ВЕРНУТЬСЯ

 Осыдан он
сегіз жыл бұрын мен Біржан басында бірінші рет болдым. Жасынан осынау ән
пайғамбарына асқан құмарлық, таңғалушылық пен ризашылық аралас сезім мені
Біржанға бастап алып келген болатын. Мұндағы айтайын дегенім - кім келіп, кім
кетпеген бұл төбеге менің шығуымның өзгеге ұқсамайтындығы еді. Қазақтың музыка өнерінің үш бұтын -
сазгерлік, ақындық, орындаушылық - осы күні үш адам қосылып әрең шығаратын ән
комплексін, ұясын, әулетін жалғыз өзі жасаған. Сөйтіп, Сарыарқаны - қазақ әнінің
астанасы еткен Ақан Сері, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, Сегіз сері, Жаяу Мұса,
Әсет, Балуан Шолақ, Ғазиз, Майра, Басықараның Қанапиясы - осынау алтын шашақты
сәукелелі топтың басында Біржан сал түр. Біржан бәрінің ағасы, ұстазы, мектебі.
Ол - оның жасының үлкендігі немесе бәрінен бұрын бастағанынан емес, ол бүкіл сол тұстағы өзіне дейін аман жеткен
халық әндерінің әуені басын қосқан, өршіл, жеңімпаз күш әперген, оны
әлеуметтік, қоғамдық, елдік, биіктік пен кеңістікке ие жасатқан поэзиядағы Абай
секілді қазақ әніне тұтас бір жаңа құдірет, жаңа
леп әкелген, төңкеріс жасаған адам. Екіншіден - оның аруағы басым, азаматтығы
биік. Біржан келді дегенде алдына барып мың жан жығылған. Қазақ шаңырағын
алтыбақан әнмен көтерген, ал дауыс диапозоны, ауқымы ешкімде болып көрмеген
ғажайып құбылыс еді. Оның даусы - кең даласына кең, еркін жеткен бүкіл қазақтың
даусы еді, халықтың даусы еді. Сондықтан да оны ел аңызға айналдырған. мысалы:
Аққумен аспандағы ән қосатын...
Немесе: Әнімді он екі взвод жіберейін,
             Есіңнен
өле-өлгенше алмайтұғын...
 
Немесе:
Біржанның төңкерілген дауысынан
Ешкі өлмес ел жиылды бауырына.
Немесе Сараның: - Әніңнің адам жетпес бұрмасына, - дегені секілді ардақтау
бағалар толып жатыр.Бүкіл халық бұлай бағалаған ақын, әнші, компози-тор
жоқ.Үшіншіден - Біржан қазақ таланттарының осы күнге дейін басынан айрылмаған
таяқ, қуғын, сүргінін, өсек-аяң, қорлық-қысым, бағаламау бақытсыздыққаұшырату
секілді барлық әкім, төре, тас көз, көк ми билеушілердің сұрқай көзқарасы мен
суық ызғарына ұшырағандардың ең
басында тұр. Біржан трагедиясы - ірілі-ұсақты бәріміздің трагедиямыз.
Жанбота, оси ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерге,
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статъяда көрген жерің.
...Өзіңдей Азпабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды  алды тартып, - дегенде, осыны айтып
ызыланғанда Біржан өзінің сол кездегі де, кейінгі бақытсыз тағдырын да айтып тұр
ғой. Ақыры Біржан деген ән құдіретіне амалы құрыған өнер дұшпандары оны
«еріксіз» жындандырады. Әп- өдемі адамды, әдетте, жынданды дей берсең - жынды
болуы оп-оңай.
Теміртас, Асыл, балаларым,
Шеш енді, білегіме арнаң баттиы -
деп зарлайды ғой Біржан.
Е, оның зарын ұғатын құлақты бермесе не қыласың. Бір кезде
Ғабең - Ғабит Мүсірепов: «Біржан - Сара» операсы да жақсы ғой, бірақ ең бастысы
ол емес еді. Біржанның трагедиясын жазу керек еді», - дегенін естіп едім. Ұлы
суреткер-жазушы сонда Біржан басындағы қасіретті ұққан, тапқан ғой. Ол «Ақан
сері - Ақтоқтыда» Ақан аузына «Барлық ақын қуғын көре туыпты» деген сөзді неге
салды дейсіз. Ол бар өнерпаз, таланттың басындағы тағдыр қырсығын айтқан еді.
Сонда Біржанның менің ойымдағы үш ерекшелігінің әзі осындай. Мен жоғарыда
айттым ғой, сол 1976 жылдан, он сегіз жыл бойы «Оқжетпесте» жатып келемін.
