ВЕРНУТЬСЯ

Сұлу маған ұнайды, қыз ұнайды,Қыздар еске салады қызыл айды.Қыз шығарсам жетелеп оңашаға,Ауыл-елдің иттері құжынайды. Сөз де болдым-ау,Көз де болдым-ау.Түніменен жүретінКезбе болдым-ау!Ойнайтұғын көшеңненҚуып салып,Ауыл-елдің итінеЖезде болдым-ау! Етің жібек, беттерің айдан аппақ,Көрсем көзім кетеді тайғанақтап.Қашан көрсең ізіңде көлеңкең боп,Кете алмаймын қасыңнан айналақтап. Сүйреледің-ау,Жетеледің-ау,Сүймегенде тастап-ақ,Кетер едім-ау!Қалам ба деп мен сенсіз,Қорқамын ғой әй,Басқа болсаң түбіңеЖетер едім-ау! Қайтесіңдер, арулар, тілден алып,Кетпейсің бе менімен бірге қалып.Өлмейсің бе шешеңнің таяғын жеп,Өкінгенше үйіңе түнде барып!Қорқып өттім-ау,Тентіреттің-ау.Еркімді алып қолымнан,Кемпір еттің-ау.Айналдырдың-ау,Сандалдырдың-ау,Қаша қоймай менімен,Ертіп өттің-ау! Мен ұнатқан арудың балтыры аппақ,Ұялтады көзімді жалтырап қап.Ойымды оқып тұрғандай дүйім халық,Зорға келем қасыңа қалтырақтап. Сөз де болдым-ау,Көз де болдым-ау.Түніменен жүретінКезбе болдым-ау!Ойнайтұғын көшеңненҚуып салып, эй,Ауыл-елдің итінеЖезде болдым-ау!