ВЕРНУТЬСЯ

Толқын атқан теңізге бармайсың ба,Мен үйтілген бір отқа жанбайсың ба?Ақын ауызы дуалы, тілі майлы,Маған да бір көзіңді салмайсың ба?!. Тесілмей ме қара тас тамшыласам,Сайгүлігім жетпей ме қамшыласам?Басым иік алдыңда,жүзім сынық,Қалайынша сенімен қарсыласам, Дидарыңа сыртыңнан тойынайын,Жетелесең өзіңмен жойылайын,Аңдып барып Қодарың сойып кетсе,Қозы-Баян қасына қойылайын; Ақ махаббат Құдайдан тіленгенім,Сағыныштан сарғайды реңдерім.Сен болмасаң қасымда күнде өлемін,Жақсы емес пе одан да бір өлгенім?!.                                20.07.20К00 жыл