ВЕРНУТЬСЯ

Мен қазiр отыздамын,Алдыма да, артыма да қараймын.Алдымда бәрi деп жүрiп,Соңымда қапты талай күн!.. Бұл жастың барын бiлмей,Он бесте көп ойнадым.Жиырма жасымда да,Ерте ғой, деп ойладым. Отыздамын мен бүгiн,От-жалын көкiрегiм!..Қазiр кесiп түспесем,Ертең өкiнемiн!.. Қайралып алайын деп,Басымды тiктiм бүгiн.Сермелiп қалайын деп,Қынымнан шықтым бүгiн!.. Семсермiн!..Тат басып жатқан талайдан.Сермеле қойсам – қиямын!..Қайралып тасқа алған соң,Қыныңа қалай сиямын!.. Бәйгеге шықса бiреулер,Менiң де арқам қозады.Батады менiң жаныма,Бос өткен күннiң азары!.. ...Қашанғы отырамын,Тат басып...қынабымда!..ЖарқылдайынБауырымды жазып бiр,Жастықтың шуағында!..                24.12.1979 жыл