ВЕРНУТЬСЯ

Бiлмеймiн өңiм бе едiң,түсiм бе едiң,Мен сенi қиялымда мүсiндедiм.Маржан iздеп теңiз жоқ мен кешпеген,Қарағым, қай бақаншақ iшiнде едiң!.. Аға деген айналдым қарындастан,Қарындастар қайғымның бәрiн басқан.Махамбетте,қарағым,нем бар менiң,Махаббат деп тұрғанда қалың дастан!.. Батыр болу ағамдай арман бiрақ,Ағады басын таудан алған бұлақ.Махамбеттiң басында сөз айтқанша,Махаббат деп өлейiн жардан құлап!.. Қазақ қызы,қазақтың алды бол сен,Қуанамын өсетiн дәндi көрсем.,,Қарындастың дауысы-қараңғыда...’’Сынығымды жинарсың қарғып өлсем!.. Ағам!.. дерсiң бiр қыран түске кiрсе,Мен кiремiн бiр қазақ күшке кiрсе!..Анау менiң ағам,деп қол бұлғарсың,Маңғыстаудың көгiнен құс көрiнсе!.. Жаздым мұны жатқанда әнiм шығып,Қапталымды қаумалап қалың шыбық.Асыламын мен әлi бiрер шөпке,Кетiп бара жатқан жоқ...Жаным шығып!..                                   28.04.2003 жыл