алтынбекке жөн-жобасын айтқан кісі екен. Бейнет, шаршау былай
қалып, тапқанымызды қуанысып айтып, сипаттап беріп ек, әлгі кісі:
-        Ойбай,
ол емес! - деп, алақанын сарт еткізді.
-        Ол
кәдімгідей мавзолей ғой, ұшар басы қазақтың шошақ бөркі секілді. Күмбез,
дарбазасы тор темір, құлпы бар, кіре беріс сол жағында мрамор тақтада «Төле би»
деп (жақшаның ішінде Қарлығаш би) деп қосқан, алтындаған жазуы бар деп,
сайрасын кеп.  Біз көзіміз шарадай боп, аңқайдық та
қалдық.Келесі күні әлгі «білгішті» алып, тағы жолға шықтық. Ол жолын ұмытып
қалған екен, бірақ түрін, нұсқасын біледі екен. Тағы да біреулерден сұрап,
ақыры таптық-ау! Бұл бір бұрын үлкен төбе болған, қалың бақты мазар орны,
шаһардың дәл ортасында ұлы адамдар пантеоны екен. Бірақ оның да тынысын тарылтып,
неше түрлі үйлер салып жіберген. Мұнда бірақ кәдімгі күзетшілері, кілтшілері
бар. Занды қорық, мемлекет сақтауындағы үш мавзолей түр. Ең үлкен жөне
салтанаттысы - Жүнісхан мазары. Жақсы сақталған; әрі реставрациясы да жаңа, ұқыппен
күтілуде екен. Екіншісі - уақыты жағынан ең көнесі Шайх Хо-вайд Таһур мавзолейі.
Екі босағасында өзбекше, орысша жазылған тақтада XV ғасыр екені айтылған. Әлгі Жүнісхан XVI ғасырдікі еді. Енді үшіншісі
- Үйсін Төле би мавзолейі. Мұның құрылыс көлемі әлгілерден шағын, бірақ сұлу,
мәнері бөлек. Шынында, басында батырлардың дулығасындай шошақ мұнара бар, ақ сырмен
боялған секілді, көзге дала отауындай ыстық көрініп тұр. Ішіндегі жазуда
«Қарлығаш би» деген. Бұл да XVI ғасыр. Құрылыс материалдары, кірпіш түстері бірдей.
Сырттағы мрамор тақтада: «Осы жерде халықтар достығының жыршысы, мемлекет
қайраткері, ақын Төле би жерленген» деген жазу бар. Мавзолейдің сақшысы өзбек
жігіт:«Бүл тақта осы жуырда қойылған. Оны сіздердің бір министрлеріңіз әкеліп
қойды», - деді. Кейін ол бізге келушілердің естелік пікір кітабын
әкеп сынды. Оның бірінші бетінде
жарты беттей жазу бар: Қазақ КСР тұрғын үй коммуналдық шаруашылық министрі -
Ғ.Халықов қойған екен. Әрине, бұл жігіттің азаматтығына риза болдық.
Дұрысында тақтаны жөн бойынша басқа бір жер - осыларды
басқаратын мекеме қою керек қой, бірақ ол қашан қояды деп жүргенде, мына жігіт
өз қолынан келгенін істегеніне рахмет. Біз барып тұрғанда экскурсия келді.
