ВЕРНУТЬСЯ

Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл
тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың - поэзияның асыл маржанынан
соғылған мұнарасы «Манас» ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар
әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді.
Манасшылар
сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір
адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы,
ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер - бәрі-бәрін кереметтей басын
қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы - әлденеше айлар бойына
айтылатын бүл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.
Бұл кім-кімнің болмасын таңдайын қақтырып, есінен тандыратын, адам жаратылы- сының
құдіретті құбылысы. Адам миының тәңірідей күшін, оның мүмкіншілігінің шексіз
екендігінен хабар беретін шындық. Тамаша дәлел болып табылады. «Манасты
шығарғандарды мен осы күнгі электр, атомды, ғарыш кемелерін ойлап тапқан
данышпандар миымен салыстырар едім. Осы кереметтердің бәрі сол «Манас» тәрізді
халық даналығының өзегінен шыққан. Сондықтан да «Манас» адамзат мәдениетінің
асыл қазынасы болып саналады. Қазақ данышпандары Шоқан Уөлиханов, Мұхтар
"Әуезов «Манасқа» тегіннен-тегін соқпаған. Олар бұл Дүниенің, бүл халық туғызған
ғажайып мүнараның түбінде мың ойланып, жүз толғанып, ұзақ тұрған. Біз "Бүгінгі
ұрпақ, жалпы жиырмасыншы ғасыр адамдары, «Манастың ұлы мағынасын, сиқырлы сырын
әлі толық ұғып жеткен жоқпыз. «Манастан» соңғы батырлар эпосының қайнаған
ордасы - қазақ қауымының жаңа өкілдері де сол жүздеген, мындаған батырлардың,
хандардың, билердің адамдық биік қасиеттерің білмегендіктен, ұмыт
қалдырғандықтан, өзімізді мәңгүрттікке әкеп соқтырды.Халықтың рухани ақыл, ой,
күш, сезім дүниесің тоздырдық, әлсіреттік. Біздің сонау алыс қалдырған та- рихи
бастау көзімізге, елдік, ұлттық қасиетімізге, бір кезде адамзат өркениетіне
қосқан үлесімізге қайтадан оралуымыз керек деп, жаңа оянып, дауыстап жатқанымыз
сондықтан. Ол сана, ол ой бізге қайдан келді?! Әрине, бостандықтан,
азаматтықтан, дербестіктен келді. Біз демократия дегенді де аса биік
мағынасында үғуымыз керек те, соған сәйкес әрекет істеуіміз керек. Ия, солай,
Манас және манасшылар туралы сөз осылайша, алуан салалы ойларға жетектейді.Мен
атақты «Манасты» тұңғыш аударушыларды бірімін. Алпысыншы жылдардың басында «Манасты»аудару
мәселесі туып, оған сол кездегі қазақтың атақты ақындары мен талантты жастары
тартылды. Әбділда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Ғали Орманов, Қалижан Бекхожин,
Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленовтер еді де, соған біз - жастар қосылдық. Менің
аудару үлесіме «Манастың» «Чоң Қазат» деген белімі тиді. Бұл - алып эпостың ең шүрайлы тарауына жатады.
«Манас» сонымен қазақша төрт том болып шықты. Біздің аудармадағы міндетіміз -
жырды тек мағына жағынан аудара салмай, оны қазақ эпосының өлеңдік ерек- шелігіне
алып келу болатын. Жырдағы әлденеше қайталаулар мен төгіліп-шашылып қалған
жолдар, ұйқастар, өлшемдерді жүйеге келтіру, жинақтау жұмыстарын қарап едік.
Келденең ойлағанға «қырғыздан аударғанға не қиындық бар» деушілер қатты
қателеседі. Кәдімгі аудармадан қырғызшадан қотарудың өзінше қиындығы, өзінше
тәсілі бар... Сөзді түсіндім екен деп сол күйінде қойып қалсаң, ол қырғызда
басқа болып шығады. Туыс тілдердің осындай кілтипанын көп адамдар білебермейді.
Басқа елдерде де батырлар жыры көп шығар, әйткенмен түркі халықтарының ішінде
қырғыз Бен қазақтай батыры көп ел болды деп айта алмаймын. Оның себебі ап-анық,
бұлар ғасырлар бойына жаугершілікті, шапқыншылықты көп көрген халықтар. Батырды
да уақыт, заман, қоғамдық жағдай туғызады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы болмаса
Бауыржандар, Ракымжандар, Әлиялар болмас еді. Қиыр Шығыс,Орта Шығыс, Таяу Шығыс
- бәрін мекендеген түркі халыктарының соғыспаған көршіде бірде-бір елі жоқ десе
болғандай. Көбіне жаушылық мақсатпен емес, едді, жерді жауды қорғаумен ғұмыр
кешкен соң да, батырлары көп болған, солар осынау байтақ кеңістікті корғап
қалған. Әрине, батырлары көп болған соң, батырлық эпосы да бай болып келеді.
Қазақтың батырлар жыры қаншама. Біздегі айырмашылық батырлар бас-басына бөлек жырлаған.
«Манаста» бәрінің басы қосылған. Түп қазық «Манасқа» байланған. Қазақ батырлар
жырын солай бір жерге қоссаң, олардың да көлемі «Манасқа» жуықтап қалады.
