ВЕРНУТЬСЯ

 Әдемісің-ай! Әдемісің- ай!Менің үшін сұлулық әлемісің-ай!Қымбаттысың-ай! Сымбаттысың-ай!Шырқыратқан жанымның әлегісің-ай! Көзің—жұлдыз! Кірпігің – қара мақпал,Қара мақпал артында ғаламат бар!Жақсы өлең қанменен жазылады,Жаралап қал қанымды! Жаралап қал!.. Әдемісің-ай! Әдемісің-ай!Шырқыратқан жанымның әлегісің-ай!Өлер болсаң орныңа өзім кетіп,Қалдырайын мен сені әлем үшін-ай! Қара емес, көздерің – қарақаттан!Мына өмірдің қаймағын жаңа татқан!Еріндерің қанынан қызғалдақтың,Сүйісем деп... кішкентай жара тапқан! Әдемісің-ай! Әдемісің-ай!Әдемінің барлығы - әлем үшін-әй!Салыстырып көрейін қапталыңнан,Рафаэль жаратқан қане мүсін-ай?!. Гүл екенсің, қарағым, мен үзгендей,Он сегіз жыл сүтпенен емізгендей!Сен отырсаң болғаны қапталымда,Мен лайым өлейін теңіз көрмей!                         13.12.1999 жыл