ВЕРНУТЬСЯ

Сағыныш, саған деген махаббаттан...

Жеткен жоқ бар өмірім шәй қайнауға,Жаралған жан екенмін қайғы ойлауға.Сен кеткен басқа ауылдың аржағынан,Мен саған даусым жетпес айғайлауға. Арада ағады өзен лайланып,Өтпесім өзім түгіл, былайға анық.Сағыныш,саған деген махаббаттан,Барады басым менің шыр айналып. Өмірдің соңы қырау,басы көктем,Ешкім жоқ бұл тағдырдан қашып өткен.Шөлдетіп су бойында сөл тамызбай,Қай құдай мені саған ғашық еткен?!.Қайғыңнан күшік құсап  қыңсылармын,Өлмесем қайта өмірге құлшынармын.Күйгеннен өзің жайлы  өлең жаздым,Отырып саясында бір шынардың. Күйдірмей шықсаң қайтті берілеуге.Айналдым езілгеннен еңіреуге!..Қ

Күндегіден, қарағым, жүзің суық

Қызғанады біреулер әлденесін,Сен де,сұлу,кемді күн сәнденесің!..Ақ найзағай төбеңнен соққан кезде,Бір білесің өмірің мәңгі емесін. Жаншы бүгін,көңілімді алшы бүгін,Аман-есен бармысың,талшыбығым!Келем десең өз еркің өз қолыңда,,Кетем десең жоқ оған қарсылығым!.. Бар көктемнен өзгеше мына көктем,Жолаушыға қараймын  қылаң еткен.Күндегіден,қарағым жүзің суық,Арамыздан сияқты жылан өткен. Ана жерді қар жатыр...мақтаға орап.Жылан жылжып барады қаққа қарап.Жарты ғалам жақсылау түс көреді,Астындағы сұлтанның таққа қарап!.. Жаймашуақ әлемді көрікті еткен,Жапыраққа жан кірді келіп көктем.Алжыған шал 

Ақында жан қайғы жоқ...

Түсіме бүгін тағы кірді көктем,Жанымды баяғыдан ділгір еткен.Жаймашуақ соңында барады екем,Қолға алып жүрегімді дір-дір еткен. Жүрегім күншуаққа қандай құмар,Ақында жан қайғы жоқ,ән қайғы бар!..Сен менің қапталыма келші,жаным,Қалбайды күшің болса Қалбай қылар. Сағынып бұрмалатқан бұрымыңды,Мен бүгін ой ойлаймын ірі, құнды.Сұлуыңды қайтейін,жылуыңды,Мен сенің сағынғанда... қылығыңды... Қыздардың осы күнгі шашы қысқа,Жинақы болу үшін...

Бауырым

Аузымдағы қақпақты,Алып таста,бауырым.Төмен болсам басымды,Жарып таста,бауырым. Шығар мені жарыққа,Айтарым бар халыққа.Әлсіз болсам табытқа,Таңып таста бауырым!.. Мен өлейін,сен өлме,Досты жауға берем  бе,Тартсам сені төменге,Шалып таста,бауырым!..                        2001 жыл.

Автопортрет

Қай пенде, ұқсаймын деп қай малғұнға,Мінеки,қарап тұрмын айна алдында!..Әлпетім сүрлеуіндей борозданың,Білмеймін,ет тартқышқа шайналдым ба?!. Жас кезде сұлу едім,шырайлы едім,Балауса балдың дәмін сұрайды ерін.Мен өзім кінәлімін,ешкім де емес,Қартайып қалғаныма бұлай менің?!. Маңдайым ит сүйреген шимақпалдай,Сонша жыл жүргем қалай қирап қалмай.Той,жиын,мерекеге барғанымда,Ел-жұртты сүлдерім жоқ силатқандай!.. Шаш бурыл,сақалым ақ,мұртым қара,Мұңайдым қырау түсіп нұр тұлғама.Алдына қалқатайдың барар едім,Құдайым жас қып қойса бір күн ғана.Нұр тасып кететіндей сұрланбасам,Бұлт басып кететіндей

Страницы