Мысалы, Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры», Шалкиізден тартып, бергі Жиенбай
жырау, Мұрат, Нүрпейістер айтқан ноғайлы қазақтың батырлары нешеме сан.
 «Манасты» айтқанда қазақ батырлар эпосы еске түспей
түрмайды. Сол «Манастың» ішінде біздің талай батырларымыз жүр. Айтсақ, «Ер
Көкше». Қазақ өкілі «Манас» туралы айтқанда, осы батырлар туыстығын, жыршылар
туыстығын айтпаса не айтады? Бұл күндері қырғыз халқы өзінің атақты манасшысы
Сағымбай Оразбақұлының туғанына 125 жыл толған мүшел тойын, мерей мерекесін
кеңінен атап өтіп отыр. Қырғызда да манасшылардың ұлысы, кішісі болатынын қазақтар
біле бермейді. Манастың жеке-жеке батырларының тарауларын бөліп жырлаушылар бар
да, бастан аяқ айлар бойына тұтас жырлап шығатындар ілуде біреу-ақ. Міне,
соларды қырғыздар ұлы манасшылар дейді. Ол халық түсінігінде қазіргі біздің ұлы
жазушы, ұлы артист, ұлы композитор дегенімізбен парапар ұғындырылады. Сондықтан
да Сағымбай ма екен әлде
Саяқбай Қаралаев па екен, бір зор
манасшысын тыңдап едім. Осы күні Төле би көшесі мен Байтұрсынов көшесінің бұрышындағы
сол кезде жаңа салынып  біткен ҚазМУ-дың оқу корпусының үлкен
залында жиналып, сонда манасшыны Мұхтар Әуезов бастап әкеліп, езінің асқар,
шалқар білімді шешен сөзімен жарты сағаттан артық Манас және манасшылар туралы
әңгіме айтып, сөзді ұлы манасшыға беріп еді. сондағы әсердің несін айтасың!
Әлденеше сағат бойына есімізден тана тыңдағанбыз. Манасшының алуан түрлі айтысы
мен мың күбылған кескін, әрекеті, қимылы
көз  алдыңнан бүкіл соғыс суреттерін
тұп-тұтасөткізіп еді. Қанды қырғынның ішінде өзің  жүргендей әсер береді. Қаншама кейіпкер,
мындаған қолды жадғыз өзі айырбастап шығатын мұндай құдіретті көрсеңші?! Осы
күнгі бір театрдың актері деген оның қасың- да түк те емес. Осы күндерде
манасшы дегенде, менің есіме сол оқиға түседі және біздің қазір Көкшетаудағы
жас ақың Баянғали Әлімжанов сол Манастың бірнеше тарауын қырғыз тілінде керемет
орындайды. Қайда жүріп үйренгенін құдай білсін. Тіпті Қырғызстан манасшылар жиынына
қатынасты-ау деймін. Қазақтағы манасшы - Баянғали сирек құбылыс. Әттең, соған
мән беріп жатқан біз жоқ. Ау, қанша туыс болғанымен, басқа ұлттың тілінде бүкіл
бір қиссаны жатқа айтқан кім бар? Орыстар мұны - феномен десе керек. Манасшылар
дәстүрі баяғы біздің қазақтың танды таңға, түнді түнге үрып, талай жырлайтын
хиссашылар, жырауларды еске түсіреді. Біздің арғы түбіміздің бірге екенін
дәлелдейтін көне куәліктердің бірі осы - дастаншылдық, манасшылық. Өкінішке
қарай, осы дәстүр қазақта енді ояна бастамаса, әлі сұлық жатыр. Жамбыл,
Үмбетәлі, Иса, Нұрхан ақындардан соң, бүл дәстүр үзіле-үзіле, жоққа айналып
барады. Бәлкім, ол заманның өте асығыс мінезінен, уақыттың дедектетіп мүрша
бермейтінінен, жайғасып отыруға жағдайдың жоқтығынан шығар, әйтеуір дастан
тындауға ықылас шамалы, оған қарағанда
оқушылар түгіл, тындаушылардың өзі азайған-ау. Осы күнгі жалпы сөз тыңдамау әдеті
біздің заманымыздағы қысыр кеңес, көп жиналыстың қырсығынан да болар, бірақ осы
«көңілсіз құлак, ойға олақтық» қанымыздағы бір көне кесел ме дегенде қорқыныш
торлайды. Сайып келгенде, туысқан қырғыз халқының манасшылар тойын ұқыпты түрде
өткізіп отыруында өнер дәстүрін ардақтаудың, ұмытпаудың үлкен үлесі жатыр. Манас
- қырғыздың ұлттық екінші атына айналған үғым. Манасты ұмыту - өзін-өзі ұмыту
болып санала-ды. Сондықтан Манас мәңгі болса - манасшылар Да өлмек-өшпек емес.
Яғни қырғыз халқы мәңгі деген сез. Манас арқылы қырғыз халқы өзінің сонау көне заманнан
бері қандай ірі халық болғанын айтып береді және бұдан былай да сол халықтың ұлылыққа
баратынсолда тұратынын дәлелдейді.
            Біз батырларымызды дәріптеп,
тойлап атап жатырмиз. Енді олар туралы жырланған дастандарды жинап, бастырып, ұрпаққа
тарату керек.Той көп болса - үш күндік, дастан, жыр - мың жылдық. Мәңгі Манас
ескерткіші осыған лайық та айғақ!
Қырғыз - Қазақстан, 1992 жыл