ВЕРНУТЬСЯ

Мен, сiрә, өлсем-дағы қыз деп өлем,Аққудай сыңарымды iздеп өлем!Өлiп-өшiп ынтықпын сұлулыққа,Үйiмде көрмегендi дүзде көрем! Өткен қыздың қараймын аяғына,Барғым келе бередi баяғыма!Қодар сойып кетпесе игi менi,Жетемiн деп жүргенде Баяныма! Айналайын, арулар! Қайдасыңдар?!.Сырласым бар iшiңде, ойнасым бар!Алып қаша бередi қиялымдыЖалғап жүрген сендерге майда сымдар! Ақ көңiлге жақсы адам серiк болсын,Қапталыма қызды ауыл келiп қонсын!Бiреулердiң қатасын сынағанша,Әркiм өз белбеуiне берiк болсын! Сөйлей алам оңға да, терiске де,Менi өзiңнен ақылы кемiс деме!Сыншыларым дүзулеп сөздерiмдi,Айналдырмақ болады перiштеге! Ыңғай менiң сөздерiм бұрамаға,Қолай тұрам өзiм де құламаға...Тiрi тұрсам бәрiбiр бұлқынамын,Өлген күнi түсемiн рамаға!                                   2.11.1998 жыл