ВЕРНУТЬСЯ

Адасқан кезде жолыңды,Өрмелеп жүрiп табасың.Қараңғы кештеқолыңды,Сермелеп жүрiп табасың! Көргенде оны жанасың,Iшкенде оны қанасың.Үйтiлемiн деп ойламай,Отқа да түсе қаласың... Әйнегiн де оның танисың,Шәйнегiн де оның танисың.Қырық мың қызыл iшiнен,Көйлегiн де оның танисың. Сөздерi оның әдемi,Көздерi оның әдемi.Әжiмi де оның әдемi,Әзiлi де оның әдемi... Жүзi де оның әдемi,Iзi де оның әдемi.Есiңнен шықпас әдебi,Есiңнен шықпас сәлемi... Қасынан өту бiр бақыт,Жаныңды кетер жырлатып.Шашының әтiр исi де,Iшiңдi кетер нұрлатып. Осыдан биiк шың да жоқ,Осыдан ойпат-терең жоқ.Осыдан биiк жыр да жоқ,Осыдан биiк өлең жоқ!..                 Қаңтар,1996 жыл.