ВЕРНУТЬСЯ

Мен сен үшiн сар желiп, атан шаптым,Македониядан таба алмай жиһан шаптым!Екi жарым мың жыл iздеген Жылтырағым,Жатырмысың iшiнде бақаншақтың!.. Мен сен үшiн тұрғыздым Тажымақал,Болмады жалғыз ауыз назыңа пар.Мен сен үшiн жаздырдым миллион кiтап,Бiр сұлудың болмады өзi қатар!.. Мен саған не iстемедiм жағу үшiн,Аманбысың,армысың,Сағынышым!Дүниенiң жиналған бар байлығы,Кеттi сенiң бойыңа тағу үшiн!..Аяғыңа тастадым қалаларды,Сыйға тарттым тартуға жарағанды!..Мен Сенiң жүрегiңе жету үшiн,Қолдан келген жасадым бар амалды!.. Сен десем, мен басымнан тәжiмдi алам,Аяғыңа тiз шөгiп назыңды алам.Мен сенi отырғызып өз тағыма,Үстеліңнің түбiнде жазым болам!.. Қуан десең қуанам сенi менен,Тәжiм, тағым, шығатын төрiм-өлең!Оны да мен бiр ғұмыр жинап-жинап,Қолына бiр сұлудың берiп өлем!..                                               20.07.2000 жыл.