ВЕРНУТЬСЯ

Жылат менi!Жылат, сүйіктім!Бiрақ өзiң жұбат, сүйіктім!Түнде жалғыз жүрiп шығайын,Жұлдызымды бiлiп шығайын.Екеуiмiз жанатын отқа,Жалғыз өзiм кiрiп шығайын!.. Жылата бер!Еңiреп жылайын!..Сүймей-ақ қой, сүйме ләйiм!Тек жырымды оқып жүр менiң,Мен бiлдiрмей...қарап тұрайын!.. Қина менi!Өлтiр аяусыз!..Менiң ақын екенiм даусыз!..Сүймесең де түк демейiн мен,Саған кiнә жүктемейiн мен! Тек аулақтан келiп қарайын:Жұлдыз болсам сөнiп қалайын.Өзгелердiң барын аңдамай,Арба жолда өлiп қалайын!..Өлең деген дерт дарығаннан,Құтылмадым мен налығаннан.Жақсы өлең жазған ақындар,Ақын дейсiң қай жарығаннан!.. Жүректегi жарадан құтқар,Көңiлдегi наладан құтқар.Дұшпан жаққан шаладан құтқар,Қасымдағы моладан құтқар!.. Қайғырғаннан жылаған жақсы,Сүрiнгеннен құлаған жақсы.Өзге ошақтың шамын сүрткеннен,Өз үйiңде сұлаған жақсы! Өлердеймiн сәл жырақтасаң,Қадамымды қалжырап басам.Үйде жалғыз мүлгiп барамын,Өзiң келiп...қан жылатпасаң!.. Жылан кiрдi кетегiмiзге,Қан жылайық мекенiмiзге.Қан жылайық!..Көрiсiп, жаным,Маржан толсын етегiмiзге!..Iздерiңе ерiп алайын,Көз жасыңды терiп алайын.Шаштарыңды жина оңаша,Мен оңаша...өлiп алайын!.. Кiрпiгiңдi сүртпесең болмас,Менен ендi үркпесең...болмас!Таранып ал, айнаңды қойып,Етек-жеңдi сiлкпесең болмас!.. Мақұл болар  кiдiргенiмiз,Әдiлдiкке жүгiнгенiмiз.Бiр тiктеле қойсақ осыдан,Жауды жерге сiңiргенiмiз!.. Бiлiнбесiн бүгiлгенiмiз,Тас астында үгiлгенiмiз.Көз жас емес – маржан боп шықсын,Екеу ара сiмiргенiмiз!..                        1982 жыл, Нөкiс