ВЕРНУТЬСЯ

     Ия, ол - мамыр емес, май болатын, 
"Жеңіс"-
деп сан баланың қойған атын.
Солар да елу жасқа келіп қалды
Жетектеп немересін, қолқанатын.
Солдаттың алды тоқсан, жүзге келді,
Суарған қаныменен туған жерді,
Олардың мыңнан бірі қалса тірі,
Алпыстан асып
кеттік біздер енді.
Бала едік жалаң аяқ он үштегі,
Қан белдеу -
тартылғанда соғыс шебі,
Жадымнан кетер
емес қайран елдің
Сондағы қайғыны
жеп, сор ішкені.
Он бесте қабырғама түсті салмақ,
Нан тауып, үй
асырап, жаным жалдап,
Бір оттан үш
азамат аттанғанда,
Мен қалдым еркек
кіндік - жалғыз бармақ.
Тұрмыстың тұра
қалдым кермесіне,
Солардың көрінді
ме келмесіне.
Кендірмен белді
буып келешекке
Мен тарттым
"қайдасың" деп, жел несібе!
Артымда екі шеше, бес жетімек
Арқасын отыратын
пешке сүйеп,
Келер деп қашан
Ғафу дорбасымен,
Бір құшақ отын
тасып, кеште сүйреп.
О, жоқ, мен айта алмаймын одан әрі,
Белгілі не болғаны, не қойғаны...
Жан сүйреп
біреуінің оралғаны,
Хабарсыз екеуінің
жоғалғаны.
Оларды жеңіс күні
көп тосқаным,
Айтуға төзбес
жүрек, жетпес қаным.
Қымбатқа түстің
ғой сен, қайран Жеңіс,
Секілді көрініп
ең атпас таңым.
Ия, ол - мамыр емес, май болатын,
Жайғанда 9 май -
той қанатын,
Сол өмір бәрі
келіп түседі еске,
Тебіренбей
қайтсын сосын, қайран ақын!