ВЕРНУТЬСЯ

    Мен аға боп, сен іні боп жүргелі 
Тіршіліктің өтті
талай күндері.
Мемлекетке үлкен
енбек сіңірген
Сен бүгінгі
азаматсың іргелі.
Жәй сөз емес,
оның ғажап дәлелі -
Сен жобалап,
салған үйлер әдемі,
Астананың көркі
болған сарайлар,
Ел қазақтың
болашаққа сәлемі.
Адамдарды еш алаңсыз сүйдің сен,
Ішін нұрға
толтырдың сан үйдің сен,
Сол адамдар
рақатты көрсін деп,
Көбін бердің көкіректегі
сыйдың сен.
Тағдыр сенің
жүрегіңе нәр еккен,
Сол нәріңнен төңірегің
дәметкен.
Жаның жұмсақ, тұла
бойың толып тұр
Туа біткен мәдениет,
әдеппен.
Ауырма сен, үйір болма дертпенен,
Сен керексің шаруамызға көптеген.
Азаматқа зар боп қалған заманда,
Сендей-сендей бізге жігіт жетпеген.
Қуанышқа да, қайғыға да ортақсың,
Әрқашанда көп
тілегі қолдап шын.
Әрқашанда
жаманаттан алыстап,
Жаның сенің
жақсылыққа жол тапсын!