ВЕРНУТЬСЯ

Бұл өмірде қуанышым тек бір сен,Бұл өмірде жұбанышым тек бір сен.Саған қарап созып едім қолымды,Қос иіннен қиып тастап кеттің сен. Бұлақ едім менің жолым бөгелді,Мұз қариды оттай ыстық денемді.Силайтұғын жүрегім жоқ басқаға,Құшақтауға құшағым да жоқ енді. Өмірімнің қызығы жоқ пәлендей,Алыс жолда шайқаламын жол өнбей.Сендіктердің бәрін алып сен кеттің,Енді ешкімге силамасын дегендей.                                 10.03.1967 жыл