Оларға
әлгі өзбек бастық «Бұл қазақтың атақты әулиесі - «Қарлығаш би» деп
түсіндіргенін естідік. Растығына сенгіміз келеді... Солай болса, Өзбекстан
үкіметіне көптен-көп туысқандық рахмет айтуымыз керек. Ұзақ жыл бойына сақтап,
үшеуіне бірдей қошеметпен қарап, әлсін-әлсін әрлеп, жаңартып отыруы не деген
адамшылық! Әрине, қазір одан түсетін қаржы да бар шығар. Дегенмен, кісі күтіп
отырған ағайындарға көңіл риза. Енді осыған Қазақстандағы мәдени ескерткіштерді
қорғау комитеті ме, мәдениетгің өз комитеті ме - тіпті Министрлер Советі ме, әйтеуір
қайсысы не істеу керек, нендей үлес қосуы керек? Ең әуелі осы ескерткіш санақта
бар ма екен? Бар болса - осыған дейін не істелді? Біздің қаупымыз сол - ол
есепте болып, оған тарихи, ғылыми естелік тақта бұрын орнатылса - текке әуре
болып Халықов жолдастың несі бар? Өзбекстан архив, мәдени орындарымен, тарихшыларымен
біздің ғалымдар, мамандар сол ескерткіштің анық Төле бидікі екенін белгілеуі
керек. Онсыз болмайды. Төле би заманыңда оның өзбек хандарының, әулиелерінің
пантеонына /қорымына/ қойылуы және солардан айнытпай мавзолей соғылуы мүмкін бе
еді? Әбілхайыр, Абылай, Қазыбек Түркістан пантеонында, Қожа Ахметте жатыр ғой.
Егер бүл анық Төле бидікі болса, онда оны күтімсіз екен, құриды екен деп, көшіріп
әкетейік деудің реті жок,. Өзге ескерткіш те сондай-ақ сақталсын.
Ал анау «қазақ мазарында» тұрған ескерткіш там - бейіт
жөні де аландатады.
Ол жерде махалла жұртшылығын жинап, сұрастыру керек.
Кімдікі екен? Онда жазу жоқ. Ал мына жазу да - жаңа жазу ғой. Ол жазу Төле
бидікі болмаса да, әйтеуір тегін қазақтікі болмаса керек. Өйткені сол маңайдағы
ескі қазақтар барғыштап, ал жаңаларымыз мына жақта жүрміз. Қайткен күнде де,
қайсысы болса да, бұл іске жауапты мекеме орындары иешілік ету керек.
Үшінші саз
Бұл сөздің үшіншісі - Келес жайында. Байқағанға
ұш бұрыш - Сарыағаш - Ташкент - Келес. Бір-бірінің арасы жиырма шақырымнан
аспайтын бүл үш тұғырда қанша өмір, қанша тарих, қанша ой жатыр. Сарыағаш тауынан
Ташкент те, Келес те көрінбейді, бірақ олардың осы жақыннан демін, қан тамыр
соғысын сезесің...
Келес ауданының осы жуырда тарқап кетуі келестіктердің
өздері үшін ғана емес, оның тамаша тарихынан хабары бар әрі жол түсіп, дәм
татқан адамдардың жандары үшін де ауыр әсер қалдырды. Қазақстанның оңтүстік
өлкесінде бір атақты өңір болса, осы Келес өңірі екеніне ешкім дау айтпаса
керек. Оңтүстік тарихының бір авторы - осы Келес туралы айтқан сөзінде: «аудан
да, облыс та құрыла берер немесе тарқай берер, бірақ тарқатуға келмейтін
жерлер, аудандар, облыстар болады, соның бірі - осы Келес» деген
болатын.Келестің өз табиғатына, өзеніне, тауына, топырағына қарап көрші -
олардан сенің көне тарихыңның иісі шығады, қиялыңда ата-бабаң елестейді, яғни
Келес деген сәз үзілмей келе жатқан тарих керуенінің аты.
Алдында айтқан
Төле би осы Келес жағасында шатыр тігіп, Келес суынан ат суарды деп кім айтады.
Арғыны қояйық, бергі Совет өкіметінің алғаш туы тігілген жердің бірі - осы
Келес. Алғаш коммуна, бірлестік, қоғамдық бәтуа орнаған жер - оңтүстікте осы
жер - Келес. Тұңғыш мақта егісі жөнінде Қазақстан даңқын шығарған, тұңғыш қазақ
қызының Социалистік Еңбек Ері атанған жер - осы Келес. Қ. Әбдіқадыров «Келес
қызы» деген повесть жазып, Садық Кәрімбаев «Оңтүстікте ақ мақта» деп ән
шығаратын мекен - осы Келес.
