ВЕРНУТЬСЯ

Қоя алмаспын көңiлдi әрi ысырып,Жақынырақ келгенше алыс үмiт.Өлеңiмдi сынағыш адамдар бар,Махаббат... дегеннен-ақ!..Жаны шығып!.. Көтеремiн барлығынТек Сен үшiн,Мен бiрақ көтеремiн...Жетсе күшiм!..Тұғырымды биiкке қондыра көр,(Қиындығы ешқандай жоқ Сен үшiн!) Ақынмын мен.(Бiлемiн мiндетiмдi!)Өткiземiн өлеңмен күнде түндi.Бiр бетiме өмiрден кiрбiң түссе,КҮНШУАҚҚА тосамын бiр бетiмдi. Кездерiм бар менiң де ұнайтұғын,Сүйiктiм бар дертiмдi сұрайтұғын.Сyйiктiмнiң кiргенде құшағына,Ұмытпаймын жан барын...Жылайтұғын!.. Жылайды ол!..Несiне жыламайды!..Сүйгенi үшiн қол жетпес , жырақ Айды!Махаббаттың тылсымын бiле тұра,Жұрт ғашықты несiнеКiналайды!.. Ақиқаттан келмейдi қашып қалғым,Жүректегi сезiмдi басып бар күн!Өйткенi мен ақын боп туылдым ғой,Тырнау үшiн ...Жүрегiн...ҒАШЫҚТАРДЫҢ!..                                     1978 жыл.