ВЕРНУТЬСЯ

Өзімнен мықты кісілер,Келмейді үйге кел десем.Өздері сыңай бермесе,Олармен қалай белдесем. Шығайын десем асқарға,Ол жерде кімді көремін?!.Оқиын десем жастарға,Жақпайды менің өлеңім. Өзгеге барып... жаңылсам,Өзгеге мені сатады.Өзгеге барып жалынсам,Өзгелер менен жатады. Гүлдерден букет жинаймын,Кімдерге оны сыйлаймын?!.Қыздарды күнде толқытқан,Балалық шақты қимаймын. Қайдасың менің жастығым,Қайдасың менің мас күнім?!.Біреудің аңдып қозысын,Бұғады іште қасқырым. Отызға келмей ортайып,Болдыңдар неге самарқау.Оңайын қазір таппасаң,Сөнеді бір күн жанартау... Күндердің күні келгенде,Адасу керек адамзат.Жақындап бірі біріне,Жанасу керек адамзат.Махаббат деген адал зат,Махаббат деген адал зат! Жасқаншақ болма, тартынба,Сен қазір аппақ арайсың.Жарқылдар кезде жарқылда,Сен ертең жарқылдамайсың...