ВЕРНУТЬСЯ

Жалғыз аяқ жолдар

      Жүгіруші ем жасымда 
Жалғыз аяқ
жолдармен,
Апаратын асуға,
Яки суға, орманмен.
Кейде қиыр көкжиек
Өрге жіптей
ілетін,
Көкжиекке иек
сүйеп,
Күн астына кіретін.
Сол жолдарды жұмбақтай
Көруші едім бір
тылсым,
Өмір ме екен
шумақтап
Тастап кеткен кім
білсін?!
Әрбір жолда адамның
Тағдыры бар секілді.
Алғаш ізін салған
кім,
Кім жобасын
келтірді?

Жер астындағы жұлдыздар

       Бірінші бөлім
      ЛАВАҒА БАРАР ЖОЛ
      1. Басталу
Атқан таң әсем
бүгін. Ауа қандай!
Алаптан аңқып жұпар
тарағандай.
Тап-таза аспан
үстен төңкерілген,
Ақ бұлт та көк
айнасын аяғандай.
Тұр қарап жас
инженер қыр басынан,
Осы еді өскен
қала бір жасынан.
Көрінді әрі
таныс, әрі тосын,
Көз жазбай күн
үңілді тұлғасынан.
...Оң жақта
орнап жаңа Қарағанды,
Түтіндеп солында

Інім Әдісағит

    Мен аға боп, сен іні боп жүргелі 
Тіршіліктің өтті
талай күндері.
Мемлекетке үлкен
енбек сіңірген
Сен бүгінгі
азаматсың іргелі.
Жәй сөз емес,
оның ғажап дәлелі -
Сен жобалап,
салған үйлер әдемі,
Астананың көркі
болған сарайлар,
Ел қазақтың
болашаққа сәлемі.
Адамдарды еш алаңсыз сүйдің сен,
Ішін нұрға
толтырдың сан үйдің сен,
Сол адамдар
рақатты көрсін деп,
Көбін бердің көкіректегі

Сыластыққа не жетсін

       Осы сөзді айтудан
Бара жатыр мән
қалмай,
Ұрттап алып жай
судан,
Ауызыңды
шайқағандай.
Сыйластыққа не
жетсін.
Оған айтар нендей
дау,
Құр ішіңнен
сезесің,
Әттең, қолдан
келмейді-ау!
Бәтуәсіз, дуасыз,
Берекесіз кеткен
күн,
Қай жүйрікпен
қуасыз -
Қуғанменен жеткен
кім?
Бірін-бірі қинасу,
Бірін-бірі
тоздыру,-
Бет жыртысу,
күнде ашу,

Манас пен Манасшылар

Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл
тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың - поэзияның асыл маржанынан
соғылған мұнарасы «Манас» ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар
әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді.
Манасшылар
сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір
адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы,

Страницы