ВЕРНУТЬСЯ

Қай пенде, ұқсаймын деп қай малғұнға,Мінеки,қарап тұрмын айна алдында!..Әлпетім сүрлеуіндей борозданың,Білмеймін,ет тартқышқа шайналдым ба?!. Жас кезде сұлу едім,шырайлы едім,Балауса балдың дәмін сұрайды ерін.Мен өзім кінәлімін,ешкім де емес,Қартайып қалғаныма бұлай менің?!. Маңдайым ит сүйреген шимақпалдай,Сонша жыл жүргем қалай қирап қалмай.Той,жиын,мерекеге барғанымда,Ел-жұртты сүлдерім жоқ силатқандай!.. Шаш бурыл,сақалым ақ,мұртым қара,Мұңайдым қырау түсіп нұр тұлғама.Алдына қалқатайдың барар едім,Құдайым жас қып қойса бір күн ғана.Нұр тасып кететіндей сұрланбасам,Бұлт басып кететіндей нұрланбасам.Мен дағы адам құсап жеңіл ойлап,Болмай ма аракідік жылмаңдасам?!. Ауызым арыстанның апанындай,Мақалым Мұзағаңның мақалындай.Білмеймін,елім-жұртым,қалай жүрем,Өмірде мен ешкімді қапа қылмай?!. Мына күн көп күттірді-ау жылтың етпей,Өмірім өмір емес сұр түнектей...Адам көңілі-доңыздың күркесіндей,Мұнараны көрмейсің сыртына өтпей... Кейде адам... сырты- түнек,іші нұрлы,Ішімнен шеккен қайғым түсіме ұрды.Жасырып өз бойымды арғымақтай,Мен кейде көрінбеймін кісі ғұрлы...Сақалым өскеніне бір ай ғана,Қайғының белгісі ұрған шырайға да.Сылаймын безеу басқан беттерімді,Апырым-ау не болған деп мына айнаға. Күн болсам өз жарыма  жаранар ем,Нұр беріп денсаулығын жаңалар ем.Сақтап жүрген шыршасын қайта тіктеп,Жаңа жыл өтер ме екен Тамарамен?!. Мәңгілік қоймайды өмір бала қылып,Көңілге ұялайды қара күдік.Солай деп... кешіріммен өзіме өзім,Айнаға қарап қоям аракідік!.                      25.ХІ.2010 жыл.