ВЕРНУТЬСЯ

Мен сені ұнатамын,Сен бірақ менсінбейсің.Қолыңмен жаққан отқа,Өртеніп өлсін дейсің! Қараймын үміт пенен,Қараймын ажарыңа.Көнемін қайғың менен,Көнемін азарыңа. Сен маған үлкендейсің,Мен саған титімдеймін.Ізіңнен еріп жүрген,Аңшының итіндеймін! Әр күні жүрегімді,Қинайсың асып-атып.Тастарға сүйрелейсің,Қанымды шашыратып. Тамшылап қызыл қаным,Боядым тастың бәрін.Мен сенің тағаланған,Өкшеңнің астындамын! Құлыпта есігіңді,Айнаңды жауып таста!Қойғанша ақіреттеп,Басымды шауып таста!                         1995 жыл