ВЕРНУТЬСЯ

Айсберг мұздарды,Жарып өтiп келемiн.Iшiңдегi ызғарды,Кептiредi өлеңiм. Құлағыңның құрышын ,Қандырады өлеңiм.Өзгеге де азғантай,Қалдырады...өлеңiм. Аруларды көргенде,Кәдiмгiдей қысылам.Балауызбын қысқанда,Саусағының ұшынан!.. Өз ойымша баяғы,Ақ көйлектi баламын.Есiгiмдi қағып тұр,Сағынғанда,қарағым!.. Елжiреген екеудiң,Iзi қалсын...шалғында.Көргендерiм артымда,Көрмегенiм алдымда!..Әрi кетпе,арайлым,Әжетiңе жараймын.Тебiренген кезiмде,Теңiз жаққа қараймын!.. Мен өлейiн,сен өлме,Сен керексiң өлеңге.Өшсе менен махаббат,От қалмайды денемде. Айналайын,нәзiгiм,Махаббаттың сазымын.Таңбағанша табытқа,Таусылмайды жазуым. Қарындасым,көнерме,Сен керексiң өлеңге.Махаббатты жаратып,Махаббатсыз өлем бе!.. Орындарың бiлiндi-ау,Орындарың бiлiндi-ау!..Сою керек тұлпарды,Сүрiнбестен бұрындау!..              14.09.2000 жыл.