ВЕРНУТЬСЯ

Көңiлiмде құлпырды көне көктем,Жүрегiмде тылсым бар елең еткен.Қызыл көйлек киiндi қызғалдақтар,Ұзатқанда қолымды  көне кеткен. Қарындастар, қайдасың гүл ұсынған,Қайта шыға келсейшi қуысыңнан!Шырқап анау аспанға кеттiңдер ме,Қарлығаштай ұшырған уысымнан! Мәңгi-бақи жүрiңдер сендер гүлдеп,Жаутаңдаймын жарамды емдер кiм деп.Сағынғанда тұрады өздерiңмен,Махаббаттың бағында сенделгiм кеп! Уәде берiп едiңдер тастамасқа,Жүрсiңдер ме қуанып асқан асқа!Сағынамын сендердi, сағынамын.Аппақ қырау түскенде қасқа басқа! Айна алдында отырып шаш тараймын,Жетем бе деп iзiнен қашқан айдың.Өздерiңнен жоқ менiң басқа жырым,Өздерiңнен жоқ менiң басқа қайғым!Тастамаймын табылса тесiк теңге,Қуанамын  даусыңды есiткенге.Адасып келген бiреу қаға ма деп,Құлып салмай қоямын есiктерге. От шығады iшiмнен жалындасам,Домбырамда перненiң бәрiн басам.Не болғаным, құдай-ау, не болғаным,Қызғалдағын көктемнiң сағынбасам?! Көктем ғой бұл. Барады жаным ысып,Көңiлiмдi қос қанат алып ұшып.Құдаймын ба, мен жалғыз, құдаймын ба,Өлейiншi бiр рет жаңылысып! Жаздар шықты, көңiлде көктем гүлдеп,Жемiсiн тат, сұрама еккен кiм деп,Қыз дегенiң – бақтағы қызыл алма,Ұзатамын қолымды  жеп көргiм кеп. Махаббаттың түспегей туы құлап,Бiреу қайта тiкпесiн суырып  ап!Махаббаттың буына тойынып боп,Мен жаннаттан кетейiн қуылып-ақ!           Қоштасамыз бiр күнi жалған менен,Сенсiз кiмге сүйенем қалған менен?!Перiштедей көз сүзiп отырғанша,Үйтiлейiн тамұқта алмаң менен!                                          24.10. 2000 ж.