ВЕРНУТЬСЯ

           Басталған дүние ежелден 
Алудан емес, беруден.
Алланың өзі -
сенем мен,
Беруші болып
көрінген.
"Жарылқаушы
ием" деген сөз
Содан қалса
керек-ті.
Байқамаймыз
кейбір кез,
Себептен туған
себепті.
Жасауды елге
қайырды,
"Алладан келген
парман" деп,
Ойлауды бізден
айырды,
Алудан басқа арман жоқ...
* * *
Қазақтан көшу кеткен соң, 
Дала да қалды далада.
Тарихты аздап зерттесең,
Даласыз қазақ бола ма?
Дала деп өлең жазғанмен.
Даланы білмей қартайдық.
Алданып өткен аз
дәурен
Мақтандық, соған
марқайдық.
Қазекеңдегі бар байлық -
Маңдайға біткен
кеңістік,
Ойыса-ойыса
ортайдық,
Оны да жатпен
бөлістік.
Ата-бабаның моласын
"Қазына бар" деп қаздырдық.
Қазақтың қайран
даласын
Бомбалап, улап,
аздырдық.
Алдық,- деп жүрміз азаттық,
Азаттық дәмі
ащы ғой.
Даласыз қалған
қазақты,
Қазақ,- деп ұқсақ
жақсы ғой.