Жылда-жылда қасиетті Көкше туралы неше түрлі бағыттакөп шығарма жаздым. Ол
өзінше басқа әңгіме. Осынау жылдарда әркімнен көлік сұрап немесе біреуге
мінгесіп, әр келген сайын Біржанның басына соқпай кетпеймін.
Біржан - маған әлі күнге бүлкілдеп соғып жатқан
жарықтық Кекшенің жүрегі секілді, мәңгі тозбайтын рухы секілді, аруағы сияқты.
Бері салсам, өзімнің әкем секілді.
Әкесіне кісі соқпай ма, сәлем бермей
ме екен. Біржанның «Степняк» көлінің үстінде жатқан қабірінің басы әр он
жылдықта осымен үш өзгерді, бәрін де көрдім, көріп жүрмін. Алғашқыда қуанғаным
- Біржанды осы төбенің басына қойғандығы еді. Кейінгі замандарда жалпы қорымға айналып кеткен ғой. Осының үшеуін де
сақтаса болатын еді. Өйткені әр кезеңнің ол да мүмкіндігі, қолдан келгені
көрініп тұратын еді. Және елдің, өкіметтің үзілмес құдіретіндей де мағынасы бар
еді. Жарар, осыған да рахмет. Әрине, бүгінгі
той шеңбері үлкен емес, кең емес. Ол, бәлкім, заманның таршылығы, мемлекеттің
әлі әлсіздігінен шығар. Жөне жақсыларды, аруақтарды еске алу тіпті көбейіп те кетті ғой. Кінәлайтын ештеме
жоқ. Бірақ өлгенде де жолы болмайтын адамдар болады. Соның бірі - Біржан. Ана
бір жылы - Жаяу Мұсаның 150 жылдығы да оңып еткен жоқ. Сондағы менің айтқан сөздерімді
жұрт әлі айтып жүр. Қайбір жетіскендіктен айтылған сөз дейсіз. Осы күнге дейін
Біржанды сері демей, сал дейтін себебі не? - дегенге мен әлі жауап ала алмай
жүрмін. Біреу айтады - салдың серіден салты басқалау, оның сәні, киім киісі,
жүріс-тұрысы еш адамға тұқсамайды, үй шаруасы, от басының қамы, ағайынмен араласы
деген болмайды, оның халқы ортасы - қасындағы нөкері, жігіт-желең, қыз-қырқыны
болады дейді. Әр ауылға бір еркелеп, бір думан сыйлап, әрі қарай жол созады.
Осы күнге жақындатып айтсақ - ансамбльді ертіп
жүрген Нұрғали Нүсіпжанов секілді дейді.
Бірақ көңілім
осы анықтамаға көніңкіремейді. Сал - серінің ағайыны екені рас. Бірақ серіде
барлық өнер бас қосқан - ол жүйрік аты, қыран құс, құмай тазы ұстайтын, ғашық
құмар, ылғи да әсемдік жаршысы секілді. Мысалы: Ақан бәйгеге Құлагерді салады,
Біржан бәйгеге езін салады. Оның қоршаған ортасы кілең қасқа-жайсаң, ел
басшылары. Өнер басшысы өнер басшыларымен тізелес жүреді. Сөзі де, ісі де ірі,
жауы да ірі, дауы да қалың. Осы ұлы кереғар, екі ұдай тартысты Біржан әнге
түсіреді. Оның тақырыптары да басқа, ақылы биік, сырбаздары көп, тұрмысы басқа,
арманы бөлек дүние тірлік. Осыларды қосқанда сал деген ұғым шыға ма деп
шамалаймын.Бұл, әрине, өз ойым. Мынау Біржан мәжілісінде Біржан туралы ойымда
не бар дегенде - айтарым осы еді. Біржан сүйегі әлдеқашан қурап қалған шығар. Бірақ
Біржан рухы Көкшенің қарағайының, қайындарының басында жапырақ болып,
шыңдарының, жартастарының үстінде біресе ақ бұлт, біресе көк бұлт болып қалқып
жүр, тербеліп тұр. Абылай алаңындағы алуан шөп, шипалы өсімдіктер болып жылда
көктеп, жұпар самал болып, таңғы кешкі ауада өсіп тұр. Қысқасы, Көкше барда -
Біржан бар. Әнмен таңдайын жібіткен қазақ барда - Біржан бар. Әр уақыт, әр ұрпақ
оны қалай түсініп, қалай құрметтесе өзі білсін. Оған Біржан рухы тіпті де
келмейді. Жасасын рухың менің әміршім, тірлігімнің мақтанышы, қазағымның көркі
- қасиетті сал Біржан!