ВЕРНУТЬСЯ

Қарап мен райыңа,Сүймедiм көздерiңнен.Жүзiңдi бұрма, жаным,Жiбектей сөздерiмнен!                   Қайсы бiр айтқаныңды,Бiлмеймiн,тыңдамадым!Сүймедiм ерiнiңнен,Көңiлiңдi былғамадым. Кел, десең жетiп бардым,Кет, десең...көрiнбедiм.Бiлмеймiн, қай жақтардан,Жолықты сорым менiң!.. Өзiңше ойланасың,Өзiңше өртенесiң.Жадырап жүрер едiм,Азырақ еркелесең. Қызған, - де – қызғанайын,Жолыңа жүз қарайын.Қайсы бiр сөздерiмдi,Алдыңда қозғамайын!.. Сөйлес, - де – сөйлесейiн,Тiлдес, - де – тiлдесейiн.Болайын қапталыңда,Өлетiн күнге шейiн! Бүлдiрме жүрегiмдi,Құм қылма жiгерiмдi.Бiлмеймiн жыларымды,Бiлмеймiн күлерiмдi... Сағын, - де – сағынайын,Бағын, - де – бағынайын!Көнбесең ешбiрiне,Мен ендi...неғылайын!..                       11.12.1979 жыл.