ВЕРНУТЬСЯ

Бойында көк теңіздің  тұрған құрбым,Кеудеме сәуле шашып, нұрландырдың.Мен үшін мың  есе артық жұмағыңнан,Өмірде ойын-сауық құрған бір күн. Көктемде қызыл түлкі қырдан қашар.Көрісіп екі көрші  жылмаңдасар.Көңілің көктемді іздеп жүрген  жоқ па,Бойында көк теңіздің тұрған нашар?!. Адамның туылғаннан мұраты егіз,Бірі-- ана,ай мен күннің бірі--әкеміз.Тербеліп екеуіміз деп жатқан жоқ па,Екі жүз миллион жылдықМына теңіз?!. Санайсың күнкөріс деп күніңді өткен,Ойланбай күншуақты  күлімдеткен.Байқамай бар өмірін өткізіп ап,Ішінен сүрбойдақтың қырынды өткен. Сағынып бүгін келсемертең дедің,Қаламай ізгіліктің ерте өнгенін.Сенімен қуанышқа кенелем деп.Мен сенің көздеріңе мөлтеңдедім. Құшағын арманың тұрайқара ашқан,Күман жүр тәуекелмен тайталасқан.Екі ойдың күмілжіген ортасында,Өмірің өтіп болар байқамастан.                         14.01.2011 жыл.