ВЕРНУТЬСЯ

Сүйемейсiң немесе құлатпайсыңЖылатпайсың немесе жұбатпайсың.Кел демейсiң қасыңа, кет демейсiң,Жек көрмейсiң немесе ұнатпайсың. Үнсiздiгiң жаныма мұң салады,Үзiлгендей жанымның бiр сабағы.Өтiп кете барасың сен қиналмай,Менiң жаным өртенiп тұрса дағы. Хұқым бар ма айтуға менi сүй деп,Алып кете алмаймын сенi сүйреп.Көз алдымда тұрады сенiң тұлғаң,Қиялымнан тұманның бәрi сиреп. Ұнатамын өзiңдi бәрiбiр де,Тыншытпайды жүрегiм әлi күнге.Жылап-жылап аламын өлеңiме,Жылап-жылап аламын ...әр iңiрде!.. Жылаймын мен!..Жетер сол шыдағаным!.. (Өлеңде де мен ендi...сыналамын!.)От тастадың астына...аяғымның,Секiрместен қалайша..Тұра аламын!..                                    24.09.1978 жыл