ВЕРНУТЬСЯ

Нұрдидар

Дүние жаңарады...Жаңарғанда-Ескі сөз орын берер жаңа арманға.Жас сәби қарайды үйге көзін салып,Жаңа үйдің іргетасы қаланғанда... Әкесі атасынан үлғі алады,Өрімтал орман болып ырғалады.Ісімнің бітпегенін бітірер деп,Құдайдан тілейді адам ұл баланы!.. Немерем,сенен артық бар ма құнды,Армандап адам болдым алдағымды.Мен саған алпыс үш жыл жол қарадым,Осы кеп жөндей ме деп шарбағымды... Әжеңнің жасай беріп сәні кеткен,Атаңның сөйлей беріп дәмі кеткен.Жанарымды жаңартып екінші рет,Құдайдан айналайын жарық еткен. Хан болам десең Көктен тақ сұрайын,Өзімде емес,ізімді жақсылайын.Соңымды ойлап  жинағ

Сен осыған шүкір ет

Өткенді ойлап,мастанып,паңданасың.Шөже асырап,нан илеп, мал бағасың.Өз шаңырағың биіктеу болу үшін,Өтірік те айтуға қамданасың... Бәрі мәлім,қарағым,бәрі мәлім,Қайдасың сен,боялған әрім,әнім?!.Сүрлеуімнен мен бүгін...Жаңыламын:Келіп кет деп өзіңе жалынамын. Оралады қайтаданКөшкен көктем,Сығалайды бір жұлдыз өшкен көптен.Мен баяғы оқимын өлеңімді,Өміріңді оятып...Естен кеткен.Азынаулақ мына бас пікірлейді,Аракідік бұл жүрек лүпілдейді.Ақ бұлақтың суына қанған адам,Көк бұлақтың суына түкірмейді... Нұр,шапағат пайда боп жарылыстан,Көкірегімде оянды кәрі мыстан.Қандай жақсы түртетін сайтан бары

Екі ойдың күмілжіген ортасында...

Бойында көк теңіздің  тұрған құрбым,Кеудеме сәуле шашып, нұрландырдың.Мен үшін мың  есе артық жұмағыңнан,Өмірде ойын-сауық құрған бір күн. Көктемде қызыл түлкі қырдан қашар.Көрісіп екі көрші  жылмаңдасар.Көңілің көктемді іздеп жүрген  жоқ па,Бойында көк теңіздің тұрған нашар?!. Адамның туылғаннан мұраты егіз,Бірі-- ана,ай мен күннің бірі--әкеміз.Тербеліп екеуіміз деп жатқан жоқ па,Екі жүз миллион жылдықМына теңіз?!. Санайсың күнкөріс деп күніңді өткен,Ойланбай күншуақты  күлімдеткен.Байқамай бар өмірін өткізіп ап,Ішінен сүрбойдақтың қырынды өткен. Сағынып бүгін келсемертең дедің,Қаламай ізг

Білемін мен!..

Білемін,Барлығын даБілемін мен,Білем деп зорға қалдым бір өлімнен.Жақсы еді білгенімнен білмегенім,Жанымның шығатынын жүрегімнен!.. Жақсы еді білгенімнен білмегенім,Сүйексіз екендігін тіл дегенің..Білемін,білемін деп...мен жүргенде,Менсіз де болатынын бірдеңенің!.. Білгірдің де білгірі, ғалымы бар,Білмегеннің білгенге  жаны құмар.Тыңдағым да келмейді,есіткім де,Көргенім,білгенімнің бәрі мұнар… Көңілің --қанды қапас,жақұт --тысың,Біледі ел :жатықпысың,батықпысың.Көршіңе қарағанмен күлімсіреп,Жарыңмен білмегесін,бақыттысың…Білімсіз де қиындау,біліммен де,Басқа бәле-білгенің құның кемге…Білген

Жүгініп аяғыңа мөлдіредім

Жүгініп аяғыңа мөлдіредім,Білмеймін сені қалай көндіремін?!.Ардақтым-ау,асылым,аяулым-ау,Не болады тағдырым енді менің?!. Қарайсың сонша маған несіне өктем,Көрімді көріп келем несібе еткен.Мен сенің көздеріңе жалтақтаймын,Жел соғып делқұлыдай есі кеткен. Егіз қозы емес пе ек емшекте өскен,Мен шектім-ау,қайғыңды сен шекпестен,Су қылып кірпігіммен жастығымды,Мен саған жылап келем көрсетпестен. Мен сенің қайдан түстім қармағыңа,Аңдумен көзім талды шарбағыңа.Сиқырланған сырнайға әбжыландай,Мен сенің қарап келем бармағыңа.Теңіздей кейде тулап басыламын,Бір өзің аяулы еркем,асыл әнім.Ажал жетсе о

Страницы