ВЕРНУТЬСЯ

   "Балалықтың көшінен
Мен қалғалы көп мезгіл,
Болған жоқ қой", - деп жүрсем
Байқатпапты өткен жыл.
Өмір қандай жомарт ең
Қос қуаныш сыйладың!
Болды түңғыш балам мен
Кұрдас тұңғыш жинағым.
Қане,
қанат қағыңдар,
Құрдас
туған балаларым!
Өмір - күнім қабыл ал,
Гүлге бөлеп жолдарын.
Жетіп калған екенбіз,
Уақыт аулап, жер өніп.
Келші, жарым, екеуіміз,
Ата-ана боп көрелік!