ВЕРНУТЬСЯ

Сұлу да қызды көп көрдім,Сүйкімді қызды көп көрдім.Қиналдым қатты бірақ та,Қайғыңды сенің шеккен күн. Жазылмай менің кеселім,Көзімнен тамды саулап—шық.Шоқ болып мамық төсегім,Түн бойы шықтым аунақшып. Атқандай еді жауыңа,Кірпігің—найза, тебендей.Қаладың бір от жаныма,Өртені-іп өлсін дегендей! Тек жалғыз ғана осыдан,Ажалым менің жетеді-ау.Бір қыздың салған жарасы,Жазылмай енді кетеді-ау?!..                 02.ІІ.1982 жыл