ВЕРНУТЬСЯ

Көңiлiмдi жырға бөлеп,Жолығып едiң қай күнi!..Оншалық кедей емеспiн,Өзiңдiкi жанымның барлық байлығы! Дiрiлдеп тұрған кезiмде,Жанымды нұрға бөледiң.Тоңазып тұрған сезiмге,От берiп кеткен сен едiң! Өзiңдiкi өлеңдер,Барлығы да өзiңдiкi,Қанатым!Шуағыңды жинап алып сен кетсең,Сенсiз маған қалмай ма тек қара түн!.. Қарайды сосын бәрi де маған түнерiп,Iшiнен менi ұнатпай жүрген аңдардың:Кiм болар екен қасымда,Қанатым менiң талған күн!.. Сағаттай менiң жүрегiм,Соғып бiр кеттi дүрсiлдеп.Кеттiң-ау менiң төбеме,Көгiнде бүгiнБiр жұлдыз жанып тұрсын деп!.. Рахымет соныңа да, сүйiктiм,Таң менен бүгiн бiрге аттым.Жадырап жүрген күндерiм үшiн өмiрде,Рахмет саған, ҚЫМБАТТЫМ!..                              20.12.1979 жыл.