ВЕРНУТЬСЯ

Толқын атқан теңізге бармайсың ба...

Толқын атқан теңізге бармайсың ба,Мен үйтілген бір отқа жанбайсың ба?Ақын ауызы дуалы, тілі майлы,Маған да бір көзіңді салмайсың ба?!. Тесілмей ме қара тас тамшыласам,Сайгүлігім жетпей ме қамшыласам?Басым иік алдыңда,жүзім сынық,Қалайынша сенімен қарсыласам, Дидарыңа сыртыңнан тойынайын,Жетелесең өзіңмен жойылайын,Аңдып барып Қодарың сойып кетсе,Қозы-Баян қасына қойылайын; Ақ махаббат Құдайдан тіленгенім,Сағыныштан сарғайды реңдерім.Сен болмасаң қасымда күнде өлемін,Жақсы емес пе одан да бір өлгенім?!.                                20.07.20К00 жыл

Бар шыным осы...

Басыма қонған бақыттан жүзім нұрланып,Өлеңіңді оқып,отырдым оймен ырғалып.Көгіне,шіркін,шыңырап шықса дедім мен,Өрлігі менен сыпайылығын бірге алып. Аңсаған арман жеткізер талай өрлерге,Ататын аң көп мергенге.Бар шыным осы,бас иіп өттім,аяулым,Ұлылық пенен кішілік көрген жерлерге. Жаспыз ғой әлі,Қайтеміз жырға өлшем боп,Жырымда мынау кемшілік деген көрсең көп.Аппақ қағазда кірпіктерімнен із түсті,Махаббатымды қалайша сөйлеп берсем деп. Қанатын жайып қалқиды көкте қыран құс,Халқымның титтей інішегімін тіл алғыш.Әрқашан мені жеткізер деймін биікке,Аман-сау болса өмірге деген құмар күш. Сапарғ

Алақашпа

Алақашпа адамның көзін байлап,Ыстық-суық шығады сезімге ойнап.Күйеуің мені ардақтап жүрген кезде,Мен отырам  ішімнен өзіңді ойлап. Шарасынан көзіңнің жылтың көрем,Ойнаймын мен,арыстан,мұртыңменен.Барасың неге айналып сыртың менен?!..Бір жылы сөз айтсайшы,аяулым-ау,Өлсем де...

Жан досым

Мұқалмай мықты тау-мүсін,Жан досым,аман-саумысың?!.Мен саған аңсап келгенде,Сен дағы маған зармысың, Көзінше жұрттың қорс етпей,Елге ұқсап өттің ерсі өтпей,Жетелеп шықтың аулаққа,Жылағың келсе көрсетпей. Шаршаған жоқсың пайда ойлап,Семірген жоқсың май байлап.Жетелеп шықтың аулаққа,Жылағың келсе айғайлап. Пенделер болған кіріптар,Һаққа да менде  күдік бар.Жиһанда  мынау қалған жоқ,Біз сыбырламаған құдықтар! Үстем боп  жатыр аюандар,Аяққа таптап....тойғандар.Жиһанда мынау қалған жоқ,Біз сиынбаған пайғамбар.Мөлдір су керек бау-баққа,Ақ жауын керек тау жаққа.Екеуіміз барып еңіреп,Қайтайық,досым

Мен саған кел демедім...

Мен саған кел демедім,кет демедім,Қырқымда қылымсуды жек көремінҚара тас күнге қарай мөлтеңдейді,Үстіне  көрмей шөптің  көктегенін. Мендей боп жұрттың бәрі тілесе еді,Үстіне қара тастың гүл өседі,Күндерге өліп кеткен лажың жоқ,Бар күннің табылады бір есебі... Көктедім Қарауымбеттің сорында өсіп,Ешкімнің жүрмейін деп жолын кесіп.Кемді күн кешіге тұр, қара табыт!..Орнымен жанған жақсы,орынды өшіп. Өмірдің жетпей жатып ширегіне,Қоңыздар күл тасып жүр қорегіне,Баяғы арулар жоқ күтіп тұрған,Бізге осы көп жасаудың керегі не?!.Қызулы махаббаттан,жырдан өштім,Қуатты Төлегендей тұлға емеспін.Бізге о

Страницы