- Ал сол Келестің алды-артымызды
болжамай, толгамай ежелгі асығыстығымыздың, алып-ұшпа мінезіміздің қырсығынан
бір-ақ сағатта қаулы алынып, бір-ақ күнде
жойылып кетуі кімнің қабырғасына батпайды? Келес осымен өз уақытымызда өз қолымыздан
үш рет тарқап, үш рет қосылған екен. Келеспен тағдырлас өзге аудан, облыстар да
осы тұста есіңе түсіп, көңілің бұзылады. Келес тарқаған күннен бастап, қарағым,
менде күндіз күлкі, түнде ұйқы болмады. Елдің бас көтерер азаматы мен енбегі
сіңген кәрісі болып жиналып, жоғарыға жаздық та жаттық, Ол қапшық-қапшық хаттан
хабар, нәтиже болмаған соң, өзіміз жолға шықтық.Оған да қазір екі жылдан асып
барады. Мақтада береке болмады, егушісінде береке болмаған соң, не істесін?
Келестің қаулап өсіп, енді қанаты кең жайылып,
қала боламын деп, әсем сарай, әдемі үйлер салып еді.
Орталық болмаған
соң, қаланың өзі азады екен ғой. Аз уақытгың ішінде қаламыз жүдеп сала берді.
Ташкенттің «Алай» базарымен салысатын атақты «Абай» базарымыз да бір уыс боп
қалды. He керек, ел еңсесі түсіп кетті.
            Ал бүгін бізде мейрам, Келес
өз аудандық атынқайтадан алды. Еңбегіміз жанды, көз жасымыз тыйылды. Мен де
қайтадан «Келес қызы» атандым. Мүлде қайта туғандай болдым. Кеше үйымдастыру
комитетінің мәжілісі өтті. Сонда осы апаң даусы тағы саңқылдап сөйледі. Ол -
қуаныш сөзі еді. Үкіметіміздің арызымызды тындағанына айтқан алғыс сөзім
болатын. Мынау - сен отырған, жуырда аудан салып берген үйім, қандай кең, қандай салтанатты өзі. Міне,
осы үйге қуаныш тағы толды. Сақтап отырған қойымды сойып, өзімізше дастарқан
жайып отырмын. Қуаныш асынан дәм тат, шырағым! Мен бір кезде елдің қызы едім, енді
анасы болдым. Отыз жыл ұстаздық етіп, демалысқа шықсам да, отыратын мен жоқ,
балаларды ертіп, ылғи да мақта басында жүремін. Мақтасыз менің өмірім жоқ, менің
даңқымды асырған бақытымды ашқан - мақта, мақта - менің тағдырым, - деп, терең тебіренеді
қазақтың даңқты қызы Рыскұл Мақатова, енді жетпіске толған, сонда да қайсар да
өр көңіл мінезімен рухынан таймаған қадірлі апамыз.
Иә, ел жүрегі
- осылар. Аталар мен аналар. Олар ел деп шырылдамағанда қайтсын. Өз бақытын
күйттеп, өз орнын тырмысып қорғаған азаматсымақтар елін де, осындай елдің ірі адамдарын да тастап,
жайына кете береді ғой. Бірақ ел, Келес сияқты елдің мың шырағы бар, бәрібір
соның бірі жанбай қоймайды. Қашанда біздің түбімізге жеткен белсенділік, асығыс
қаулы немізді тоздырмады? Оны түгендеу үшін қанша уақыт
керек. Қиратпай, бұзбай, қосқан
үстіне қоса бергенде,қайда баратын едік біз ендігі! Оған енді салауат! Бар тілек
- сол жарамсыз қылықтар қайталанбаса екен!
Иә, «Сарыағаш»
курорты, жарықтық денең түгел ойынды, рухынды сауықтырады. Онда жазық жоқ.
Жазық - сауыға салып, сол шипаны, сол сабақты ұмытып кететін адамдарда. Ел
рухы, халық жаны қайта жаңарып келе жатыр. Сол жаңаруды баянды ету үшін бәріміз жаңарып, «іштей жуынуымыз»
керек-ақ.Сарыағаш осыны мәңгі жасыл жапырақтарының тілімен бізге сыбырлай
айтады.